Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 25)

Облыс жаңалықтары

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛЫҢЫЗ

«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары немесе Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс. Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі ...

Толығырақ »

МЕРЗІМІНДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Түркістан қаласында қарқын алған тұрғын үй құрылысын аралап шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды тиiмдi жұмысқа ынталандыруды тапсырды. Дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын толығымен қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған ...

Толығырақ »

АЛМА ЕГУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТУДА

Бүгінгі таңда Түркістан өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары артып келеді. Солардың бірі – «Нұрбақыт» шаруа қожалығы. Былтыр алма бау егуді бастаған қожалық төрағасы Талғат Өтеев бүгінгі таңда бау көлемін 14 гектарға жеткізіп отыр. 2019 жылы өз қаржысына 2 гектар жерге алма бау егіп бастаған шаруа, биыл мемлекет тарапынан «Қарапайым заттар ...

Толығырақ »

БҰРЫНҒЫ ПОШТА ҚЫЗМЕТКЕРІН ҰСТАДЫ

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған бұрынғы пошта қызметкерін ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ-нің кеңсесіне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам есепшотына мемлекет тарапынан түскен 30 000 теңгеге жуық ақшасын пошта бөлімшесінің белгісіз қызметкері заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ...

Толығырақ »

ӘКЕСІМЕН ТАБЫСТЫРДЫ

Түркістан облысы полицейлері адасып қалған 4 жасар қызды әкесімен табыстырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 19.05.2020 жылы сағат шамамен 17:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не Сарыағаш қаласындағы орталық көшелердің бірінде кішкентай қыздың жол бойында жылап тұрғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жайға Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Қыз балаға өзі жайлы толық мән-жайды сұрастырады. ...

Толығырақ »

БІЛЕКТІ ЖҰМАХАН

Полиция қызметкерлері болу – жоғары біліктілік пен бірге білек күшін де талап ететіні анық. Бүгінде тәртіп сақшыларының барлығы дерлік спортты жанына серік еткен. Ал, олардың арасында облыстық, республикалық сайыстардан топ жарып, жүлдегер атанып жүргендері де көп. Жұмахан Сейдірахманұлы бүгінгі күні ҚР ІІМ қарасты Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім алуда. Болашақ маман қазіргі таңда Ордабасы аудандың полиция бөлімінде тәлімгерліктен өтіп жүр. ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫ САН СОҚТЫРҒАН

Түркістандық алаяқ 21 мың теңге әлеуметтік көмек шығарып беремін деп 10-ға тарта тұрғынды сан соқтырған,  деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес азамат «мемлекет тарапынан беріліп жатқан 21 000 теңге арнаулы әлеуметтік көмекті алып беремін»- деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 50 000 теңгесін ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Табиғи газды пайдалану көмірмен салыстырғанда өте тиімді және қауіпсіз болып саналады. 1. Қысқы жылыту кезеңінде 1 жеке тұрғын үй шамамен 700 м3 газ тұтынады (үйдің шаршы алаңына байланысты). 1 текше метр табиғи газдың бағасы 32,4 теңге немесе 1 айға 22 680 теңге. Көмірдің шығыны 1 айға 36 000 теңге. Бұл қысқы кезеңде (күл шығару және т.б.) қаражатты үнемдеуге және қызмет ...

Толығырақ »

АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әділбек Мархабай батылдығымен көпшіліктің алғысына бөленген жігіт. Тәртіп сақшысы Түркістандағы «Отырар» мөлтекауданындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан. Дереу көмекке барған олар үйден егде жастағы екі қария мен оның қызын құтқарған. Өрт сөндіру қызметі мен жедел-жәрдем шақырып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен. Қуанышқа орай, үй ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМДЕРІ КЕҢЕС БЕРУДЕ

Елде енгізілген төтенше жағдай халық пен мемлекеттік органды әлеуметтік оқшаулауға алып келді. Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік аппарат арасында коммуникациялық кедергілердің туындауына себеп болды. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба Түркістан облысының аудан әкімдері тарапынан барынша қолдау тауып отыр. Аудан басшылары өңір ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы анасы Ғаникамал Ергешбаева «Полицейлерді де «Отбасы күнімен» құттықтап, жанұяларына амандық, ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды ретке келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бөлім басшысының ...

Толығырақ »

СУ АРНАЛАРЫНЫҢ АЙМАҒЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Түркістан облысында Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауына шашу әдісін қолданып улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу ...

Толығырақ »

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі жазғы шомылу маусымы кезінде суайдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке орай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді. Оның ...

Толығырақ »

ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысы полицейлері тарапынан қайырымдылық шаралары әлі де өз жалғасын табуда, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы ...

Толығырақ »

НЕСИЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері сыныптасының атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті   анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, Алматыдағы сыныптасы оның атынан банкомат карточкасының реквизитін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен 2 рет онлайн несие алған. Келтірілген шығын көлемі 75 000 теңге. Полиция бөліміне осындай арызбен тағы бір жас ...

Толығырақ »

ӨЗ ҮЙІНДЕ ҚАРАСОРА ЕККЕН

Түркістан облысы полицейлері есірткі сатқан және қарасора еккен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістандық полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымын жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары аясында бірқатар қылмыстарды ашып, есірткі сатқан, сора еккен күдіктілерді құрықтады. Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен ...

Толығырақ »

ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТЕГІН ҚОСТЫ

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген. Жалпы, шаһардың экологиялық ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ӘСКЕРИЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен бір топ ерікті әскерилер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, қысыл-таяң шақта жанашырлықпен елге қызмет көрсеткен азаматтарға алғысын айтты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде «COVID-19» індетінің таралып пандемия деп жариялануына ...

Толығырақ »

146 АЗАМАТ ЖАЗЫЛДЫ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін. Жазылған азаматтар Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды.Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ. Жалпы, Түркістан ...

Толығырақ »

МАЛ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қауіпі жоқ. Бүгін бұл туралы Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі ...

Толығырақ »

ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Түркістан облысында жалпы саны 748 мешітбар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат орындарында құлшылық жасау уақытша тоқтатылған болатын. Әлі де жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Демек, карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беру қажет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін үйде өткізуге үндейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді ...

Толығырақ »