Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қызықтаймс (страница 2)

Қызықтаймс

РУХАНИЯТ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЗЫҒЫ

Әділдік. Адалдық. Мейірімділік. Мен неге әділдіктен бастадым. Себебі, дана халқымыз айтқандай, «Әділ істің арты – игі». Адам баласы ар, ұят, әділдікке берік болса, сонда ғана көрген күніміз бен көрер күніміздің жарқын болары сөзсіз. Ұлы даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма» деп өсиет қалдырған. Ал, адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет екенін білеміз. Сондықтан да әділдік ...

Толығырақ »

iKOMEK 109 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың тікелей қолдауымен құрылған «iKomek» орталығына 12 қараша күні Қаратау ауданының тұрғындарынан У.Мухаммад көшесінің бойын жауған жауын-шашын салдарынан үйдің аулаларына жаңбыр суы жиналып жатыр деген хабар түскен. Ситуация орталығының қызметкерлері мән-жайды бірден Қаратау Ауданы әкімдігіне хабарлаған. Нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов бастамасымен оқиға орнына 6 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 мп жіберілді. Мәселе түбегейлі ...

Толығырақ »

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-дәстүрі бар. Тарихқа көз жүгіртсек, ханды да сайлаған, болысты да сайлаған қазақпыз. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаетың бастамасымен іске қосылған Праймериз – ел сенімін ақтап, жаңа көшбасшыларды іріктейтін партияішілік сайлау. Мен Берік Айдарбекұлы Бекжанов – «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы осы мүмкіндікті пайдаланып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаты лауазымына өз кандидатурамды ұсындым. ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЪЕЗІ ӨТТІ

Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланды және алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталды. Алғаш рет онлайн режимде өткен съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 151 делегат, сондай-ақ, әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік кәсіподақ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Съезд делегаттарына құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының ...

Толығырақ »

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі — Департамент) ағымдағы жылдың 28 шілдесі мен 30 шілдесі аралығында «Элекр энергетикасы туралы» Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi» мекемесiне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде «Элекр энергетикасы ...

Толығырақ »

КӨРШІМЕН ҰРЫСУ БЕРЕКЕНІ БҰЗАДЫ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бүкіл әлемде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға бейтарап мемлекет ретінде араша түсіп, түрлі дау-дамайларында бітімгершілікке шақырып, тараптарды татуластыру үшін бейбіт есігін айқара ашып қойғаны әлемге аян. Елбасымыздың сабдарлы да, салиқалы саясатының арқасында әлемдік түрлі діндер көшбасшыларының алғаш рет басы қосылған Елордамыз Сирия мәселесі секілді бірнеше халықаралық келіссөздердің бітімгершілік платформасына айналғалы қашан. Бұл бір жағынан мемлекетіміз ұстанған бейбітшілік туының ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Әлемді шарлаған ауыр дертке байланысты «Түркістан облысы тұрғындары арасында да коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу, әрі қарай карантиндік режим ұзартылып және шектеу шараларының талабы күшейтілді. Осыған байланысты «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Жетісай аудандық комитетінің төрағасы Даулет Сапаров бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен мекемелердегі ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарының сақталуына тексеріс жүргізді. Мекеменің ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖАСАЛУДА

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы «SHYMKENT BUS» ЖШС-не қоғамдық бақылау жүргізді. Кәсіподақтар «Shymkent Bus» ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Бүгінгі таңда жұмыс уақыты едәуір қысқарған. Бұған дейін 12 сағат жұмыс істеп келген жұмысшылар қазір 7-8 сағатты әзер толтырады. Соған қарамастан күніне 2 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ДӘРІХАНАЛАРЫНДА КҮНДЕЛІКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған арнайы жұмысшы топ бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізді. Қала тұрғындарының шағымдарының көптеп түсуі мониторинг жүргізуге бірден-бір себеп ...

Толығырақ »

ӘКІМ ӘЙТЕНОВ Ә-ДЕГЕННЕН УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ

Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша «Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24, 26 (5, 6) тұрғын үйлер өз иелерін тапты. Дәл осы бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50% жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала ...

Толығырақ »

МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУДАН ӨТУДЕ

Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартудан өтуде. Ондағы мақсат- аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту. Дәл қазіргі таңда 380 шақырымды құрайтын 43 каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде механикалық тазалауды қажет ететіні 214,6 шақырым болса, бүгінгі таңға тазаланғаны 97 шақырым. Қалған 117,6 шақырымы ...

Толығырақ »

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық. Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ...

Толығырақ »

КОРОНОВИРУСТЫҢ ТАҚЫРБАСТАРҒА ҚАНДАЙ ЗИЯНЫ БАР?

Коронавирустың тақырбас адамдарға қандай зияны бар? Бұл сұраққа Браун университетінің зерттеушілері жауап берді деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Аталық гормондар (андрогендар) коронавируспен күресуге көмектеседі. Олардың организмде жетіспеушілігі шаш жоғалтуға әкеп соғады. Браун университетіндегі профессор Карлос Бамбьердің жетекшілігіндегі зерттеушілер тобы тақырбастарда коронавирус ауыр өтуі мүмкін деген тұжырымға келді. Коронавирустан тіркелген өлім-жітім мен таз бастану белгілерін салыстыра келе, ғалымдар ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАУІПСІЗ БЕ?

Шымкенттің бас санитарының №17 қаулысына сәйкес 12-ші мамырдан бастап қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат берілді. Көпшілік көп шоғырланатын автобустарда санитарлық талаптар қаншалықты сақталуда? COVID-19 вирусының таралу қауіпі жоғары қоғамдық көліктер күніне қанша рет залалсыздандырылады? Бұл туралы осы тақырыпта әңгіме өрбіткен «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  хабарлайды. Жұмысын жүргізуге рұқсат алған мегаполистегі тасымал компаниялар қызу іске кірісіп кетті. ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, бос тұрып қалу уақытын ресімдеу, сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде (42 500 теңге) төлемін жүргізу қарастырылған. Осы орайда, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен мекемелер, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыскерлерге еңбек ...

Толығырақ »

КИМ ЧЕН ЫННЫҢ ӨЛІМІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Сенбі күні америкалық БАҚ өкілдері КХДР басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы ақпарат тартты. Алайда, кейіннен бұл мәлімет жоққа шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Кейбір БАҚ өкілдері Солтүстік Корея көшбасшысының жүрегіне ота жасалғанын, содан соң оның комаға түскенін жазды. Кейіннен Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп ...

Толығырақ »

МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Шымкенттік еріктілер коронавируспен күресте өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Бұл ретте еріктілер қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1 000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті 500 себет азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген. Бірқатар қайырымдылық қорлары ...

Толығырақ »

РИНГКЕ ҚАЙТА ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ

Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді, деп жазады sputniknews.kz. «Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы. Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы ...

Толығырақ »

ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...

Толығырақ »

АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым ...

Толығырақ »

KASPI.KZ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айында пітір садақаны үйден шықпай, мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Төтенше жағдайға байланысты kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы пітір садақа мен зекет төлеуге болады. ҚМДБ пен банк басшылығы арасындағы келісім бойынша, жоба Рамазан айында жүзеге асырылады. Қайырымдылық жасау үшін бар болғаны «Төлем» → Іздеу → Пітір садақа сервисіне өтіңіз: https://dz3a4.app.goo.gl/zakat Онда пітір садақа мен зекеттен бөлек, фидия мен садақа да ...

Толығырақ »

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Егер азық-түлік дүкен иелері ...

Толығырақ »

42 500 ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Бұхарбай Рысқұлұлының баяндауынша, төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 107 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар «Грамад», «Карлс крона» компаниялары мен «Қазыбек» ...

Толығырақ »

ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. — Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да екі санатқа қосымша өзгерістер енгізілді. Карантин кезінде мұқтаж және зардап шеккендерге, қарт адамдарға волентерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлардың (әділет ұйымдарына тіркелген жағдайда) қозғалысына рұқсат берілді. ...

Толығырақ »