Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт (страница 4)

Спорт

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласының спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер ...

Толығырақ »

ЖАПОНИЯДАДАҒЫ  ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА  21 СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Түркістан қаласында республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, сондай-ақ бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар спорт нысандары салынуда. Мұндай жұмыстар облыстың 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Бердашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңадан салынып жатқан спорттық нысанның қатарында 7 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 17 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТТІ

2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег Почивалов ...

Толығырақ »

«АБАЙ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

  С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы бірлесіп Халықаралық конференция ұйымдастырды. «Абай әлемі» деп аталатын шараның өтуіне еліміздің Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі және өңірлік Мәдениет басқармасы қолдау білдірді. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға арналған бастама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ұлы ...

Толығырақ »

БІЛЕКТІ ЖҰМАХАН

Полиция қызметкерлері болу – жоғары біліктілік пен бірге білек күшін де талап ететіні анық. Бүгінде тәртіп сақшыларының барлығы дерлік спортты жанына серік еткен. Ал, олардың арасында облыстық, республикалық сайыстардан топ жарып, жүлдегер атанып жүргендері де көп. Жұмахан Сейдірахманұлы бүгінгі күні ҚР ІІМ қарасты Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алуда. Болашақ маман қазіргі таңда Ордабасы аудандың полиция бөлімінде тәлімгерліктен өтіп жүр. ...

Толығырақ »

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН ТОҚТАТПАЙДЫ

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп жүрген мекемелердің бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерін қашықтықтан үйретіп, жаттығу жұмыстарын жүргізуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шардаралық жас спортшылар елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезеңінде өз күш жігерлерін үй жағдайында пысықтап, дерт дендемеуі үшін өздерін оқшаулауға кіріскен. ...

Толығырақ »

ЖАЗДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан спортының дамуында өзіндік үлесі бар Түркістан облысының спорт саласы жаңаша сипатта дамуда. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде əлемдік аренаға алып шығар бірқатар спорт кешендері мен халықаралық талаптарға сай стадион салынуда. Бұл туралы Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.  «Самұрық Қазына»ұлттық əл-ауқат қорының демеушілігімен бой түзеп жатқан бұл стадион еліміздегі ірі кешендердің бірі ...

Толығырақ »

РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz. «Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы ...

Толығырақ »

ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШАРДАРАЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақпан айының 20 – 23 күндері аралығында, Түркістан қаласында Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай волейболдан 2003 – 2004 және 2007 – 2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы 2020 жылғы Түркістан облысы чемпионаты өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан сайыста барлық спортшылар өз деңгейінде өнер көрсетіп, бақтарын  сынады. Аталған сайысқа шардаралық воллейболшыларды жаттықтырушылары Айдаров Абжаппар және Мырзабеков Олжас бастап барған болатын. ...

Толығырақ »

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КАРАТЭ СПОРТЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда ғана Шымкент қаласында Каратэ спорт түрінен “Спорттық жекпе-жек орталығы” жеке мекемесінің ашық біріншілігі өтті. Аталған дүбірлі додада жерлестеріміз 2 алтын , 2 күміс, 3 қола алқаға қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ 8-9 жас аралығында 30 келі салмақта сынға түскен Сапарбек Ғазиз және 10-11 жас аралығында 30 келіде Темірханова Ақниет алтыннан алқа тақса, 8-9 жас аралығында ұлдар ...

Толығырақ »

“ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!” ҰРАНЫМЕН СПОРТТЫҢ 9 ТҮРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жуырда Шардара қаласында, Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым!» атты ұранымен Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері спорт клубының жасөспірімдер арасында армрестлинг, гір көтеру спорты және дзю до, ауыр атлетика, грэпплинг, самбо, бокс, таэквон до ITF және каратэ спорт түрлерінен ашық біріншілігі өтті. Жарыстың ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз кезегін алған Шардара аудандық жекпе-жек және күш ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ КІШІ ФУТБОЛ ТҮРІНЕН «СТУДЕНТТІК ЛИГА» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Хамза» футбол алаңында спорттың кіші футбол түрінен аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік лига» ойындарының екінші айналымы өтті. ⠀ Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік фактілерін болдырмау, олардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге дағдыландыру, спортпен тұрақты түрде шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау ...

Толығырақ »

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ДОЙБЫДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАРЫС

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен және Таукент кенті жастар ісі жөніндегі маманының ұйымдастыруымен 2020 жыл — Волонтер жылына орай үстел тенисінен, дойбы ойындарынан кент жастары арасында жарыс болып өтті. Жалпы, спорттың бұл стол теннисі және дойбы түрлері жылдамдықты әрі зеректікті қажет етеді. Жастар арасында бұл ойын түрлерін кеңінен насихаттап, жиі өткізіп тұрудың пайдасы өте үлкен. ...

Толығырақ »

СОЗАҚТА ШАХМАТ ПЕН ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Созақ ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен және Жартытобе ауылдық округі бойынша маманының және үйірме жетекшісі Ә.Бейсеқұловтың ұйымдастыруымен Жартытөбе ауылдық округі Ш. Уалиханов жалпы орта мектебінде «‘Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы» және 2020 жыл- Волонтер жылына орай шахматтан және қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан оқушылар арасында жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша шазматтан 1- орын Байне Н, 2- орын ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН КЕЛЕСТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің және облыстық «Көкпар» федерациясының ұйымдастыруымен жаңа құрылған Келес ауданында алғаш рет «Ұлы Жеңістің 75 жылдық» мерекесіне арналған 2003-2005 жылғы туылған жасөспірім балғын шабандоздар арасында Көкпардан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатта Келес, Жетісай, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының командалары бақ ...

Толығырақ »

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

Түркістан облыстық №2 олимпиада спорт мектебінің шәкірттері пауэрлифтингтен Чехия елінде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Іріктеу Леңгір қаласындағы спорт кешенінде өтетді. Онда бапкерлер ең мықты деген жастарды әлемдік додаға дайындайды, деп жазады , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әдбірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Түркістан өңірі мен Кентау қаласынан келген жасөспірімдер мен жастар кезекті рет біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдауда. Жерлестеріміз алдағы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА БАСКЕТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған баскетболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. 2005-2006 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, жас спортшыларға алғы сөзін арнады. «Біз батырлардың ұрпақтарымыз. Ата-бабаларымыз ешбір соғыста жеңілмеген. Бізді тек руға, тапқа, жікке бөлу арқылы ғана ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Бұқаралық спортты дамыту ісі ең алдымен, жас жеткіншектер арасында қолдауға ие болуы тиіс. Осыған жіті көңіл бөлген Қазығұрт ауданында жас жөспірімдер арасында кіші футболдан облыстық сайыс ұйымдастырылды, , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Кіші футбол жарысында ұландар тек сергіп қоймай, өздеріне спортта серік — дос тапты. Жарыс жалауы ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай көтерілді. Сайыста Облыс көлемінен 9 жасөспірімдер командасы бақ ...

Толығырақ »

ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК

Леңгір қаласындағы спорт кешенінде зілтемірді жатып көтеруден облыстық ашық біріншіліктің жалауы желбіреді. Жеңістің 75 жылдығы мен ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орайластырылған бәсекеге білегі мықты сайыпқырандар қатысты. Осы сайыста топ жарғандар облыс құрамасының сапында өнер көрсететін болады, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әдбірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Жарыс облыс құрамасын іріктеу болғандықтар спортшылар барын салып бақты. Дегенмен бұндай сайыста бабы келген епті ...

Толығырақ »

ШАРДАРА: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 – Еріктілер жылындағы «Саулық» жобасы аясында Кеңес әскері шектеулі контигентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған мүмкіндігі шектеулі ұлдар және қыздар арасында қол күрес, гір көтеру, шахмат, арқан тару, тоғызқұмалақ және дойбы ойындарынан Шардара ауданының ашық біріншілігі өтті. Бұл туралы Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне сілтеме жасаған  didarbek.kz ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕКТЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Бәйдібек аудандық спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына арналған 2005-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Түркістан облыстық чемпионат өтті, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қарсыластарына әр түрлі техникалық тәсілдерді қолданып, алғырлыққа, ептілікке үйрететін спорттың еркін күрес түріне облысымыздың орталығынан және қала, аудандардан палуандар келіп өзара бақ сынасты. Турнир тартысты ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Жетісай ауданы Жетісай қаласының спорт кешенінде үстел теннисінен 2002 жылы туылған және одан төмен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен спорт майталмандары қатысты, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. «Спорт – денсаулық кепілі. Бұл салаға бүгінде мемлекет басшысынан бастап үлкен көңіл бөлінуде. Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ «ОРДАБАСЫ» КЛУБЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ БІР ҚАДАМ ЖАҚЫН ТҰР

Футболдан ел біріншілігінің аяқталуына аз қалды. Небәрі бір-ақ тур! Десе де, чемпионаттың дүбірі әлі басылған жоқ. Соңғы турдың алдында, яғни 32 тур аясында Шымкенттің «Ордабасы» клубы сырт алаңда «Атырау» командасын жеңіп, қола жүлдеге біртабан жақындай түсті. Бұл кездесуде атыраулық Петр Гжельчак 12-минутта шымкенттік клуб қақпасын дәл көздесе, оған шымкенттік шабуылшы Жоао Поало 42-минутта бір голмен жауап қайырды. Одан кейін шымкенттік ...

Толығырақ »

СПОРТ ДЕГЕН БІР СИҚЫР

Бұқаралық спорт – бұл ұлт саулығы, үлкен спорт, ел абыройы. Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі әр жыл сайын бүкілхалықтық «спорт күні» ретінде тойланады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық мереке бүгін ауданымызда да кең көлемде аталып өтілді. Спорт саласы мамандарының кәсіби мерекесіне Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов арнайы қатысып, аудан спортшыларын төл ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚ ПАЛУАНДАР «АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ» АТАНДЫ

Түлкібастық палуандар «азия чемпионы» атанды, деп жазады «Шамшырақ» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Алматы қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан І Азия чемпионаты болып өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Байрағын көкке желбіреткен, сәйгүлігін қамшылап, бәйгесіне асыққан өрендердің тартысы мықты, беталыстары да көңіл қуантарлық. Өйткені, көкпар қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын ...

Толығырақ »