Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 69)

Ауыл жаңалықтары

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінгі күнде Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс- туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық- түлік, ыстық тамақпен толық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАҒАН МӘЛІМДЕМЕСІ

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ!

2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы бар Мырзакент –Жеңіс -Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 300 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ БАЛАЛАР ҮЙІ ЖӘНЕ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ЖЕТКІЗІЛМЕК

Түркістан облысының әкіміӨмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды. Міне бүгін осы тапсырма аясында Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар «Дегдар» қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілмек. Бұдан бөлек, Жетісай ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ДИСТРИБЬЮТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақтаарал ауданының еңбекқор диқандары биыл 351,5 гектар жерге қырыққабат егіп, қазірдің өзінде 3584 тонна өнім алып үлгерді. Әрине, еліміздегі Төтенше жағдай мен күллі әлем халқын үйінен шығармай қойған пандемия қырыққабат өнімінің сатылуына кедергі жасап, нарықтағы бағасын күрт төмендетіп жіберді. Бұған дейін шаруалар еліміздегі барша блокбекеттерден кедергісіз өту үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан барлық облыстармен меморандум түзіліп, «Біз біргеміз!» логотипін ...

Толығырақ »

НҰРБОЛ КЕТСЕ, НҰРЛАН КЕЛДІ…

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі болып Байғұт Нұрлан Мархабатұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар маңызды жобаларға бағыт берді. Нұрлан Байғұт 1974 жылы 21 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДАН ЖЕТКЕН ЖЕДЕЛХАТ

Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҮН ҚАТТЫ

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматша, кәсіпкер Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы Үндеу тастаған «Ауыз ашар» челленджіне Келес аудандық маслихат депутаты, маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі жомарт азамат Нұралы Давлетияров үн қатып жалғастырды, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Халық қалаулысы «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Ауызашар» ретінде ...

Толығырақ »

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының үйлестіруімен ​ ауданда жүріп жатқан «Ауыз ашар» челленджін Келес ауданының белгілі кәсіпкері, партия мүшесі Әбдіғаппар (Әбен) Ордабаев мырза қолдап, жалғасын тапты, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні жаны жомарт кәсіпкер Әбдіғаппар Ордабаев «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында партияның «Ауызашар» ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан ...

Толығырақ »

ГҮЛДЕР ЖАҚЫН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

«Ханжук» шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді. Жылыжайдағы әр гүлді жеке стақанда өндіріп, сәуір, мамыр айларында сатылымға шығаратын кәсіпкер шаруашылығын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап көрді. «Ханжук» шаруа қожалығы өндірген гүлдер еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласынан бастап, Өскемен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ынтымақ, бірлігін нығайтуда өте ауқымды жұмыстар атқарып, бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырды. Соның бірі — Елбасы ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын берген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде әлемге бейбітшілік сүйген көпұлтты ел ...

Толығырақ »

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті арыстықтар! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің нұрымен шуақ алып келетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын «Бірлік» атты ауқымды түсінікті насихаттайды. Өйткені біз БІР мақсат, БІР мүдде, БІР болашақ жолына жұмылған елміз. Бүгінгі таңда әлемдік ортада өз орны ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округіне 150 млн теңге инвестиция тартқан «ӘБДІНАБИ» шаруақожалығы 150 гектар жерге жаңа технологияны қолдана отырып егін екті, деп жазады Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». 50 — ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған шаруақожалық бір жерден екі өнім алуды жоспарлап отыр. Ең алдымен, жерге тұқымы бөлек пияз отырғызған. Бір ай көлемінде өнімді жинамақ. ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР ҮШІН АҚПАРАТ АЛУ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Алдағы уақытта Түркістан темір жол вокзалында туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді. Ол орталық қалаға алғаш қадам басқан азаматтарға қысқаша ақпарат берумен айналысады. Шеткен келген азаматтар үшін тиімділігі жоғары бекет бұйыртса мамыр айында іске қосылады деп күтілуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айтып өтейік, бүгінде шаһардағы шойын жол вокзалында жөндеу жұмыстары жүруде. Ондағы ...

Толығырақ »

БАҚЫТЫН ҚАЗАҚТАН ТАПҚАН

Қоғамда әртүрлі этнос өкілдері үй болып, бақытты отбасын құру бұрыннан қалыптасқан. Соның бірі — қазақтың шаңырағына келін болып түсіп, қазақ халқының тілі мен салт-дәстүрін жалғастырып отырған, бүгінде бақытты әже атанған татар ұлтының қызы — Дариха әже туралы қалам тербеуді жөн көрдік. Дариха Фаридқызы 1962 жылы қыркүйек айының алтыншы жұлдызында Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде Хайбуллиндер отбасында дүниеге ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ

Түркістан облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары жеңілдеді. Енді бұрынғыдай 24 сағат бойы үйде қамалып отырмай бір мезет аулаға шығып таза ауамен тыныстауға, қажет болған жағдайда, көшеге шығып шаш қысқартып әсемдік салондарына барып келуге болады. Себебі, облыс көлемінде бас санитардың бұйрығымен аумағы 250 шаршы метрден аспайтын қызмет көрсету орындары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар енді асханалардан тапсырыс бойынша тамақ алдыруға да ...

Толығырақ »

ӘЛЕУЕТІ ӘЛЖУАЗ ТОПҚА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«Рамазан — мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға  азық — түліктер үлестірілді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды. Әр отбасыға жұмсалған қаржы он тоғыз мың теңгені құрайды. «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шара аясында әлеуеті әлжуаз топқа қолдау көрсетілді. ...

Толығырақ »

ЗЕКЕТКЕ 21 ҚОЙ ТАРАТТЫ

Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір жақсылықтың өтеуі Алладан. Шардара ауданында Нематіллә Абдуллаев деген азамат зекет есебінде тұрмысы төмен отбасыларға 21 қой таратып берді. Бұған дейін де қаладағы қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайтын атымтай жомарт жанға ел разы, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Қолы ашықтың жолы ашық». Нематілла мырза аудан экономикасының түлеуіне тер төгіп жүрген кәсіпкерлердің көш басында. ...

Толығырақ »

БІР ОТБАСЫНАН 7 АДАМ АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екенібелгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданының жастары өз қаражаттарынан ақша жинап, мұқтаж отбасыларға көмек берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті ...

Толығырақ »

БІР КЕЛІ БАЛЫҚ ҮШІН МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

Түркiстан қаязы – Қазақстанда Сырдария су алабында Шардара су қоймасынан бастап оның төмен сағасына дейiн (Арыс, Бөген өзендерi), Шу өзенiнiң су алабынан Қырғызстанның шекарасына дейiн тараған. Арал қаязынан айырмашылығы тұщы суды мекендейдi, алыс қашықтыққа қоныс аудармайды. Қабыршағы iрi, алтын тәрiздi сары түстi. Денесiнiң ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг-ға дейiн жетедi, 10 жыл шамасында тiршiлiк етедi. Түркiстан қаязының етi бағалы ...

Толығырақ »

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНАН БИІК МАРАПАТ ЖОҚ

Криминалист саласында қызмет ету – кез келген адамның қолынан келе бермейді. Себебі, әрбір істің артында адам тағдыры тұратындықтан жұмыс барысы білім мен біліктілікті, әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, бұл саланы көпшілік бір ғылымға теңейді. Арыс аудандық полиция бөлімінің Жедел криминалист тобының криминалисті Алихан Әмір жас болса да жауапты қызметті абыроймен атқарып келеді. Әрдайым оқиға орнына жылдам жететін ол, бүгінге ...

Толығырақ »

ЖАҢА ӘКІМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

Жуырда ғана тағайындалған Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Алғабас, Ағыбет ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ елді мекеніне кіре берістегі құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді, демеушілер есебінен соғылған спорт алаңшасы мен ауыл әкімі аппаратының ғимаратын көрді. Сонымен қатар елді мекен орталығындағы көшені жаяу аралап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырып, жобалық сметалық құжаттамасы бар бірқатар ...

Толығырақ »