Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Таным (страница 2)

Таным

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар, ҰОС ардагері ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы, 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. ...

Толығырақ »

ГЕНЕРАЛ БОЛАДЫ – ШЫМКЕНТТЕН КЕТПЕЙДІ!

Полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов Шымкент қаласының полиция департаментін басқарғалы үшінші мегаполисте оң өзгерістер айқын көріне бастады. Ол, біріншіден, полиция қызметкерлерінің халыққа, елге жақындай түсуі, қала тұрғындарының мұң-мұқтажына көңіл бөліп, назар аударуы. Қала көшелерінде тәртіп орнай бастағаны да бірден байқалады. Екіншіден, полиция қызметкерлері қала мектептерінің жанындағы жолдан өтуге кішкентай бүлдіршіндерімізге ештеңемен өлшенбес жәрдемін тигізді. Қазіргі таңда оқу мекемелерінің жанында бала өлімі ...

Толығырақ »

ДАРИҒА МЕН МӘУЛЕН, АИДА МЕН ДӘУРЕН…

Мамыр айының 4-ші жұлдызы ауыс-түйістерге бай болды. Мамырдың 2-ші жұлдызында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ҚР Президентінің Жарлығы жарияланғаны белгілі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МАХАЛ ПОЛАТБЕКОВ

Отан үшін от кешіп, жанын құрбан еткен отандасымыз Махал Полатбеков 1924-жылғы 24-мамырда қазіргі Ордабасы ауданының Төрткүл ауылында туылған. 1932-1942 жылдары мектепте оқыды. 1942-1945 жылдары Қызыл Армия сапында қызмет етіп, елге Ұлы Отан соғысы біткен соң оралды. 1945-1949 жылдары Тәшкент облысы, Ленин ауданында №109 мектепте әскери жетекші, директордың орынбасары, қазіргі Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылына қоныс аударып, осындағы «Қызылжар» қалқозы басқармасы төрағасының ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: МАРҚОЗЫ ИМАМ КЕСЕНЕСІ

Марқозы Имам кесенесі XIX ғ. ескерткіші, Еңбекшідихан ауылында (бұрынғы атауы Шұбанақ, Шобанақ) орналасқан, ол Түркістан облысындағы Кентау жолының бойымен Түркістаннан солтүстікке 10 шақырым жерде орналасқан. Мазар ескі зиратта, төбеде орналасқан. Ортаазиялық сәулет мектебі — порталды-күмбезді құрылыс дәстүрінде салынған.Ескерткіштің бастапқы бейнесінің сәулет — көркемдік құндылығы жоқ, кейіннен шаршы мазар үй-жайы конустық күмбезбен жабылған. Басты қасбеті күмбезді тауашалары мен бұрыштық мұнаралары бар ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ТЕРЕКТІ ӘУЛИЕ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Теректі ауылында орналасқан. Аумағы 3 гектардай қалың қарағашпен, терек, тұт ағаштары басқан. Бүгінгі күнге дейін ауыл адамдары қорым ретінде пайдаланып келеді. Қазіргі күнде мазар қазғанда, құмыра, қыш кесе, темір қорытпалар шығады. Кезінде бұл жерде қала болған деген дерек бар. 1220 жылы Отырарды алған монғол әскерінің бір түмені бүкіл орманды өртеп қаланы басып алады, бала-шаға қарттармен әйелдерді ...

Толығырақ »

БІРЕГЕЙ ТАБИҒИ КЕШЕН

Түркістан облысы аумағындағы Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бірегей табиғи кешенді, археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Парк аумағы Тау, Құм — шөлейт, ландшафтық кешендерден тұрады. Парктің флорасы шамамен 955 өсімдік түрі бар,олардың 40 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Саябақтың фаунасы 382-ге жуық құстар мен ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

Түркістанның оңтүстік — шығыс бөлігінде Гауһар ана кесенесі орын алған.Кесене «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорығының құрамына кіреді. Гаухар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Йассaуидің қызы. Анамыз туралы жазылған аңыз — әңгімелерге сүйенсек, емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Қожа Ахмет Йассауи ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ҚҰМШЫҚ АТА МЕШІТІ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтустік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан “Әулие Құмшық ата қылуеті “ XII ғ. тән ескерткіш болып табылады.Зерттеулер Құмшық ата мешітінде сопылардың уағыздары мен діни рәсімдері өтетін орын болғандығын растайды. Құмшық ата мешіті — енсіз ұзын дәліздің бүйірінде орналасқан шахтасы бар жер асты 2-Камералы құрылыс. Балшықтан күйдірілген кірпіштен, шаршы пішінді етіп салынған. Алыстан шаршы пішіндес бөлмежайдың жан ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ХАНТАҒЫ

Хантағы ауылы орныққан өзен арнасының күншығыс жақ жыра беті сонау ерте кезден-ақ «Ханның тағы» деп аталып келеді. Кейінгілер айтылу ыңғайына қарай «Хантағы» деп кеткен. Кентау қаласынан басталатын соқпақ Хантағы кордонына дейін 12 шақырымды, ал кордоннан ханның тағына дейінгі арақашықтығы 800 метрді құраса, Хантағына шығу жолы – 320 метр. Хантағы орналасқан аймақ теңіз деңгейінен 646 метр биіктікте орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Кез-келген қоғам мен мелекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуын кері тартатын құбылыс ол- сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің бәсекеге қабілетілігін төмендетіп, демократиялық дамуды тежейді. Азаматтардың қоғамға деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша елімізде құқықтық реформалар жасалып, ҚР Сыбайлас ...

Толығырақ »

БІЗ БІР АЛЫП ШЫНАРДЫҢ БҰТАҚТАРЫМЫЗ

Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға да, міне, 29 жылға аяқ басып барады. Бүгінгі таңда өшкеніміз жанды, өлгендеріміз тірілді. Тарихымызды қайта қарап бағамдай бастап, өмірден озған ұлы тұлғаларымызды да қайта тіктей түстік. Оның үстіне, кең тынысты кемеңгер ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына да бүгінгі күннің көзімен қайта таразылап, айрықша мән беру керектігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Аллаға шүкір! Дінімізге қуат кірді, тіліміз де ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС БАҒЫТТАРЫ

Құрметті оқырмандар мен ата-аналар! Міне, еліміз қашықтықтан оқыту форматында білім беруде үшінші аптаны да артқа тастады. Шымкент қаласындағы білім саласында осы аралықта атқарылған жұмыстары туралы Сіздерге баяндауды жөн көрдім. Апта қорытындысы бойынша қала оқушыларының қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші: 1. Телеарналарда – 17 350 (7,8%) оқушы. 2. Интернет платформаларда – 204 687 (92,2%) оқушы. («Daryn.online», «Bilimland.kz» интернет платформалары). Екі ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: КӨЗ АТА ӘУЛИЕ

​  Көз ата әулие кесенесі мен бұлағы Төлеби ауданы Ақбастау ауылында орналасқан. Аңыздарда Көзді атаның есімі – Сейіткерім қары. Шамамен 1714 жылдары өмірге келген. 104 жас өмір сүрген, ислам дінін насихаттап, егін егіп, елді ашаршылықтан аман алып қалған екен. Көз ата әулие жерленген жердің дәл іргесінде үлкен қазандық орын бар. Бұл – Көз ата әулиенің бұлағының орны. Бағзы замандардың бірінде ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ

Қаратау қорығы – Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ЕР ҚОЯН САХАБА КЕСЕНЕСІ

Түркістан қаласы, Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты, Серт ауылында орналасқан. ​​Ер Қоян сахаба қабірі Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты Серт ауылынан 8 шақырымдай солтүстік-шығыстағы Үкаша ата аңғары бойындағы төбе етегінде жатыр. Төбенің оңтүстік-шығысында 22х11 метрлік темір қоршаудың ішінде 13 метрлік тас үйіндісі бар. Осы орынды жергілікті халық «Ер Қоян ата әулие» деп атайды.Тас үйіндісі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатыр. Ер Қоян қабірінің басындағы 1,80х0,45,0,15 ...

Толығырақ »

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ОРДАБАСЫНЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

Шымкент қаласының Құрметті азаматы, жазушы-жездем Серік Жанәбілмен жиірек жүздесеміз. Ол кісінің әңгімесі жақсы. Жездемді көрген сайын жүзім жарқырай түседі. – Әу, Әсетжан, Ордабасыға кімді әкім қояйын деп жүрсің? – деп сұрады менен Секең. Мен ешкімді ешқайда әкім қойғалы жүрген жоқпын, әрине. Жездемнің әңгімесі солай. – Жездеке, апам қалай? Жақсы ма? Денсаулығы сыр беріп жүрген жоқ па? – Ееее, апаңды жау ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: МӘМЕТ ХАЛФЕ КЕСЕНЕСІ

Мәмет Халфе кесенесі Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан. Бұрынғы әдебиеттерде ескерткіш атауы Әзір баба деп жазылып келген. Жергілікті халық Мәмед Қалпе деп атайды. Басына қойылған белгісі мен қабірі ескі Созақ қорғанының нақ төбесінде. Ортағасырлық қалалар үлгісі цитадель, шахристан және рабаттан тұратыны белгілі, Мәмед Қалпе әулие осы ескі қала үлгісі бойынша цитадельдің нақ ортасында орналасқан. Басына тұрғызылған сағананың астыңғы жағы төртбұрышты ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ҚОСЫМ БАБА КЕСЕНЕСІ

Бәйдібек ауданы Шаян ауылының оңтүстігінде, мазар ішінде биіктеу жерге орналасқан. Кесене жоспарда төртбұрышты болып келген. Бір бөлмеден тұрады, көлемі 3,5 х 3,5 м. Қосым баба кесенесі күйген қыштан қаланған. Төбесі күмбезбен жабылған. Қабырғаларының сырты цемент тәріздес тастың үгінділерімен сыланған. Кесене ауданның сәулет өнерінің дамуы жағынан туристердің қызығушылығын тартады. Қосым баба (ишан) Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың күйеу баласы Әли (р.а.) мен Бибі ...

Толығырақ »

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ

СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген. Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек. Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ИҚАН ҚАЛАШЫҒЫ

Түркістан қаласы, Иқан ауылының орталығында орналасқан. Х-ХҮ ғғ. қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің «Абдулланама» атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ХҮІІІ ғ. өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй ...

Толығырақ »

САЙРАМ-ӨГЕМ

Сайрам-Өгем МҰТП-і Батыс Тянь-Шанның солтүстік — шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби, Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен ұйымдастырылған. Парктің жалпы көлемі 149 037,1 гектар. Соның ішінде: — Өгем филиалында — 76 573 га; — Төлеби филиалында – ...

Толығырақ »