Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлем жаңалықтары (страница 3)

Әлем жаңалықтары

«АЛТЫН САҚА» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Бұл фестивальде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары патриоттық рухты көтеруге арналған 21 фильмді қазылар алқасы назарына ұсынған болатын. Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілда ...

Толығырақ »

ЧЕХИЯ МЕН ҮНДІСТАН ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Биыл мақтаралдық «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеспек. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮНДЕУІ

ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы таныстырылды. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады. Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана айтылып бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында, 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып, содан бері қоғам қайраткерлері ...

Толығырақ »

ЛАТЫНҒА КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ!..

Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті тақырыптың бірі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда. Аталмыш тақырып аясында, 18.09.2017 ж. 11.00-де ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының қабырғасында «Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне көшуді қолдайды» тақырыбында ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ТІЛІ – ӘЛЕМ ТІЛІ

Қай заманда болмасын, мемлекеттің дамуы белгілі бір рухани немесе материалды өзгеріске итермелейді. Себебі, елдің ілгері жылжуында қажетті шешімдер, саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері осы жағдайды туындатады. Бүгінде латын әліппесіне өту әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тіпті үкімет назарына ұсынылған әліппенің әріптері дау туғызуда. Осы төңіректе тарихты қарайтын болсақ, латын әліппесінің әлем әліппесіне айналғанына көзіңіз жетеді. Латын әліпбиі б.з.б 7 ғасырда Римде ...

Толығырақ »

ІРГЕЛІ ІС

Әліпбиді айырбастау – іргелі іс, тарихи шешім. Егер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасайтын болсақ, бұл ісіміздің игілігін, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көре беретін болады. Ең бастысы, келешек ұрпақтарымыз ұлтты әлемдік өркениеттің сара жолына салып берген елге, туған халқына алғысын айтатындай болуы қажет. Латын әліпбиіне көшу – әліпби мен жазбаның ауысуы ғана емес, ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан мен Өзбекстанның ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданған іскерлік жиында ОҚО кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілді. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевта қатысты. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында әріптестік байланыс арта түсті. Мәселен, биылдың өзінде бекеттер ашылып, екі елдің арасында жаңадан поезд ...

Толығырақ »

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында болды. Сапар барысында Грекия республикасының елшісі облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдни бірлестігінің мүшелерімен бейресми жағдайда кездесті. Жүздесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, өңірімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этнос өкілдерінің экономиканы ілгерілетуге қосып жатқан үлесі жайында ақпарат ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕН 150 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрші елге жасаған сапары аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге 500-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты. Сонымен қатар, Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Қазақстанда өндірілетін өнімдерінің көрмесі өтті. Өзбекстан астанасында кеше басталған көрмеге 90-ға жуық отандық компанияның өнімдері қойылған. Қазақстандық тауарөндушілер көрмеге ...

Толығырақ »

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Таяуда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың жер мәселелерінде шешімін таппай жүрген түйіткілді проблемалары тыңдалды. Мәселен, жеке қабылдауға келген Шымкент қаласы, Абай ауданы, Көкбұлақ елді мекенінің бір топ тұрғындары Сайрам ауданынан берілген жердің бас жоспардың өзгеріп, Шымкент қаласына өтуіне байланысты ол жер телімдеріне соғылған үйлердің бұзылуына наразылық білдіре келіпті. Біршама уақыттан бері шешілмей ...

Толығырақ »

ОҚМУ-дың таңдауы – латын әліпбиі

  Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда. Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы да осы тақырып ...

Толығырақ »

КЕНТАУДАҒЫ ҚОЛДАУ

Кентау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіру туралы ұсынысына және жаңа графикадағы бірыңғай қазақ әліпбиін қалыптастыруға байланысты жиын өтті. Қалалық мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар және ардагерлер қатысқан жиынды қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ашты. Әкім Елбасының мақаласында айтыл­ған міндеттердің маңыз­ды­лығына тоқтала келіп, қазақ тілін біртіндеп ...

Толығырақ »

ЛАТЫНҒА КӨШУ – ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ

Қазақ жазуының жоспарлы реформасы турасында пікірталастардың белсенді болатыны  әубастан белгілі болған. Алайда дәл осы пікірталастардың бір жағы бұл мәселені саясатқа, геосаясатқа әкеліп тірейді. Осы орайда тағы да бір рет мәселенің анық-қанығын айту керек. Біріншіден, латын графикасына көшу – әуел баста мақсат етілген жоспар. Оған мемлекетіміз кезең-кезеңмен жақындап отырды. Бұл мәселенің мән-жайын түсінбей жүргендер үшін айтып кетейін: Президент латын графикасына көшу қажеттілігін ...

Толығырақ »

Қазақстанды әлемдік өркениетке жетелейді

Латын әліпбиіне көшу арқылы біздің алфавитімізде ұлттық болмыс, ұлттық сипат болады. Латын алфавитінен қазақтың рухын көріп тәрбиеленсе жастарымыз, қала берді келешек ұрпақ ұлтжанды болар еді деген ойдамын. 1926 жылы Бакуде дүниежүзілік туркологиялық конгрес өткен, сонда Кеңестер Одағындағы мемлекеттер тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесі сөз болған. Сол жерде Ахмет Байтұрсынов бұл ұсынысқа қарсы болды. Есесіне қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұлов ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасының Парламентіндегі «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» өткен тыңдауына арналған жиын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде болып өтті. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов: «Әлемдік өркениет жетегіне ілесу үшін, Ұлы дала Елінің салт-дәстүрін, мәдени бай мұрасын өзгелерге кеңінен насихаттау үшін бізге латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі өзекті мәселе, оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ЖҰРТЫ ЛАТЫНҒА ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ

Мәжілісте өткен латын графикасының бірыңғай стандартын енгізу туралы парламенттік тыңдауы Оңтүстік Қазақстан облысында қызу талқылауда. Бүгін облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің конференц-залында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі өтті. Кеңеске облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық ардагерлер кеңесі, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саяси партиялар мен кәсіподақтар және депутаттар қатысты. Кеңесті Оңтүстік Қазақстан облыстық ...

Толығырақ »

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚОЛДАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында мемлекеттік тілдің латын графикасына өту жайы талқыланды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында өткен кеңестің отырысына кеңес мүшелері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ пен облыстық мәслихаттағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшілері мен белді өкілдері қатысты. Кеңес отырысын Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының ...

Толығырақ »

ӘЛДЕҚАЙДА МАҢЫЗДЫРАҚ!

Қазақ елі Тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған латын қарпіне көшуді толық қолдайтынымызды және осы бағыттағы жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсететінімізді жеткізгім келіп отыр. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде. Сондықтан, біздің ойымызша, отаршылдық санада емес, ...

Толығырақ »

ҰТАТЫН ТҰСТАРЫМЫЗ БАР!

Елбасы Н.Әбішұлы 2025 жылдан бастап, латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз бар. Ол: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ!

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2017 жылғы 12-13 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтетін конгреске 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысты. Ірі мәдени шараның ашылуы 12 қыркүйек күні сағат 10.00-де Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет ...

Толығырақ »

Түркі халық­тарына бір қадам жақын­даймыз

Біз латынға көшу арқы­лы түркі тілдес халық­тарға бір қадам жақын­даймыз. Мұндай пікірді «Егемен Қазақстан» газетіне Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Серік Қирабаев білдірді. «Латын әліпбиіне өтуіміз керек – ол анық дүние. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз ол арқы­лы түркі тілдес халық­тарға бір қадам жақын­даймыз. Түркі ха­лық­тарының мәде­ниеті, сөздік құ­рамы латын әліпбиінде жазылғандықтан, оларды зерт­теу­ де оңайға түседі. Түп негі­зін­де ...

Толығырақ »

Қателікке жол беруге болмайды

Латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Баршаңызға мәлім, қазіргі уақыт ол бүкіл әлемде ақпарат технологияларының жоғары деңгейде дамуының кезеңі. Сондықтан біздің мемлекетімізде заманға сай «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, барлық білікті мамандар бірнеше жылдың ішінде латын қарпі бойынша қазақ әліпбиінің жаңа жобасын ...

Толығырақ »

Латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы

ҚР Парламенті Мәжілісінде Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасын таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда «бір әріп – бір дыбыс», «бір әріп – екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципі қолданылды. 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграфта ұсындық» ...

Толығырақ »

25 әріп болады

Парламенттің бірлескен отырысында қазақ әліпбиін латыншаға көшіру мәселесі қаралды. Отырыста баяндама жасаған Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталықтың директоры Ербол Тілешов латыншаға көшудегі қазақтың төл дыбыстарын қолдануды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның ...

Толығырақ »