Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 30)

Ауыл жаңалықтары

АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Озай зеки» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы «Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру» тақырыбы аясында кеңінен баяндалды. «Қазір ауылшаруашылығы саласы мемлекеттік қолдау күтеді. Субсидия кейде тиісті жеріне жетіп бармайды. Сондықтан Жолдауда бұл салаға да баса назар аударылды. «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған Түркістан қаласындағы мұғалімдер арасындағы қалалық спартакиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аптаға созылған жарыстың қорытындысы бойынша Ә.Науаи атандағы №13 мектеп-гимназиясының ұстаздары жалпыкомандалық есепте спорттық бәсекенің жеңімпазы атанды. ІІ орынға Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы қол жеткізсе, Р.Исетов атындағы №20 мектеп ұжымы ІІІ орынға табан тіреді. Жарыстың жабылу салтанатына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ӘЖЕЛЕР ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ» АТТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық қарттар күніне орай «Әжелер отбасының берекесі» атты әжелер байқауы өтті. Төрт кезеңнен тұратын байқауға Түркістан қаласынан және Сауран мен Отырар ауданынан жасы 55-тен асқан әжелер қатысып, бақ сынады, деп жазады облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алғашқы «Өзін, өз отбасын таныстыру» кезеңінде немере-шөбере тәрбиелеп отырған әжелеріміз өлеңмен және ән ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕР АТА-АНАНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛМАҒАНЫ АБЗАЛ

Бүгінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көңіл көтеретін орындарда сайран салып жүретіндері жасырын емес. Осыны негізге алған Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” мен Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып түнгі рейд өткізді. Дәстүрге айналдырған кезекті шара барысында ойын-сауық орталықтарында кәмелетке толмаған балалардың болмауын тағы бір тексеріп шықты. Интернет клубтары түнгі мезгілде жасы 18-ге толмаған жасөспірімді кіргізбеуі керек. Ал, кафелерде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

Түркістан музыкалық драма театрында ІІ маусымның шымылдығы түріліп, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанды. Маусымашарға қала, облыс басшылығымен қатар қала қонақтары және тұрғындары қатысты. Қойылымның қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А Көпбасарова. Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде бас кейіпкер көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» ...

Толығырақ »

КӨНЕ ШАҺАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаңдары бар. Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштарды дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалды. 45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 ...

Толығырақ »

«ТҮРКІЛЕР ТӨРІ ТҮРКІСТАННАН – ҰЛТ ҰЛЫСЫ ҰЛЫТАУҒА» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Қарттар күні мерекесі аясында Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Қазығұрт ауданы бойынша 2021-жылғы қаңтар-шілде де ауданды тұтас алғанда ауылшаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 20 613,6 млн. теңгені құрады. Бұл 2020-жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 89,4% құрап, оның ішінде мал шаруашылығы – 15 708,2 млн. теңге және 88,1% құраса, өсімдік шаруашылығы – 4 902,9 млн. теңге (2020 жылға 94%) құрады. 2021-жылдың қаңтар-шілде айында аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында 10 545,2 тонна ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде қоғамдық маңызы бар «Ұлы Даланың жеті қыры» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Аталған фотокөрме Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өтті. Рухани құндылығы мол шарада халқымыздың салт-дәстүрі, Түркістан облысының тарихи орындары және мәдени сәулеттік ескерткіштерінен сыр шертетін суреттер қойылып, көрмеге келушілердің жақынырақ танысуына мүмкіндік жасалды. Сайысқа облыс бойынша 17 аудан, қаладан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ» ТЕРМЕЛЕР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

«Farab» кітапханасында Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген қоғамдық маңызы бар «Текті сөздің төресі» термелер жинағы оқырманға жол тартты. Кітаптың тұсаукесеріне белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақтың терме өнеріне арналған бұл еңбек ұстаздарға, музыка мектептері оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАР ҰСТАЗДАРҒА АРНАП ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Түркістанда ұстаздар мерекесіне орай ерекше білімді қажет ететін балалар арасында «Мен өмірді сүйемін» атты мерекелік іс-шара өтті. Үйде оқытылатын балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған кеште қамкөңіл 17 оқушы өз өнерін ортаға салды. Тағылымды шарада ата-аналар ұстаздарға деген ақ тілегін арнап, алғыс білдірді. «Балаларға мерекелік кештің әсер еткені соншалық, олардың эмоциясынан байқалды. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің үйде оқытылатын 4-сынып ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА РАДИО АШЫЛАДЫ

Түркістан қаласында таяу болашақта жаңа радио ашылмақ. Бұл туралы «Turkistan media holding» ЖШС-нің Бас директоры Жанахмет Ағыбаев хабарлады. Аталған радио «Alatau media» орталығындағы «Turkistan media holding» жанынан құрылмақ. Оған түркиялық «ТРТ» корпорациясы қолдау көрсетеді. Бұл келісімге холдинг басшысы Жанахмет Ағыбаев Анадолы еліне барған арнайы сапарында қол жеткізді. — «ТРТ» радиосының шетелдер редакциясының басшысы Невзат Мемет Түркістанда ашылатын жаңа радиоға қажетті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан қаласында экологиялық сенбілік өтті. Акцияға бірқатар мекеме ұжымдары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенді жастар және еріктілер қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілікке қатысушылар “Жеңіс саябағы” мен шаһардың бірқатар көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы КММ басшысының орынбасары Ернар Бектаев акцияның мақсаты қоршаған орта мен өз айналамызды ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі бірқатар құрылыс нысандарының барысын аралады

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен «Отырар» мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады. Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды, І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Т.Бокин көшесінде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ САЛА МЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

«Балалар жылы» аясында Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары ...

Толығырақ »

«Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті

Жасөспірімдердің, әсіресе қыз балалардың арасында тәриелік бағыттағы жиындарды өткізудің қоғамдық маңызы өте үлкен. «Балалалар жылы» аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға құқықытық сана қалыптастыру және құқықытық мәдениет қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласы  Ж.Ташенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінде  «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа  5-7 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕ БАУЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқытылатын мамандықтарда кәсіптік-өндірістік практикалар кестеге сәйкес жүргізілуде. Оқушыларға арналған оқу практикасы нақты кәсіп саласының ерекшелігіне және болашақ мамандықтың кәсіби құзыреттілігіне байланысты барлық мамандықтарда өткізіледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Республика күніне орай, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан сайыс өтті. Аталған спорттық сайыс Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараның салтанатты ашылуында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жастарды алдағы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. — ...

Толығырақ »

ЕҢБЕГІ КӨПТІҢ – ӨНБЕГІ КӨП

Ел экономикасының дамуы кәсіпкерлік саласымен тығыз байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Жыл өткен сайын кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударылып, басымдықтар берілуде. Қазіргі уақытта елімізде азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, тұрмыстық тұтыну заттарын өндіру сұранысқа ие. Қазығұрт ауданының кәсіпкерлері осынау қажеттіліктерді ескеріп тиімді жұмыстарды қолға алған. Осындай кәсіпкерлердің бірі Жаһонгир Сабитов. Ол Тұрбат елді мекенінен кішігірім өндіріс ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКПЕН ІСІ КӨРКЕЙГЕН БАҚЫТЖАН

Байсейіт Сейітжаппарұлы мен Мәнсия Ақтанқызының отбасында дүниеге келген үш перзенттің үлкені Бақытжан Жәдігеров 1995-жылы мектепті бітірген соң, алғаш аудан орталығындағы ДОСААФ-та оқып, жүргізуші мамандығын алған. 1996-жылы жекеменшік оқу орыны Қайнар университетінің Шымкент қаласындағы бөліміне барып, заң факультетіне құжат тапсырып, үш жылдай білім алған. Содан соң белгілі себептерге байланысты академиялық демалысқа шыққан. Ол әрі қарай оқуын жалғастырмай, әкесінің үлкен бауыры, бизнес ...

Толығырақ »

Мейірімді жүректер мекені

Қазығұрт ауданында 2004 жылы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі  ашылды. Бұл кабинеттің негізгі мақсаты – сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қозғалысы аппараты, эмоциялық-еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Мұнда психологиялық-медициналық кеңес беру мекемесінің жолдамасымен 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады. 2021-2022 оқу жылдары арнайы жолдамамен  келген 96 бала әртүрлі деңгейде, яғни ақыл-ойы кенжелеп ...

Толығырақ »

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 3585 АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген. Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ КІТАП ОҚУ НАСИХАТТАЛДЫ

3-7 қазан аралығында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «FarUp zhastar» жобасы аясында қоғамдық маңызы бар «ZhasTimes – біз бастаймыз» апталығы өтті. Апталық аясында кітапхана жастары түрлі бағытта бірнеше шара өткізді. Атап айтсақ, «Денсаулық – active life» тақырыбында кітапхана қызметкерлері бой сергіту мақсатында оқырмандармен бірге дене жаттығуларын жасап, зор серпін сыйлады. Ал «Адалдық – ардың ісі» атты жәрмеңке өздері дайындаған тәттілерді ...

Толығырақ »

«AMAZING TURKISTAN» АРҚЫЛЫ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ МЕН ПОЙЫЗ КЕСТЕСІН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Былтыр Түркістанда туристер үшін іске қосылған «Amazing Turkistan» қосымшасы жаңа бөлімдермен толығып жатыр. Қосымша арқылы қолданушылар әуе рейстері мен пойыз кестесін біле алады. Бұл туралы Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді. Енді бұл жүйе түрік тілінде де ақпарат береді. Бұған дейін қолданушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат беріп келген. Жүйені бүгінгі күнге дейін ...

Толығырақ »

«Құқық бұзушылықтың алдын алу-баршамызға ортақ міндет» тақырыбында жиын өтті

Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда, Түркістан қаласында «Балалар жылына» орай бірқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, Түркістан қаласы Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ-мектеп-лицейінде  «Құқық бұзушылықтың алдын алу-баршамызға ортақ міндет» тақырыбында ата-аналар арасында жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Ж. Азретбергенова қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу екендігін, сонымен қатар, ...

Толығырақ »