Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға (страница 11)

Тұлға

АЛТЫНШЫ ӘКІМ – АЛТЫН ӘКІМ БОЛАДЫ!

  Ордабасы ауданы соңғы бес жылда бес әкімнің жүзін көрді: 2016 жылдың сәуір айында Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалған Самат Сапарбаевтан соң, қасиетті Ордабасы өңірін басқаруға Алмасбек Мамытбеков келді (бүгінде – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары). 2017 жылдың тамыз айында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Алмасбектің орнына сенімді інісі Рашид Қайыпжановты тағайындады. Рашид белгілі себептермен қызметімен қош айтысқан соң, аудан тізгіні әкімнің ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. Зарыға күткен бейбіт күндерде ...

Толығырақ »

АҚ КІЛЕМНІҢ ТАЛҒАТ ДЕГЕН АТАСЫ

Талғат Ысқақов бауырымыз талай биіктерді бағындырып келе жатқан, әрдайым үздіктердің қатарында көрініп жүрген абзал азаматтарымыздың бірі. Қазақ кілемдерін қайта жаңғыртып, әлемге таныта білген бүгінгі күннің кәсіпкері. Абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп жүрген – өзінің ерен еңбегі. Өте елгезек, бауырмал жан. Айтпақшы, Талғат-бауырымызды демалыс күндеріне сәйкес келген туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла ісіңізге абырой беріп, мәртебеңізді биіктете берсін! Әр қадамыңыз берекелі ...

Толығырақ »

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...

Толығырақ »

ӘРІПТЕСТЕРГЕ АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН…

Құрметті Достар! Түркістан Облысының жүрегі саналатын Мырзашөл өңіріндегі жағдайға байланысты облыс әкімінен бастап барлық тиісті сала басшылары Мақтааралдамыз. Облыстық Қоғамдық Даму Басқармасы төтенше жағдайға байланысты арнайы құрылған штабтың БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНА жауап береді. Бүгін 3 онлайн брифинг, 6 ақпараттық хабарлама, 8 видео ролик таратылып, ақпараттар легін тоқтатпауға күш салдық. Осынау қиын кезеңде халыққа шынайы ақпарат беру мақсатында жүрген барша БАҚ өкілдерінен тұратын Әріптестерге ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ЖЕТТІК ЖАҢАЖОЛҒА, ЖЕҢІСКЕ…

Бүгін түнде жолға шығып, таң ата Мақтаарал ауданына жеттік. Өздеріңіз білетіндей кеше, яғни 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған болатын. Осының салдарынан каналдағы су арнасынан шығып, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс, Нұрлыжол, Фердауси және Еңбекші ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылдарын су басу қаупі 2 мамыр түнгі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!

Құрметті қауым! Қадірлі Түркістан жұртшылығы! Сіздерді жыл сайын мамыражай мамыр айында келетін татулық пен бірліктің мерекесімен құттықтаймын. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің саяси әрі рухани мәні зор. Қазақ халқы ықылым заманнан бері мейірбандығымен, қонақжайлығымен, гуманистік көзқарасымен танылған. Ұлы дала елі тағдырдың жазуымен көшіп келген сан түрлі этностарды құшақ жая қарсы алып, қорған бола білді. Осы ізгі қасиет ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МҰРАТОВ КӘЛМЕН

Екінші дүние жүзілік соғысқа Ордабасы ауданынан аттанған 5 мыңға жуық жауынгерлер аттанған. Бүгінде елге оралғандардан арамызда санаулы ғана ардагер қалды. Мұратов Кәлмен — 1924 жылғы 21-ақпанда Арыс ауданы, Бөржар ауылдық Кеңесіне қарасты И.В.Сталин атындағы колхозда туылған. 1942 жылғы 1-тамызда «Бірлік» орталау мектебінің 6-сыныбында оқып жүргенінде әскерге шақырылды. Аягөзде командирлік курста алты ай оқып, сержанттық шен алды. 1942 жылғы желтоқсаннан 1943 ...

Толығырақ »

3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі — әйел, біреуі — ер азамат. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында ...

Толығырақ »

200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...

Толығырақ »

ЖАНАТТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫ

Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып. Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен ...

Толығырақ »

САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. — Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, ...

Толығырақ »

БІРЛЕСЕ КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Пандемия – барша мемлекеттің басына түскен үлкен сын сағатына айналды. Бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар – бақ сынағы, қиыншылық сынағы, қаза сынағы деген. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршілігінің арқасында өткен, адамгершілігінің арқасында халық болып жабыла көтерген. Біздің, бүгінгі ұрпақтың да алдында – жұмыла көтеріп, тиімді шешімдер арқылы барлық мәселелерді еңсеру міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Прези­денті ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ «ЖАЛЫННЫҢ» ІШІНДЕ ЖҮР

Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет аға, карантин кезінде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалауда мониторингтік топтың белсенділігін байқап жүрміз. Алдымен, топтың ...

Толығырақ »

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...

Толығырақ »

ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. ...

Толығырақ »

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясының қаупі Қазақстанға да өз залалын тигізіп жатыр. Дегенмен билік тарапынан дер кезінде қабылданған жедел шаралар өз нәтижесін беруде. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің дәрігерлер мен жауапты сала мамандары індеттің таралу деңгейін бәсеңдетуге үлес қосуда. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пандемия өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ, бұл ретте әлі де карантин талаптарын сақтағанымыз абзал. ...

Толығырақ »

ЕШКІМДІ ҚИЫНДЫҚТА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, ОҚМУ ректоры: Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел тұрғындарына арнап үндеу жариялады. Мемлекет басшысы еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатындығын, Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығын тағы да баса айтты. Елдің елдігін, халықтың бірлігін қажет ететін ...

Толығырақ »

СЕНІМДІ НЫҒАЙТТЫ

Гүлжан СҮГІРБАЕВА, ОҚМПУ ректоры м.а, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент: Пандемия төрткүл дүниені дүрбелеңге салып, экономикалық тоқырауға тап болған қазіргідей кезеңде мемлекеттік қолдауды ерекше сезініп отырмыз. Ел Президентінің қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл әрі дер шағында қабылдаған шешімдері барлығымыздың бойымызда ертеңгі күнімізге деген сенімді күшейте түсті. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде әлеуметтік қолдаулардың жалғасатынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы шын мәнінде «халық үніне құлақ асатын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНУДЕ

Манасбай Бекбауов, «Агросервис «БМБ» шаруа қожалығының төрағасы: — Үндеуде Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың әл-ауқатын көтеру бойынша нақты қадамдар жасалып жатқанын айта келе, бұқараның алмағайып шақта бір алақандай жұмылып, ынтымақта болуы керектігін айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын ...

Толығырақ »

УАҚЫТЫНДА КІРІСТІ

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, қоғам қайраткері: Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең бізге оңай тимегені анық. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін 11 мамырға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Бұл оң шешім деп білейік, дұрыс боларына сенейік! Осы уақытқа дейін, індеттің Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін көп шаралар жасалып, бұл вирустың жаппай таралуының алдын алды. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

БІЗ БІР АЛЫП ШЫНАРДЫҢ БҰТАҚТАРЫМЫЗ

Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға да, міне, 29 жылға аяқ басып барады. Бүгінгі таңда өшкеніміз жанды, өлгендеріміз тірілді. Тарихымызды қайта қарап бағамдай бастап, өмірден озған ұлы тұлғаларымызды да қайта тіктей түстік. Оның үстіне, кең тынысты кемеңгер ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына да бүгінгі күннің көзімен қайта таразылап, айрықша мән беру керектігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Аллаға шүкір! Дінімізге қуат кірді, тіліміз де ...

Толығырақ »

КИМ ЧЕН ЫННЫҢ ӨЛІМІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Сенбі күні америкалық БАҚ өкілдері КХДР басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпарат тартты. Алайда, кейіннен бұл мәлімет жоққа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Кейбір БАҚ өкілдері Солтүстік Корея көшбасшысының жүрегіне ота жасалғанын, содан соң оның комаға түскенін жазды. Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп ...

Толығырақ »

РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz. «Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы ...

Толығырақ »

АДАМДАРҒА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақтарында патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады. 24 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің жедел басқару орталығына “Қазығұрт” шағын ауданындағы “Жандос” аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дереу оларды құтқарып алуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің ...

Толығырақ »