Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 30)

Көкейтесті

«ЫСТЫҚТАУДЫҢ» РЕТІ ЖОҚ

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда қазақ-қырғыз елдерінің тату көршілігіне сызат түсіріп, ағайындық қатынастарға зардабын тигізетін мәлімдеме жасауы – ел басшысы үшін өрескел әрекет болды, әрине. Дегенмен, дәурені өткен Атамбаевтың сөзі үшін «ыстықтаудың» еш реті жоқ. «Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың спекуляциялық үндеулеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының үкіметі ...

Толығырақ »

КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КАРТАСЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық Жобалық кеңседе БАҚ және блогерлердің қатысуымен кеңсе тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттауға байланысты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты – жобалық офистің бір күнгі жұмысымен танысу, пікір алмасу, тың идеялар жөнінде ой бөлісу және облыс көлемінде атқарылған іс-шараларды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жариялаудың жолдарын қарастыру. Бүгінде өңірімізден республикаға 109 жоба мен іс-шаралар ...

Толығырақ »

ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАР ҚУАНҒАН КҮН

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар Шардарадан Арыстанбаб пен Түркістанға зиярат етуге аттанып кетті. «Тұңғыш Президент саябағынан» оларды шығарып салып тұрып: – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл бағдарламада мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсеткен еді. Яғни, біздер рухани ...

Толығырақ »

ЖАСТАР СЕЙІЛ ҚҰРДЫ

Шымкент қаласы «Абай» саябағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «АБАЙ ІЛІМІНЕ САЯХАТ» атты жастар сейілі өтті. Іс-шара барысында облыс жастары ақынның қара сөздерін жатқа айтып, нақыл сөздерді Елбасы мақаласымен ұштастырды. Мақсат – Хакім Абайдың әлеміне тереңдеп барудың қажеттігі, ойшылдық мұрасын халық игілігіне пайдалану, жас буынның бойына мейірімділік, бауырмалдық қасиеттерді егу, Абайдың нақыл сөздері арқылы жастардың ...

Толығырақ »

СТИПЕНДИЯСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

«Елім» дегенде ет жүрегі езіле қалатын азаматтарымыз баршылық. Олай деуімізге толықтай негіз бар. Елімізге танымал суретші Ерболат Төлепбай Төлеби ауданындағы орта мектептің оқуда озат, белсенді 20 оқушысына степендияны сыйға тартты. Суретші өзі білім нәрімен сусындаған білім ордасынан озық ойлы, бәсекеге қабілетті азаматтың тәрбиеленіп шығуын шынайы тілейді. Сондықтан да, осындай игі істі қолға алып отыр. Сонымен қатар, жомарт жан Тоқболат Тоғысбаев ...

Толығырақ »

АЛЫСТАН КӨЗ ТАРТҚАН – ОТЫРАР

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи – мәдени ескерткіштер мен нысандар қатарында Отырар қалашығындағы жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы аясында әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап зерттеген. Осы күнде тек қазақ ғалымдарының ғана емес шетелдік ғалымдардың да еңбектерінде Отырарға қатысты біраз мәліметтер баршылық деуге болады. Қарт Отырардың өткені ...

Толығырақ »

ЖАҚСЫ ДӘСТҮР – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Облысымыздың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын іске асыру мақсатында Арыс қалалық мәдениет үйінде «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты кездесу өтті. Іс-шараға «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова және психолог-маманы А.Әділқасымқызы, жергілікті көпбалалы аналар, жас отбасылар, ардагерлер, мәдениет және кітапхана қызметкерлері, мектеп оқушылары, жастар және БАҚ өкілдері ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Қарттар мерекесі және мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай Созақ аудан аумағында жер асты қазба байлығын өндіріп, өңдеумен айналысып отырған кәсіпорындардың бірі – «АППАҚ» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы Құмкент ауыл әкімдігі тұрғындарына қомақты қамқорлық танытты. Жасырын емес биыл қыс маусымы қаһарлы болады деген болжам бар. Сондай-ақ, сұйық, қатты отынның бағасы да өршіп тұр. Осыны ескерген болар «АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ҮЛГІСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады. Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талқылауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып кеше ғана Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісі. Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Отырыста Жергілікті полиция қызметінің есебі, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жайы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарлама жобалары және көші-қон процестерін реттеу Қағидалары сынды 13 мәселе қаралды. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН БАСҚОСУ

Облысымызда  ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік. Мысалы үшін, Арыс қаласында еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады. Теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан бұл әулетте 17 теміржолшы бар. Мұнан бөлек, Ордабасыда еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы тұрады. Ысқақовтар әулетінің  20 мүшесі мұғалімдікті меңгерген. Сонымен ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ДИНАСТИЯЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Еңбек күніне» арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумы өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегі қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ...

Толығырақ »

«PHOENIX GLOBAL» КОМПАНИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті. Кездесуде сөз алған Ашил Каул мырза өңір басшысына компанияның ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. «Біздің компания алдағы уақытта жеміс-жидек және көкөніс кластерін дамытуға ерекше ...

Толығырақ »

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ!

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында Жер орбитасына ғарыштық аппараттарды жеткізетін «Союз-2» зымыран-тасығышы ұшырылған жағдайда оның аталған ауданның тиісті аумағына зиянды-зиянсыздығы кеңінен талқыланған қоғамдық тыңдау өткен болатын. Қоғамда айтарлықтай пікірталас туғызған мәселеге байланысты оның анық-қанығына көз жеткізу мақсатында біз Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік. – Әңгімемізді қоғамдық тың­дау­да нақты қандай мәселелер талқы­лан­ға­нынан ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 03

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Хадиша ҚЫЛЫШБАЕВА: – Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 02

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Дарын» мектеп-интернатының директоры Фарида ПІРӘЛИЕВА бұл орайда өз ойымен бөлісуді жөн көрді: – Ақордада ұсынылған жаңа әліпбидің жобасын бүгін мектебіміздің қабырғасында ұстаздар қауымына таныстырдым. Әріптестерім жаңадан ұсынылған әліпбидің ыңғайлығы мен алдыңғы үлгімен салыстарғанда жетілдетілгенін айтып өтті. Оның ішінде, қазақ тілін оқытқан уақытта ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 01

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы түктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отыр. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беруде. Шымкент қалалық Білім бөлімінің ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ДЕГЕН АТЫМ БОЛСЫН, ӘЛІПБИІМ ЛАТЫН БОЛСЫН!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Отырар кітапханасында» «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» атты семинар-кеңес өткізілді. Оған облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Мемлекеттік архивінің басшысы Айдын Исатаева, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңесінің кіші бағдарламалар менеджері Сейілхан Кендірбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ДИПЛОМАТ-ЕЛШІ

Түркістан қаласындағы өткен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды. Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті. Ал, осы ретте, аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – МАҢЫЗДЫ

カザフスタン 「ラテン文字導入にはトルコを手本に」 南カザフスタン州のジャンセイト・トゥイメバエフ州知事は、同国がラテン文字導入でトルコを手本にすると語った。 トゥイメバエフ州知事は、中央通信サービスの建物で南カザフスタン州の社会・経済状況に関して行なわれた記者会見で、カザフスタンのラテン文字の導入に関する質問を受けて、 「我々はラテン文字を導入するのではなく、ラテン文字に復帰するのだ。」と述べた。 全トルコ系国家が1929-1940年にラテン文字を使用していたことを振り返ったトゥイメバエフ州知事は、トルコとカザフスタンが同じ時期にラテン文字を使用し始めたものの、ソ連のヨシフ・スターリン書記長が1日でアルファベットをキリル文字に変更したと語った。 トゥイメバエフ州知事は、 「1928年以降ラテン文字を使用し始めたトルコとトルコ語を手本にする。トルコがアルファベットを使いこなし、一切困難を経験しなかったことを知っている。我々にとっても難しいことではないであろう。」と述べた。 トゥイメバエフ州知事は、会見でアナドル通信社の記者が南カザフスタン州におけるトルコの実業家の投資に関する質問をしたことを受けて、トルコは急速に発展している国であり、現在トルコでは何十万もの大企業が事業を展開していると明かした。 以前駐トルコ・カザフスタン大使を務めたことを振り返ったトゥイメバエフ州知事は、 「トルコ企業を我が国に招待する。我が国ではビジネスフォーラムが開催されている。初めてのフォーラムにはトルコ人実業家100人が出席した。15-20人のグループで常に我が州を訪問し、投資の機会を模索している。」と語った。 トゥイメバエフ州知事は、投資に向けて法的根拠がすべて整えられ、トルコの実業家が地域で活発に事業を展開していると語った。 南カザフスタン州でトルコの実業家が建設、建設資材の生産、温室栽培の分野で効果的なビジネスを行っていると述べたトゥイメバエフ州知事は、地域で10社以上のトルコ企業が事業を行っていると伝えた。 (2017年5月19日) Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшу кезеңінде елінің Түркиядан үлгі алатынын мәлімдеді. «ОҚО Әкімі Жансейіт Түймебаев мырза өзінің брифингінде Қазақстанның латын әрпіне көшу жоспарына байланысты сұраққа, «Біз латын әрпін енгізейін деп отырған жоқпыз, біз латын әрпіне қайта оралайын деп отырмыз. Барлық түркі xалықтары 1929-1940 ...

Толығырақ »

ЕСЕБІМІЗ ТҮГЕНДЕЛЕ ТҮСУДЕ…

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өзі басқаратын өңірде тарихи ескерткіштерді зерттеу ісі қолға алынғанын айтты. «Оңтүстік – ең алдымен тарихи ескеркіштер мен көне ғимараттар, мәдени ошақтар орны ең көп шоғырланған аймақ. Сонымен қатар, күллі қазақ тарихындағы хандар мен батырлардың, көптеген тарихи тұлғалардың жатқан жері. Осыған орай, рухани тұрғыдан жастарымыз арқылы халқымыздың кемел келешегі үшін көне ...

Толығырақ »

Мәжілістегі «Үкімет сағатында»

1. Қазақстанда ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 мың тексеру ұйымдастырылды. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа Еңбек кодексінің іске асырылу қорытындылары туралы баяндама жасады. Салалық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 136 тексеру ұйымдастырылған. Өтініштердің көбісі жалдау және жұмыстан босату мәселелеріне қатысты, олар бойынша ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті. Оның айтуынша, түгенде жұмыстары кезінде 5912 жер пайдаланушылардың 241 мың га жерлері пайдаланылмай жатқандығы анықталған. «Есепті кезеңде 63,8 мың гектар ...

Толығырақ »

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды жүйелеп, бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мән беруді тапсырды. «Біздің мақсатымыз – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Республика бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтуда 4-ші ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚТЫҢ 73 ПАЙЫЗЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті. Облыс елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020 ...

Толығырақ »