Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 20)

Облыс жаңалықтары

КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕГЕ КӨМЕК

Арыстық полицейлер жалғызбасты көпбалалы әкеге көмек көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы полицейлері әрқашан қайырымдылық іс-шараларына үлес қосып келеді. Көпбалалы аналар, тұрмысы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар полицей назарынан тыс қалған емес. Ал, Арыс АПБ-нің қызметкерлері «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау» күні қарсаңында 5 баласы бар жалғыз басты әкенің үйіне барып, ...

Толығырақ »

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Бірінші болып аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Нұрманбетовтің «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты ұйымдастыру» және «Шаян елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау (реконструкция) бойынша әзірленіп ...

Толығырақ »

«ҚАСИЕТТІ ШАҺАР – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» ФОТОКӨРМЕСІ

Бүгін Түркістан қаласындағы жаңа Арбат алаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қасиетті шаһар — балалар көзімен» атты фото көрме өтті. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған онлайн-көрмеге қорық-музей қорында сақталған жас қылқалам шеберлерінің және 2018 жылы өткен «Астана және Түркістан» жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының туындылары, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен суреттеген ...

Толығырақ »

ШАҺАРҒА КЕЛУШІЛЕРГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіне жүгіну, энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер ...

Толығырақ »

АПАТ САЛДАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды. Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық бала-бақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады. Өмірзақ Естайұлы жаңадан бой ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Бүгін 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен Мақтаарал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер атсалысты. Олар әсем ән айтып, би биледі. Шара барысында 70-ке жуық балаға сый-сияпаттар, балмұздақ пен ойыншықтар тегін таратылды. Іс-шарада сөз алған Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ...

Толығырақ »

ҚҰШАҒЫНА СЫЙДЫРҒАН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС

1944 жылдары депортацияға ұшыраған ұлттардың басым бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Олар қазақ халқынан қамқорлық көріп, өз тағдырларын мәңгілікке қазақ жерімен байланыстырды. ⠀ Осы жылдары арнайы қоныстандырылған ұлттардың құрамында шешен-ингуш халқының өкілдері де болды. Әкем Оспанның отбасын Диханкөл ауылына жер аударыпты. Ал, анам Собырдың жанұясы мен туыстары бос жатқан жаңа жерлерді игеру үшін Қасқасу ауылына қоныс аударыпты. ⠀ Менің ата-анам 1947 жылы ...

Толығырақ »

БҰЛ АПТА ДА ТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ҚАРБАЛАСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

Жұрт назары ауып тұрған Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылы топан судан толық тазартылып, құрылыс басталды. Алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасы құйылды. Жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның 138-нің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі беріліп қойды. Дәл қазіргі уақытта мұнда 162 үйді бұзу және 45 баспананың іргетасын құю жұмыстарына дайындық жүргізіліп ...

Толығырақ »

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР ЖАДЫМЫЗДА

«Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымыздың қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!» Тура осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі… ⠀ Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың ...

Толығырақ »

ЕСІМДЕРІ АЛТЫН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ

Бүгін XX ғасырдың басында талайды сарсанға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. ⠀ Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ...

Толығырақ »

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА

Қазақ xалқы үшін XX ғасырдың ең ауыр кайғысы атанған Сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа тосылды. Алаш қозғалысына белсенді түрде атсалысқан қазақ зиялыларының көпшілігі концлагерлерге айдалды, атылғандары да қаншама. Куғыннан аман қалғандарына «Халық жауы», «Шпион» деген аттар тағылып, өмір сүру мүмкіндігінен айырды. ⠀ Баспасөз беттеріне шолу жасасақ, Сталиндік куғын-сүргін құрбандарының саны — 40 миллионға жеткені айтылып келеді. Дегенмен ...

Толығырақ »

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫНА ЖОЛ САЛАМЫЗ

Қазақ елі ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тарихқа бойлап жатыр. Елбасы Жарлығымен 1997 жылдан бері 31 мамырда ұлтымыздың өткеніне көз салатын бұл айтулы күннің маңызы зор. Алаш ардақтысы, ұлт қайраткері Міржақып Дулатовтың «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген сөзі бар. Терең әрі құнын жоғалтпайтын пікір. ...

Толығырақ »

107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛДЫ

ҚР Президентінің тапсырмасы аясында төтенше жағдайға байланысты 2 ай мерзімге коммуналдық төлем үшін дербес шоттарға 15 мың теңге жәрдемақы төлемдері жүріп жатыр. Түркістан облысы тұрғындары Telegram әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkіstan Bot» немесе call-орталық арқылы өтінім жолдап жатыр. Әр аудан, қалаларда жеке call-орталықтар жедел қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда, жалпы тұрғындардан түскен өтінімдер саны – 154 028, оның ішінде 107 496 өтініш ...

Толығырақ »

БАҒЛАН ХАЛЫҚОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов тікелей эфирде халықпен тілдесті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ТО ПД-нің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлымен тікелей эфир өткізілді. Онда полиция полковнигі Б.Халықов Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасындағы блок-бекеттер алынатындығы баршаңызға белгілі. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының арнайы «Алғыс хатымен» ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков марапаттады. Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін ...

Толығырақ »

ОН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан. Бүгінде Фердауси ауылындағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни әр жанұяға 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып ...

Толығырақ »

ДЕНІ САУ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан облысы, Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны 27-ші мамыр күні Кентау қалалық жұқпалы аурулар аураханасына жатқызылған. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан коронавируске шалдыққан әйелдің жатыр тыртығынан қан кету қауіптілігіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасайды. Дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 кг, бойы – 51 см. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Сәби індеттен дін аман. Қазір бөлек ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының 6 мектебінің балаларына «АЯЛА» қайырымдылық қорының басшылығы қонаққа келді. Қайырымды жандар 15 млн теңге қаражатына 5-9 сынып оқушыларына 251 жинақтама киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыстады. Балаларға қолдау көрсетіп, қуанышты көңіл-күй сыйлау үшін қормен бірге әйгілі JOKEASSES командасының вайнерлері келді. «Түркістан облысының әкімдігінен біз Қапшағайға ...

Толығырақ »

АВТОКӨЛІКТЕР СОҚТЫҒЫСЫП, ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ

Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл автокөліктер соқтығысып, жол апаты орын алды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін интернет желісінде бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде бейнежазба пайда болды. Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы 27.05.2020 жылы шамамен сағат 13.00-де Түркістан қаласында Шымкент-Самара тас жолында орын алғаны анықталды. «Донгфенг» автокөлігінің ...

Толығырақ »

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖҮРГІЗУШІ

Түркістан облысы полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, ол 5 жылға жуық уақытқа бас бостандығынан айырылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының патрульдік полицейлері күнделікті жол бойында тұрып, түрлі оқыс оқиғалардың алдын алып, жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір жолаушының аман-есен үйіне жетуі үшін үнемі түсіндіріп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні елімізде енгізілген ...

Толығырақ »

ТУЫСЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ

Түркістан облысы полицейлері қонаққа келіп, туысының телефонын жымқырған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-не Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000-нан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын ...

Толығырақ »

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН АҚША ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері ұялы телефоны мен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің басқаруындағы автокөлігімен үйіне келе жатып, жол бойынша тоқтатқан ауылдасын мінгізіп алып, жеткізіп тастағанын айтады. Әрмен қарай өзі үйіне жеткен уақытта, көліктің ішінде тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефоны және ұялы телефон қаптағышында (Чехолда) ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы полицейлері Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, оның тамыры терең тарихымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өздеріңізге белгілі мерекеге толы мамыр айында «Халықаралық музейлер» күні аталып өтіледі. Қиын да қауіпті полиция саласында ҚР ІІО-ның музейлері ерекше орын алады, олардың қызметі полиция қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың арасында полиция қызметін насихаттауға бағытталған. Осыған байланысты ...

Толығырақ »

АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР БАҚЫЛАУДА ТҰРДЫ.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша: «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса. Осы мамыр айында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері «өткен жылдар» санатындағы қылмыстарды жасағаны үшін екі қылмыскерді ұстады. ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі ...

Толығырақ »