Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 6)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ҮШ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп жатқан жылыжай жұмысымен танысты. Жамбыл ауылының тұрғыны, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен өткен жылы жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген. Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. ...

Толығырақ »

САНАЛЫ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

«Sanaly urpag» жобасы аясында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері» атты вебинар ұйымдастырылды. Онлайн шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы республикалық «Sanaly urpag» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Тоқышев, Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, Ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, Университет басшылығы ...

Толығырақ »

КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Еліміздегі үшінші мегаполисті көріктендіру және абаттандыру бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда Қонаев пен Иляев көшелері қиылысы және Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шәмші әлемі аллеясы мен Чернобыль апатынан қаза болғандарға арналған аллея көркейтіліп, Әл-Фараби алаңы (орыс драма театрына басты кірер есік алды) қайта жаңартылмақ. Бұдан бөлек, Орталық стадион аумағындағы БТЖ Тұлпар станциясының ...

Толығырақ »

МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай, 2020 жылғы 17 сәуір және 26 мамыр аралығында «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы өткізілді. Республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауына республикамыздың басқа да облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, өтініш білдірген. Жалпы байқауға 87 жас қаламгерлер қатысып, топтан жарып ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ АЛЫС ЕМЕС

Үшінші мегаполистің Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев бүгін қаладағы коронавирус инфекциясына қатысты ахуалды баяндады. Брифингте коронавирус індетін жұқтырған науқастар мен қаладағы COVID-19 инфекциясының алдын алу шаралары айтылды. – Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырға COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. 732 жағдайдың 22-і сырттан келіп тіркелген (13-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 1 ...

Толығырақ »

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент коронавирус індетіне қатысты өз пікірін білдірді. — Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті, — деді Мемлекет басшысы. Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ҚҰНЫ АРТАДЫ

Бүгінгі Ұлттық кеңесте көтерілген мәселелердің бірі оқытушылардың еңбегінің маңыздылығы жөнінде айтылғаны көңілге қонды. Президенттің әсіресе, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарды ынталандыру шараларын қарастырдық деуі бізге күш-жігер бергендей болды. Егер Үкімет мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін жолға қойса, онда оқу орындарындағы айтылып жүрген жемқорлық мәселесі туындамас еді деп ойлаймын. Президенттің «білім гранттарының орташа ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ БЕДЕЛІ – БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІНДЕ

27 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысындағы айтқан сөздерін мұқият оқып шықтым. Ел Президенті әуелі қазірге дейінгі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, болашаққа жасар нақты қадамды айшықтап берді. Педагог ретінде білім беру мен ғылымды дамытуды және оқулыққа қатысты айтқан сөздері көңілімнен шығып, өскелең ұрпақ үшін төбем көкке жетті. Білім саласында өркениетті елдердің көшінен қалмау үшін қазірге дейін ...

Толығырақ »

ЕКІНШІ МӘРТЕ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖЕТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, деп жазады «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді ...

Толығырақ »

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдаймын. Бұл жоба ауылдық елді мекендерге мамандарды бекіту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын әлеуметтік қызметті жақсартып, ауыл және қала халқының өмір сүру сапасындағы алашақтықты азайтуға жол ашпақ. Ауылдағы жас жеткіншектердің білім сапасы төмендемеуі үшін, науқас жандардың көбейіп, ана мен бала өлімін алдын алу үшін, ...

Толығырақ »

МАМАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ел Президенті ақ халаттылар жайлы жақсы жаңалық айтты. Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа табыстан 2,5 есе артық болуы керек екенін жеткізді. Одан бөлек, бұл жоспар 2023 жылға дейін іске асуы қажеттігін тілге тиек етті. Бұл дегені – Мемлекет басшысы медицина саласындағы мамандардың қажырлы еңбегі ескерусіз қалғанын қаламайтынын аңғартады. Осы ретте Қ.Кемелұлы: «2010 ...

Толығырақ »

ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан су шайған үйлер бой көтеруде. Апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, бүгінде 28-нің іргетасы қаланған. Құрылысшылар бірнеше үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткен. Жергілікті деңдейдегі төтенше жағдай салдарынан қиындыққа кез болған тұрғындар көп ұзамай баспаналарына қайта оралатын болады. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді. «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен ...

Толығырақ »

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Шараның мақсаты- топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту. Дәл қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға ...

Толығырақ »

НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАДЫ

Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша төрт жүздей адам бизнестің қыр-сырын меңгерді. Жеке ісін ашуға талаптанған аудан тұрғындарына барлығы 1 млрд 343 миллион теңге несие берілді. Несие алып кәсібін бастаған азаматтар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыр. Соның ішінде жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет ...

Толығырақ »

ШІЛІКТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шілік ауыл округі әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылардың отырысы өтті. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңы аясында өткен таңдаушылар отырысына 13 сайлау округтерінен сайланған аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жиын басталмас бұрын аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов сөз алып, №12 Жамбыл сайлау округінен депутат болып сайланған, мәслихат сессиялары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ АРТАДЫ

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында білім саласына қатысты біршама мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екендігін де алға тартты. Педагогикалық мамандықтарға сұранысты арттыру мақсатында шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетінін айтты. ЖОО оқытушыларының еңбекақысы көбейтуді де тапсырды. Президент осылайша бүгін білім саласын жетілдіру тетіктерін қозғап, алдағы уақытта атқарылар шараларды нақты атап ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАН САУАЛ ТУЫНДАСА…

7 Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды (орталықтың ауласында) бастады. Орталыққа келуді жоспарласаңыздар міндетті түрде бетперде тағуды ұмытпаңыздар! Әлеуметтік көмек бойынша алдын ала сұрақтарыңыз болса, әр аудан бойынша тиісті мамандардың байланыс телефондарына хабарласуға болады. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША: Қаратау ауданы ...

Толығырақ »

6 ТОННА ТАУАРДЫ ТӘРКІЛЕДІ

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Қапланбек» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді заңсыз алып өтпек болған бірнеше әрекеттің жолы кесілді. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен кезде жүк көліктерін бос деп көрсеткен. Алайда кедендік тексеру кезінде ведомство қызметкерлері автокөліктерден азық-түлік пен әртүрлі заттарды тапқан. Онда 137 ...

Толығырақ »

ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды. Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары ...

Толығырақ »

«БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КЕҢСЕСІ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақын күндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің дайындық жұмысымен танысты. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жобасын әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда қала кәсіпкерлері мен инвесторларға «бір терезе» негізінде мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Бұл жоба- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге ...

Толығырақ »

ҚҰБЫР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында «АБН Альянс» ЖШС-ң полиэтиленді труба шығару цехі өз жұмысын бастады. Жобаның құны 600 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы. Онда бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізіп, жобаны ...

Толығырақ »

ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ҚОЙЫЛА БАСТАДЫ

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер алдымен Қаратау ауданына қарасты Алматы көшесіне қойыла бастады. Жаңа заманауи үлгідегі қондырғыларды қоқыс тасымалдаумен айналысушы мекеме «Эко Спец Транс» мекемесі тарапынан орнатылды. Алматы көшесі — қала аумағындағы орталық көшелердің бірі. Осы орайда аталған көше тұрғындарына қоқыс шығар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін және қоршаған ортаның тазалығы басты назарда екенін ескере отырып жүзеге асырылды. Алдағы уақытта өзге ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн-брифингте Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қаламызда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. – Еңбек Кодексіне 131 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңарды. Осы өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті. Брифингте белгілі болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 04.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған. Бұл Заң еліміздің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық ...

Толығырақ »