Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 2)

Көкейтесті

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Зейнетақы төлемдерін Egov.kz арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болады 2020 жылы індеттің басталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібін жеңілдетті. Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтінішті Egov.kz портал арқылы онлайн беруге болатынын ескертеміз. Egov.kz арқылы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін төменде нұсқаулық көрсетілген: — Egov.kz порталда ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз. — «Сервистер» бөлімінде «Электрондық өтініштер» санатынан «Қызметке онлайн тапсырыс ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕГЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН ДЕПУТАТ

Әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Мусаев Нүркен есімді қала тұрғыны Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Құртаев көшесінің жол мәселесі бойынша  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташкараевтың парақшасына қалдырған. Халықпен кері байланыс орнату мақсатындағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында тұрғынның өтінішіне бей-жай қалдырмаған халық қалаулысы лезде сол жерден табылды. Тұрғынның көтерген мәселесі қалалық ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташкараев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында салынған мекемеде балаларға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетілетін хирургиялық, травматологиялық педиатриалық- саматикалық көмек көрсетіліп келеді. Мекеме толықтай керекті медициналық ...

Толығырақ »

ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ

ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҒИМАРАТТАР ҰЛЫ КҮЙШІЛЕРДІҢ ПОРТРЕТТЕРІМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта өтті. Десе де, екі ерекше оқиға мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Шаһардағы «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимараттарына поп-арт стиліндегі ұлы күйшілердің үлкен портреттері ілінді. Осылайша, билік аңызға айналған Құрманғазы, Дина, ...

Толығырақ »

АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті. Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері  жөніндегі басқарма басшысы Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы және Шымкент қаласының ...

Толығырақ »

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ПРОБЛЕМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ.

Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Ал үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін өткен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі кеңестерінің бірлескен отырысында Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева баяндады. Отырысқа «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Бектаева, қоғамдық кеңес төрайымдары К.С.Айдарбекова, Б.Қ.Исабек, ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ЖАСАҚТАЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» марафоны аясында HALYK қайырымдылық қорының демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері жасақталды. Қайырымдылық марафоны шеңберінде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне, мұқтаж 1000 отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізеді. Марафонның ең басты мақсаты – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау. «Алдағы уақытта «30 игі іс» қайырымдылық акциясына орай түрлі форматта ауқымды ...

Толығырақ »

КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде: партияның аймақтық филиалы мен фракция мүшелерінің алдағы кезеңге арналған қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттері, фракция мүшелерінің партия жарғысын орындауы мен партия этика кодексіне сәйкес міндеттері, Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жұмысын жандандыру ...

Толығырақ »

ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді. «D-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды. Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие ...

Толығырақ »

«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

« » Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті ...

Толығырақ »

«JASTAR — OTANGA!» ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ!

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Мәжілістің күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының тиімді жүзеге асырылуы мен «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының «Жастар – Отанға!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын ...

Толығырақ »

МҮСІН ӨНЕРІНІҢ ХАС ШЕБЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстандық көрнекті мүсінші Дәурен Әлдековтың 70 жасқа толуына арналған жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, монументалист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Насыр Рустемов, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Абдуахат Муратбаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ...

Толығырақ »

«ДОМАЛАҚ АНА» ОПЕРАСЫ МА, «МАЙРА, САЙРА!» ОПЕРАСЫ МА?

Сөз жоқ, Майра Мұхамедқызы батыл қадам жасады. Қолынан келмесе де, жаңа операны сахналауды мақсат тұтты да, орындап жіберді. Дегенмен, қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын!» деген сөз бар. Әрине, Шымкент жұрты операны түсіне бермейді деп, шикі дүниені де паш ете салуға болады. Біз Миландағы Teatro alla Scala немесе Париждегі Grand Opéra көрермені емеспіз ғой. Бізге өз салт-дәстүрлерімізді де бұрмалап ұсынуға ...

Толығырақ »

ЗАҢДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

  Өрт – салғырттық пен қателікті кешірмейтін, әрі салдары қайғылы аяқталуы мүмкін қауіпті жайт. Мұндай сәтте сабырлық сақтап, материалдық залалды азайтуға және адам өліміне жол бермеуге бағытталған қауіпсіздік талаптарын орындау маңызды. 2 наурызға қараған түні «Тұлпар» базарында орын алған өртте де осылай болды. Оқиға орнына келген Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жанып жатқан базар ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында үшінші мегаполистың автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ержан Жақсылықұлының ...

Толығырақ »

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстаның дамуы мен өркендеу жолында басты рөл атқарып, жүйелі істердің арқасында халықтың зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясына 22 жыл толды. Осы мерейлі датаға орай «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «нұротандықтарды» мерекемен құттықтап, жаңа бастамаларды жүзеге асыру жолында сәттілік тіледі. –Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

НАШАҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ!

Нашақорлық мәселесі бүгінде әлем бойынша аса өткір де, өзекті де мәселеге айналып отыр. Ол тек медициналық тұрғыдан ғана емес, жалпы әлеуметтік тұрғыдан да көкейкесті мәселенің бірі болуда. Себебі, нашақорлыққа тәуелді он адамның тоғызының іс жүзінде толық емделіп кетуі екіталай. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін де өмір сүрмейді. Есірткіні пайдаланушылардың басым бөлігі 18-30 жас аралығындағы жастарды құрайды. Алайда, өкінішке орай, соңғы ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Әжімұхан Шынтаевтың қатысуымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және шақыру учаскілеріне тіркеу тәртіптері бойынша баспасөз мәжілісі өтті. Брифинг барысында Әжімұхан Қалмаханұлы азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау туралы сөз қозғады. – Биыл Шымкентте 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланды. Ал әскери қызметке ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің қатысуымен кеңес өтті. Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақ ұйымдарының жаңа басшылары ұжымға таныстырылды. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болып Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы тағайындалды. Бауыржан Әлтеев 1955 жылы 9 қыркүйек күні Онтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге ...

Толығырақ »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖҮЗ АДАМ БОЛСА, ЖҮЗ ТҮРЛІ ПІКІР БОЛАДЫ… “Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі жолымыз қаламыздағы Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекені мен қала маңында орналасқан Ақжар ауылына түсті. Республикамыздың бас партиясы “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген топқа жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұрлыбаев Тасқынбай, жеке ...

Толығырақ »

БАЗАР ІШІНДЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп жатыр. Жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұрлыбаев Тасқынбай, жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, “Асыл Әлем” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Қобланова, жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, “Главстройнаб Алматы” ЖШС директоры Нұрдаулет ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ

Қазыналы оңтүстіктің  кие қонған жерлері жетерлік, өңірде әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб кесенелері  Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан  Сауран, Түркістан, Отырар, Шымкент, Сайрам тағы да басқа да елеулі жәдігерлеріміз орналасқан. Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Бабтардың бабы Арыстан баб  деген тіркес оңтүстіктің әулиелі, киелі орындар мекені екендігін айғақтайтындай. Соның ішінде іріктеліп, таңдалып, талғанып барлығы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті шымкенттіктер, көлік жүргізушілері! Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, қаладағы кептелісті ретке келтіру мақсатында Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады.  1-кезең бойынша, (15.10.2020ж. – 31.12.2020 ж): Қонаев көшесінің шығысы, Рысқұлов көшесінің оңтүстігі. Қонаев көшесінің шығысы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Қонаев көшесінің батысындағы 4 жолақта 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады. ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

Аудан көлемінде 2 бірлік құс етін өңдеу кәсіпорыны, 1 бірлік шұжық цехы және 2 бірлік сүт өңдеу кәсіпорны (1 бірлік ірі қара мал сүтін өңдеу, 1 бірлік ешкі сүт өнімдерін өңдеу) жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында өндірілген 5456 тонна күрке тауық етінің 4364,8 тоннасы, яғни 80 пайызы, 1004,5 тонна тауық етінің 703,1 тоннасы, яғни 70 пайызы, 180 ...

Толығырақ »