Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға (страница 5)

Тұлға

ЗЕРДЕЛІЛІК ҚАЖЕТ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Ұлылардың өмірдеректерін анықтауда мұқияттылық, зерделілік қажет. «Қазақ совет энциклопедиясы» атақты қазақ композиторы, ақын Біржан Қожағұлұлын 1834 жылы туылып, 1897 жылы қайтыс болғаны туралы мәлімет ұсынып, оқырманды шатастырды. Дұрысы қандай? Ән әлеміміздің сергек жанашыры Есім Байболов пен Біржан салдың үлкен ұлы Теміртастың 1923 жылғы ауызба-ауыз сұхбаты бізді басқаша тұжырымға жетелейді. Осы сұхбатты негізге алған халқымыздың біртуар ұлы ...

Толығырақ »

Қасиет қонған жан болыпты

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Ескіден жеткен есті сөз бізге палуанның сал-серілігі, әншілігі, сондай-ақ көріпкелдік қасиеті де болған деседі. Ауыл адамдары балалары мазасызданса, палуанға түкіртіп, алақанына аунатып алады екен. Қолына алып, білегіне жатқызып, етегіне аунатып бергендерінің көбісі құлан-таза сауығып кетеді екен. Бірде атам әжеме «Мінәй, бесіндіге дейін ауру баланы алып келеді, мені үйде жоқ ...

Толығырақ »

ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

Қазіргі балуандардардың көбі қара күштің ғана иесі. Робот сияқты күреседі, Аруақ ұғымынан ада. Өнерден мақұрым. Ал Қажымұқан өнерді өте жақсы көрген, асыл мен жасықты айырған, жақсының парқын білген. Әміре, Иса үшеуі жан аямас дос болған. Исаның тілінің ащылығы, жұдырығының «жылдамдығы» палуанға «пәле» болыпты. Әсіресе, ішіңкіреп алғанда палуанға «күн көрсетпейді» екен. Бұл жөнінде Сәбит ағамыз бүй дейді: «Күш жағынан Иса Қажымұқанның ...

Толығырақ »

Қажекең 1883 жылы туылған деген дерек шындыққа жақын

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Шыбығы шырпылмай, қылауына қыл түспей тұрған аруақты атамыз 1913 жылы Троицк қаласында «Айқап» жұрналының хатшысы Жаһанша Сейдалинмен әңгімелесіп, жасының отызда екенін мәлімдепті. Мәлімет тасқа басылып, жұрналдың сол жылғы 21-нөмірінде жарияланған. Соған сенсек, алыбымыз 1883 жылы туылған. Қазақ даласы батырының «Поддубныйдан бір мүшел кішімін» дегеніне дөп келеді. Бұл жарияланымды «Айқаптан» оқып, мазмұнын өлеңге түсірген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: «Ұрғыны – ...

Толығырақ »

Қасқырдың етіне жерік болған Кабира ана

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын. Қажымұқанның анасы Кабира әжесі Айсары секілді палуан болмағанмен, атақты батыр-палуанның ұрпағы, ірі денелі, бойшаң және етжеңді әйел болған. Қажымұқаннан бұрын егіз ұл тапқанмен, олар ертеректе жаман аурудан шетінепті. ...

Толығырақ »

«Елiмде болса – менiкi, менде болса – елiмдiкi!»

Шежіре бойынша Қобыланды батырдың он бірінші ұрпағы саналатын Қажымұқан атамыз кілең батырлар туған текті әулеттен шыққан. Төртінші атасы Сәді батыр – Абылай ханның үзеңгілесі. Сол Сәді батырдан Ернақы, Ернақыдан Таңатар, Тәшім, Мұңайтпас, Марқа батырлар тараған. Өз заманында атағы алты Алашқа мәшһүр болған Ернақы батыр Қараөткелге барғанда Айсарыдай аруды ұшырастырып, шаңырақ көтереді. Ернақы батыр ел жұтай бастаған кезде 52 жасында дүние ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ҚАСИЕТТІЛІГІ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Көріпкелдік ұлтымыздың ұрқында (генінде) бар, арғы тарихымызға түкпірлесек, алты жүз қырық алтыншы жылы туылып, жеті жүз қырық бірінші жылы қайтыс болған Тоныкөк Білгенің құлпытасындағы «Мен Тоныкөк Білгемін, Алдын ала білгенмін» дейтін қасиеті кейінгі ұрпаққа да жұғысқан. 1675 жылы жарық дүниеге көзін ашқан Мөңке бидің: «Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді. Ащыны ащы демейді, Сағынып тамақ ...

Толығырақ »

Қажымұқанның фотолары қалай табылды?

Алдағы жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл тола­ды. Қа­зақ тарихында орны зор тұлға жайлы әлі зерттелмей жатқан дүние көп. Атап айт­қанда, балуан атамыз қатысқан ресми чемпионаттар мен ресейлік және шетелде­гі цирк алаңдарында көрсеткен өнері жайлы тек аузыекі әңгіме не­ме­се шына­йы­лықтан алшақ әдеби нұсқадағы көркем деректерді малданып жүр­міз. Қазіргі таңда Еуропа мемлекеттері, Ресей Федерациясы ХХ ғасырдың басы 1904 жылдан ...

Толығырақ »

Қажымұқан өмірінен жаңа деректер

«Өлең сөздің патшасы» мен қара күштің бет қаратпас алапат қара дауылы фәниде бір рет кездесіпті. Ұлы Абай Омбыға барған сапарында Қажекеңді іздеп тауып, бір үйде қой сойғызып, қадірлі қонақ еткенін, ақыл-кеңес бергенін балуанның өзі естеліктерінің бірінде айтқан. Ұшырасу екеуінің де тағдырларында бедерлі белгі қалдырған. Ақылман ақын «Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып аяғын тез шалдырған» дегенді есті жігіттің есіне ...

Толығырақ »

Дүниенің жаны жомарт алыбы

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Ежелгі элладалықтардың Геркулеске көк күмбезін, өзіміздің Толағайға тау көтертуіміз әлжуазға қорған болар алыптарды аңсаудың нәтижесі. Осы тәріздес әңгімелер әдеби бастау – көздеріміздің кейіпкерлеріне айналып, бірте-бірте тұлғаланып, топырағымызда Алпамыс, Қобыланды, тағы басқа батырларымыздың қаһармандық, адами іс-әрекеттері көркемдік деңгейіне дейін көтеріліп, ұлтымыздың рухтық көрінісін бейнеледі. Халық солардың көмегіне зәруленді. Мұның мәні айрықша зор еді. Өйткені, эпостық дастандарымыз оқиғалар ...

Толығырақ »

Балуан Шолақ пен Қажымұқанның кездесуі

Мұңайтпас дүниеден өтті. Қажымұқан шет жұрттарды аралап, күресіп жүрсе керек, суық хабар алысымен суыт елге оралады. Қаладағы жаңалықты даладағы елдің бұрын еститін әдеті емес пе. «Патшаның балуаны Қажымұқан Қызылжар-Көкшетаулап келе жатыр» деген дақпырт тарады. «Патша балуанын» тым болмаса, түстендіріп жіберуді абырой-дәреже көрген бай адамдар жолын тосып әлек. Бірінен соң бірі іліп әкетіп жатты. Бұл хабар Балуан Шолаққа да жетеді. Балуан: ...

Толығырақ »

Қажымұқанның соңғы хаты

Қажымұқан – өткен ғасырдағы қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғалардың бірі болатын. Бірақ ол кісі өмірінің соңында қандай ауыр жағдайға тап болғанын көбі білмейді. Білетініміз – оның күш атасы атанып, майданға ұшақ сыйлағаны ғана. Ол ұшақтың өзін балуан атамыз қалтасынан алып бере салмай, ақшасын екі жыл бойы өнер көрсетіп жүріп жинапты. Кейін сосын ол ұшаққа Амангелді Имановтың атын жазып, майданға аттандырады. ...

Толығырақ »

«Балам, қорықпа, мен Қажымұқан атаң боламын…»

Самайын күміс қырау шалған 93-тегі Мақпал әже бізді есік алдынан өзі күтіп алды. «Ауылға алты жасар бала келсе, ақ сақалды қария сәлем бере барған» дала заңын бұлжытпай орындаған ананың бұл қасиетіне тәнті болдық. Құда-құдағилары – Жұмаш, Ілескүл, Ескендір қария, ұл-қыздары бейне мерекеге жиналғандай, шағын ауланы шаттыққа бөлеп жіберіпті. Амандық-саулықтан соң әжемен әңгімеміз басталып кетті. Мақпал Берсүгірқызы 1926 жылы 26 ақпанда Созақ ...

Толығырақ »

Қажымұқанның күміс таяғын сыйға алған «Кавказ алыбы»

1964 жылдың мамыр айы. Шымкент қаласындағы Ленин атындағы №29 орта мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары абыр-сабыр. Өйткенi, мектепке қонаққа әйгiлi палуан Қажымұқанның шәкiрттерiнiң бiрi Динавецкий келмек. Қасында бiр топ ақын-жазушылары бар көрiнедi. Қадiрмендi қонақтарды лайықты қарсы алудың қам-қарекетi жасалынып жатты. Акт залына «Хош келдiңiздер, меймандар!» деп көрнекi етiлiп жазылып, iлiнiп қойылды. Әлден соң күткен қонақтар да келiп жеттi. Мектеп басшылары оларды ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН

Көп ізденіс жасап, зерттеу жүргізіп, Қажымұқанның күрес жайындағы өмірін тың деректермен толықтырған марқұм Әлімқұл Бүркітбаев еді. Қажекеңнің үш медалін, белдігін, қол сандығын, тағы басқа құнды заттарын іздеп тауып Қазақстанға алып келді. Ресейдегі шаң астында қалған мұрағаттарды қопарып, оны орын-орнына келтіріп, хроникалық ережесін сақтап, Қажекеңді білетін тірі жүрген азаматтармен кездесіп, сол кездегі күрестері қайда, қай жылы болды, неше рет әлем батыры ...

Толығырақ »

Елдіктің нышандары көздің қарашығындай қорғалуы тиіс

Баяғыда атақты Шоң би Баянауылда қайтыс болып, сүйегін былғарыға тігіп, бұрынғының жолымен Түркістанға апарыпты. Сонда Əзіреті қожалар: «Сүйекті Арқаға қойып үш жылдан соң алып келсеңдер еді, елдеріңнің құты екен. Құт шайқалады ғой» деген екен. Шоң би қой жылы өлген екен, келесі жылы «Қумешін» деген жұт болыпты. Шоңның өз немересі Төк баласы Бажықай, Ақын баласы Айман өмірінде қарақасқа кедей болып құйрығы ...

Толығырақ »

Қажымұқанның құпиялары

Қажы бабамыз 1983 жылы 100-ге келгенде, бүкіл Қазақстан болып аузымызды ләм деп ашпаппыз. Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы да 110 жылдығы тұсында үн-түнсіз қалғаны белгілі. Осыған орай қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасовты өз көзімен көрген, қажымұқантанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дербес зейнеткер Қалиәкпар Әміржановты әңгімеге тартқан едік. – Мен Қажекеңді 8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы ...

Толығырақ »

Үлкен қарны жіптіктей болып жиырылатын

Қажымұқанның алып палуан ғана емес, сонымен бірге, ғажайып цирк әртісі ретінде де аса танымал болғаны анық. Ол небір қызық та қауіпті, қиын да таңқалар­лық қойылымдармен көрермен алдына шыққан, цирк манеждерінде өнер көрсет­кен. Жары Бәтима апайдың естелігіне сүйенсек, Қажымұқан қалыңдығы бір еліден жуан сом темірді мойнына галстук, беліне белбеу қылып орап, темірді қамырдай илесе, Парижде цирк алаңына мініп шыққан түйесін арқасына ...

Толығырақ »

«Қажымұқан әкем еді» деушілер көп болған

Қажымұқан ең алғаш рет 36 жасында үйленіпті. Алғашқы әйелі – өзі шын ұна­тып қосылған және мұсылманша некесін қиып, «Бәтима» деп ат берген Надежда Чепковс­кая. Палуанның бұл әйелден көрген баласы – Халиолла. Ал екінші әйелі – Ырыстыдан София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Үшінші әйелі – әмеңгерлікпен үйленген Мінәйімнен ұлы Айдархан туылады. Соңғы рет үйленгенде палуанның жасы – 75-те, ал ...

Толығырақ »

Сенген адамына шық жуытпаған

Аты аңызға айналғаны соншалық, бүгінгі ұрпаққа ертегі батырындай болып елестейтін Қажымұқан бабамыздың сырт бейнесі де ерекше болғанға ұқсайды. Бұл ретте Қажекеңді спорт журналисі И.Д.Булга­ков: «Ол Геркулес десе, дегендей екен. Бір қарағанда, ол адамнан гөрі, шойыннан құйған сом тұлғаға ұқсайтын сияқты, бойы ұзын және қанжырдай тартылған. Бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттері бір керемет!» – деп сипаттаса, жазушы Дихан Әбілев: «Жартас кеудесі жалғанның ...

Толығырақ »

Туған жері әлі нақтыланған жоқ

Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұ­қан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тума­сы» ретінде танитындар да бар. Бұған негіз болатын жайт – палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы Шілік ауылын­дағы ескі қорымда жатқандығы және сол маңайда Ернақтың жайлауы деген жайлаудың болғандығы. Көнекөз қариялар Ернақтың баласы Мұңайтпас­тың Ақмола маңына қоныс аударуы ...

Толығырақ »

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?

Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. ...

Толығырақ »

Қажымұқан жөн білмейтін хатшыны қалай қатырды?

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң үш ай өткенде Абайдың 100 жылдық мерейтойы Қарауылда аталып өтті. Жұрт тойды өткізуге заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің тікелей өзі мұрындық болды деседі. Осыдан 70 жыл бұрын өтсе де, Абайдың 100 жылдық тойының ұмытылмайтын, қатысқан әр адамның өмірінің тәтті күндері саналатын себептері бар. Біріншіден, ол той Ұлы Жеңістен соң іле-шала өтті. Бес жыл бойы қысылып, қиын ...

Толығырақ »

Қажымұқанның біз білмейтін ұрпақтары Францияда тұрады

Күш атасы – Қажымұқан атамыздың өмірінде төрт рет үйленгені белгілі. Ал бесіншісі…Францияда француз әйелінен туған ұрпақтары бар екен. Ол туралы сәл кейін. Қажекеңнің бірінші әйелі – Бәтима. 16 жастағы Бәтимаға 1909 жылы үйленген. Бәтиманың шын есімі – Надежда Николаевна Чепковская. Циркте аттың құлағында ойнайтын биші болған. Некелері Омбы мешітінде қиылып, мұсылманша есім алған. 1966 жылы қайтыс болған. Бәтимадан 1910 жылы ...

Толығырақ »

Қажымұқанның меценаты кім?

Аягөз өңірінің өткеніне көз жіберсеңіз, талай тарихтың куәсі боласыз. Осы ауылдың аңқылдаған абыз ақсақалдарын былай қойғанда, орта буын өкілдерінің де айтар ой-толғамы бар. Бірде әріптесім Бекен Малдыбаев деген азамат осы қалада Қажымұқан атамыздың болғанын және ұлы күш атасының осындағы орталық алаңда өнер көрсеткенін білетін адамның Аягөзде тұратынын айтты. мен болсам, оған бірден қолқа салып, сол адаммен таныстыруын өтіндім. Келісті. Бірақ ...

Толығырақ »