Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 173)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

16 КООПЕРАТИВ МҮШЕЛЕРІН ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ

Арыс қаласында өңір кәсіпкерлерін бірігіп жұмыс жасауға шақыратын «Бірлік түбі – береке» атты ақпараттық түсіндіру акциясы өтті. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы ұйымдастырған акцияның мақсаты өңір шаруаларын барынша бір кооперативке біріктіріп, облыс экономикасын дамыту. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерді бірігіп жұмыс жасауға шақыру, оларды қолдау мақсатында компания аудандар бойынша тұрақты түрде көшпелі жиналистар мен семинарлар өткізіп келген. Дегенмен бұл жолы насихаттау, түсіндіру ...

Толығырақ »

ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ ТУДЫ

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ...

Толығырақ »

РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛМАҚ

Шымкентте шығарылған аяқ киімдерге бүгінде сұраныс артып, импортты алмастырып келеді. «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен ел нарығында сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалады. «Заря» деген сауда белгісімен өнім шығаратын цех ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киім шығарады. Қазіргі заманға лайықты 180 модель тігіледі. Өнімдер шетелдіктен еш кем емес екенін айтқан ...

Толығырақ »

САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

20 қыркүйек күні Астана қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ-тің көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының, ЕҚЫҰ, БҰҰ жанындағы әйелдер ұйымының қолдауымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан әлеуметтік сала мамандарының форумы өтеді. Форумды өткізудегі мақсат – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлін нығайту, қазіргі заманғы қоғамдағы олардың рөлін тану, саланың дамуының негізгі ұстанымдарын айқындау және тәжірибе алмасу. Әлеуметтік саланы ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА

Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады. Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған бұл конкурсқа облыстағы аудан, қаладан 10 өтінім келіп түсті.  Әлеуметтік жобаларды қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар және заңды тұлғалар ...

Толығырақ »

ДОМБЫРАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электронды нұсқасын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңізге келсе, тегін  жүктеуге де мүмкіндік туып отыр.  «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстікқазақстандық  ІT маман  Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық ...

Толығырақ »

ТАЗА СУ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен түркиялық «DOGUS» Constraction компаниясы арасында «Өгем» өзенінің суын бұру мақсатында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, одан кейін жобаның техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстарының кезеңдері басталады. Бұл туралы түрік компаниясының өкілдері облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың алдында ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ БІРҚАЛЫПТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын тұрақтандыру іс-шаралары өз нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда облыста бағаның күрт құбылуы тіркелмеді. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады. Олардың айтуынша,  2017 жылдың шілде айындағы азық-түлік инфляция деңгейі облыста 99,8%-ды құрайды. Оның ішінде азық-түлік тауарларының тұтынушылық бағасының индексі – 98,3%, азық-түлік емес тауарлар ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, дипломатиялық дәрежесі — атташе. Сондай-ақ, төрт тілді меңгерген. Еңбек жолын 1983 жылы ҚазССР Ғылым академия сейсмология институтының инженері ...

Толығырақ »

«QAZAQ ARBASY»-ЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтай білу арқылы ұлттық сананы жаңғырту жайын айтқан еді. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген-ді Мемлекет басшысы. ...

Толығырақ »

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ СУРЕТШІЛЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің үлкен мəжіліс залында облыстық мəдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың қатысуымен «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ХХ-шы TURKSOY ұйымына мүше елдер суретшілері пленэрі бойынша дөңгелек үстел өтті. Пленэрдің мақсаты – Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау мақсатында түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген өнер ...

Толығырақ »

ЗАУЫТ САЛУДЫ ҚАРАСТЫРУДА

Біріккен Араб Әмірлігінің «Schneider & Danzey FZC» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт құрлысын салуға ниетті. Бұл туралы аталған компанияның басшылары Йорга Шнайдер мен Крейг Дензидің Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім болды. Кездесу барысында қонақтар өңір басшысына компания туралы толық ақпарат беріп, іске асырылғалы отырған инвестициялық жобасын таныстырды. 25 жылдық тарихы бар ...

Толығырақ »

5 ЖОБА ІСКЕ АСҚАН

Қазығұрт ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 28,5% артып, 91 млрд. теңгені құраса, осы жылдың алты  айында 33,2 млрд теңгені құраған. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген  жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын ...

Толығырақ »

ТАУҒА ШЫҚҚАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

2017 жылғы 14 тамызда сағат 13:31-де Төлеби ауданы, Сайрам-су тауларында «Кіргелі» шатқалында 1985 және 1986 жылы туылған азаматтар 12 тамызда тауға шығып, қайта оралмағандығы және байланысқа шықпағандығы туралы хабар келіп түскен. Сағат 14:25-те хабарды алысымен, жедел-құтқару жасақтың жеке құрамында 5 адам және 1 техникасы көрсетілген мекенжай бойынша шығып кетті. Оқиға орнына сағат 16:27-де жетіп келіп, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Словакия Республикасының арасындағы экономикалық қарым-қатынас одан әрі дами түспек.  Екі жақты әріптестік әлеуетті арттыру мақсатында шетелдіктер өңіріміздегі денсаулық сақтау мен туризм саласына инвестиция салуға дайын. Бұл туралы  Словакия Республикасының ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза бастаған делегация мен  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың кездесуінде мәлім болды. Делегация құрамында Словакияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрметті консулы ...

Толығырақ »

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін аймаққа айналдырған «Достық» каналының арнасынан биыл су кеткен жоқ. Бастауын Өзбекстаннан алатын каналдан келетін су бұған дейін жаз ортасында мақтаралдық диқандарға жетпей, шаруалар шаш етектен шығынға батып, төккен терлері текке кететін. Мақтаарал ауданында 136 мың гектар суармалы жер бар. Биыл ақ алтын алқабының көлемі біршама ұлғайтылып 94 мың гектар жерге мақта егілген. Аудан әкімі ...

Толығырақ »

73 МЫҢ БАЛА 1-СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр.  Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті. Баспасөз ...

Толығырақ »

3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік палатасы бизнеспен айналысқысы келетін жеке тұлғаларға қаржылық емес қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.  Атап айтқанда,  2015 жылдан бүгінгі күнге дейн палата тарапынан  13 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері тегін қызмет түрлерін алған. Ал, биылғы  жылдың басынан  3 мыңнан аса кәсіпкерге  5491 қызмет түрі көрсетілді. Бұл туралы бүгін өңірлік палатаның директоры Асқар Әбубәкіров ОҚО ...

Толығырақ »

БІР АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бірқатар тапсырмаларды іске асыру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Таяуда күнгейлік жұртшылық рухани жаңарудан бұрын, ең алдымен, қоғамдық сананы жаңғырту, яғни оны тазалықтан бастау қажеттігін ескеріп, облыс көлемінде арнайы сенбілік ұйымдастырды. 34 мыңға жуық адам мен 250-ден астам техника жұмылдырылған шарада 915,8 шқ. көше бойлары мен 391,15 шқ. жаяу жүргіншілер жолы, 196 840 ...

Толығырақ »

ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУДЕ

Кәсіпкерлік саласымен түрленіп, кәсіпкерлікті дамытуды жолға қойған Сайрам ауданы ендігі кезекте өсімдік майын өндіруді қолға алған. Бұл өңір өнеркәсіптің екі бағытын да дамытуда. Атап айтқанда, аудан өнеркәсібінің 84%-н өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өнім көлемі артты. Және бар резервтерді пайдалану есебінен аудан экономикасы көтеріліп, белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 13977 бірлікке жетсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім ...

Толығырақ »

КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАМАҚ

Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданынан 200 МВт-тық энергия өндіретін күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Бұл туралы қытайлық «Циндао Бэйхай» компаниясының арнайы өкілі Минг Ие Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім етті. Кездесу барысында жергілікті билік аталған жобаны жүзеге асыруға қажетті 300 гектар жер телімін бөліп, барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін болып келісілді. Сондай-ақ екіжақты келісімге ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ҚҰНДЫ ТАРИХЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады. Руханият саласында талай жылдардан бері түрлі зерттеулер жүргізіп келе жатқан әдебиет зерттеушісі облыс басшысын соңғы уақытта жарыққа шыққан еңбектерімен таныстырып, Оңтүстікке қатысты шығармалар топтамасын ...

Толығырақ »

БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУҒА НИЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгриядан келген бір топ делегациямен кездесті. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени байланыстар төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Өңір басшысы қонақтарға Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық даму қарқынын баяндап, шетелдік инвесторларға көрсетілетін ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қостанай облысындағы Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор Әбдірахман Найзабековты қабылдады. Кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті. Әсіресе, облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі өзі басқаратын оқу орнына шақыра келген қонақтың ұсынысын құп көріп, ...

Толығырақ »

6 АЙДА 139,1 МЛРД. ТЕҢГЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд. теңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы ...

Толығырақ »