Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Таным (страница 11)

Таным

ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи ...

Толығырақ »

ХІІ ҒАСЫРҒА ЖАТАТЫН БАЛБАЛТАС

Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды. Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Шілде айының соңында Ел ордасы – Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классты фестивальдермен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылады. Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық ...

Толығырақ »

Сахнаның патшасы

Шана қыстауынан – Жұмат Шанин ауылына дейін Баянауыл ауданындағы Күркелі ауылдық округіне қарасты Желтау ауылы – бауырласқан тауларынан ерекше лепті сыбызғы самал есіп тұратын жұмақ мекен. Қатар жатса да, бірінің суының – ащы, бірінің тұщылығымен жұмбақ жасырған Қос Шалқары мөлдіреп, Қойтас жаққа сәл-пәл аяқ бассаң, аспанға шаншылған Әулиетас қиялыңды бұлттардың ар жағына алып кетеді. Осынау ерекше мекенде Жұмат Шаниндей заңғар тұлғаның ...

Толығырақ »

Қосым туған Күркелі

Күркеліге аяқ басқан адам таусылмас қалың кітаптың бетін ашқандай күй кешеді… Сол  ауылда тусам да, неше барсам да, тұңғыш көріп тұрғандай күй кешем! Бұл жолы да солай болды! «Отарқалықтардың» бұл сапарына «Голос Экибастуза» газетінің тілшісі Алма Күлниязова мен жас ақын Ерболат Әміренов ерді. Атқосшы етіп әдейі жердің жөнін білетін, 30 жылдан аса көлік тізгінінде жүрген Қабиболла Ғабдысаттаровты таңдадық. … Сарғыштау даланы ...

Толығырақ »

«Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар»

Күркеліні жігерлі жастар ауылы деуге болады. Мұнда еңбекқор һәм отаншыл жастар ауыл халқының рухын көтеретін шараларға үнемі бастамашы болып жүргенін байқаймыз. Айта кетерлігі, ауылда ұйымдастырылатын спорттық шараларға қаладан арнайы барып қатысатындар аз емес. 7 шілде күні мұнда осы ауылдың тумасы — қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған мәдени-спорттық шаралар кешенді түрде ұйымдастырылды. Ертемен ауылдың үлкен-кішісі кіреберістегі Жұмат Шанинге арналған ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЖҰРТЫ: МӘМБЕТТІК ПЕН МӘҢГҮРТТІК

Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін «мәмбет», «мәңгүрт» сөздерінің шығу төркіні мен қолдану аясын саралап қарайық. Мәмбет – адамның есімі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың құрметіне қойылған есім болғандықтан халық арасында ерекше қастерленеді. Арабтың «хәмд» мақтау деген сөзінен шыққан. «Мұхәммәд», «әхмәд» сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді. Қазақ ішіндегі Махамбет, Мәмбетәлі, Ахмет есімдері де осы сөзбен төркіндес. Мәмбет есімімен тарихта қалған ірі тұлғалар ...

Толығырақ »

ЭКСПО-ДА ОҚО ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті.  Көрмеге қойылған 25 фото суретте  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. Фото-көрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың ...

Толығырақ »

ОҢАЙ ЖОЛЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды.  Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Шараға  студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен ...

Толығырақ »

МҰСТАФА ӨЗТҮРІКТІҢ АНАСЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

2004 жыл. Күндізгі 13.00-дегі жаңалыққа сюжетімді жасап шықсам, ұялы телефоныма бір нөмір қайта-қайта қоңырау шалыпты. Енді компьютердің алдына отыра бергенім сол еді, тағы да жаңағы бөтен нөмір звондады. – Тыңдап тұрмын! – Сәлеметсіз бе, Бибігүл қарындасым? Мұстафа Өзтүрікті білетін боларсыз? – Әрине, аға. – Мен сол кісінің шәкірті Исатай Қабековпін. Сізбен қалай кездесуге болады? Мұстафа ұстазымның анасы Рәзия апай туралы ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ДІНІШЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы халық әртісінің Отан алдындағы, мәдениет саласындағы еңбегін жоғары бағалап, оның елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал екенін атап өтті. Қазақстан Президенті мәдениетті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жылдары осы салада қол ...

Толығырақ »

ОҚО ЖУРНАЛИСТЕРІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ

Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап,  журналистер сапарына сәттілік тіледі.  Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға  инвестиция тарту екені белгілі.  Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...

Толығырақ »

ҰНАСЫМДЫ ҰЛАСБЕК

Жасырары жоқ, шенеунік десе шекелері шибарқыттана тыры­са­тындар жетіп-артыла­ды. «Шенеунік» деген сөз­ді айтқан адам­ның да, айналасында тың­дап тұрғандардың да миықтарын мысқыл түрткілей жөнелетіні рас. Демек, ой-санада, қоғамдық пікірдің ерсілі-қарсылы ағыстарында шенеунік атаулыға терістеу көзқарас, жа­ғым­сыздау психология қалыптасқан. Қалыптасқанда, ол кешелі-бүгін ғана емес, бұрыннан-ақ солай. Ал енді мұның себебі неде деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, шенеунік деген ұғымның өзі біздің сахарамызға, сайын ...

Толығырақ »

Шыңғысхан қайда жерленген, немесе наймандар жасаған үлкен қателік

Ұлы тұлғалардың өмірі мен өлімі жөнінде қашанда аңыз еріп жүрері белгілі Қазақтың білігілі жазушысы марқұм Қалихан Ысқақ «Айқын» (2012 жыл. Желтоқсан) газетіне берген бір сұхбатында: «Шыңғысханның жерленген жері жөнінде сан-саққа жүгіртетін әңгіме көп. Әрине оған нүкте қою мүмкін емес. Өйткені Ұлы Қағанның мүрдесін тауып, «мынау Шыңғысханның моласы» деп ешкім айта алған жоқ. Айта алмайды да. Тек «ана жерде, мына жерде» ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында өткен жиында алғашқы сөзді облыс әкімі Ж.Түймебаев бастап, Елбасының бұл мақаласы – ...

Толығырақ »

ЖЕРДІҢ ТӨРІ – ТҮЛКІБАС

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ...

Толығырақ »

104 ЖАСАР АҚСАҚАЛДЫҢ ӨСИЕТІ

1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді. 2. Жылдың кез келген уағында бірнеше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұрғанда тәніңе жердің лебін сездір. ...

Толығырақ »

Әкесі ұлына мына сөздерді айтсын!

1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол. 2. Ата-анаңды сыйла. 3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме. 4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. 5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес. 6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. ...

Толығырақ »

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Қазақ халқы үшін атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы қашанда айрықша мәнге ие. Себебі, кез келген адам алдыңғы аға буыннан көргенін көкейге түйіп өседі. Менің де құқық саласына деген қызығушылығым «Әке көрген оқ жонар…» деп қазақтың ғибратты тәмсілінде айтылғандай, әділеттің ақ туын көтерген ата жолынан бастау алады. Тегінде, құқық саласының кәсіби маманы болу деген ақжолтай арманның кірпіші сол отбасындағы тәлімді тәрбиеден ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҚТАРЫ

Отырар кітапханасында (директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова) «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен – атап айтқанда: қаламгер-журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, Ұлттық журналистік «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы ҚҰЛКЕНОВ МЕРЕКЕ ӘБДЕШҰЛЫМЕН, ақын, халықараралық «Алаш» сыйлық лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің ...

Толығырақ »

ИСАТАЙ БАТЫРДЫҢ ҚАРАҚҰМ ҚОНЫСЫ ЖАЙЛЫ БИЛІГІ

Жем өзені мен Каспий теңізі арасындағы қазіргі Жылой өңірінде Қарақұм деген шөбі шүйгін, табиғаты бай, қысы жылы, жазы жаңбырлы өңір бар. «Қарақұм» дегенше, «қарағым!» десейші» деп, халқы қастерлеген құтты қоныс. «Қарақұмның» қадір-қасиетін шаруа баққан қырдың қазағы біледі. Қарақұм десе бір тамшы суы жоқ, шөл дала деген сөз көкейімізге келіп тұрады. Бірақ Қарақұмның ежелгі тұрғындары судан тарықпаған. Кез-келген ойпаңын қарыс сүйем ...

Толығырақ »

Әкеме айтып қоймаңыз…

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын. Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл ...

Толығырақ »

Алғыс дәметкен қарияның алған жауабы

Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кеңес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші ауылдың бірінен бір шал Қарияға барып: – Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтардан жасап қонақ күткім келіп отыр, – деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі да қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастархан неше түрлі астармен толып-тасып тұрады. Тамақты жеп алып, ...

Толығырақ »

КӨЗДІҢ ЖАСЫ…

Бұл осыдан біраз жыл бұрын «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып жүрген бұрынғы әкімдердің бірінен хабар беретін жайсыз оқиға. Алаяқтарға алданған бір отбасы бастарына түскен қиындықтан құтылу жолдарын іздеп, осы кісімен ақылдасуға барған екен. Ол ә-дегеннен бар қиындықтан құтқарып беретінін айтып уәде берген. Ақысына сол отбасыдан кәмелетке толмаған қызын некелі әйел етіп алу үшін сұраған. Қыздың пәктiгi ...

Толығырақ »