Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 3)

Облыс жаңалықтары

29600 ДАНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды. “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. «Таза өлке” тақырыбында тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау, көшеттер егу жұмыстарын жүргізуде. ...

Толығырақ »

ORDABASY: АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕС ҚОСУДА

Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылының тұрғындары “Таза Қазақстан” акциясына өз үлестерін қосты. Олар үй шаруаларын тастап, арнайы белгіленген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ қарабастаулықтарға халық қалаулысы Нұзат Ортай өз есебінен 300 метр сетка алып беріп, нәтижесінде тұрғындар асарлатып көшет егілген аумақты қоршап алды. Өз кезегінде ауыл тұрғындары демеушілік көрсеткен азаматқа алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта ауылды көгалдандыруға өз үлестерін қоса беретіндіктерін жеткізді. ...

Толығырақ »

Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығында өңірдің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар мекеме басшыларына Ішкі істер органдарындағы цифрландыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастығы Мұрат Төлеубаев, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешев, ...

Толығырақ »

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады

Полиция бағалы тон мен жүзік ұрлаған күдіктілерді ұстады Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған екі күдікті жігітті қолға түсірді. Белгілі болғандай, үй иесінің жоқтығын байқаған күдіктілер кешкі уақытта үйдің терезесі арқылы кіріп, ұрлыққа барған. Жатын бөлмедегі бағалы тон мен күміс жүзікті қолды еткен. Жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 500.000 ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйінде өтеді. Созақ ауылдық округінің азаматтарын жеке қабылдау сағат 12:00-де болады. Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 15:00-де ауылдық мәдениет ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

Арыс халқы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауды әлі де жалғастыруда. Көмек жинау пункті Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында жанынан құралған. Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқан уақытша көмек орталығы осы уақытқа дейін 2 газель қажетті заттарды Батыс Қазақстанға жіберіп үлгерді. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын әлі де жалғастыруда. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: -Киім-кешек. -Балаларға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚ ПЕН ТОРАҢҒЫНЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл — жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан — қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты. – Өңіріміздегі медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты жақсартуға болады. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарып келеміз. 2022 жылы ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жыл басынан бергі үш айда жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарының 494-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, уақытша жұмыс орындарына 734 адам жолданып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттырып, тұрақты жұмыс орындарына кемінде 2400 адамды, уақытша жұмыс орындарымен 1665 астам адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық Мансап орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев мәлімдеді. ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданында кәсіп ашқысы келетін инвесторлар саны артып келеді. Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту­дың маңызы зор. Себебі инвес­тиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті болып табылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ORDABASY: СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық мәслихаттың бірқатар депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдердің және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, жастар, тұрғындар, белсенді азаматтар қатысып, арнайы белгіленген аумақтарда тазалық және көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімі Азат Оралбаев тазалықты ретке келтіру бағытында аудан аумағындағы көшелерді аралап, жүргізіліп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 150 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

Арыс қаласында Орталық «Ысқақ» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бұл игі бастамаға «Қолғабыс» қоғамдық қоры қолдау білдіріп отыр. Қасиетті айдың құрметіне орай өткізілген қайырымдылық шарасында Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев пен игілікке жаны құмар азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж 150 отбасыға азық-түлік салынған қоржындарды үлестірді. Азық-түлік салынған себеттер зағип жандарға, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар жандарға ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков автоматтандырылған газ тарату станциясында болып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңта онда «Стройгаз» ЖШС-і арқылы газ тарату қондырғысына қажетті блоктар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүруде. Аудан басшысы мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, монтаждау жұмыстарын өз уақытында сапалы атқаруды ескертті. Жауапты мамандарға әрбір істі жіті бақылауды тапсырды. Айта кетейік, Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт, Шарбұлақ, Қызылқия және Алтынтөбе ауыл округтерінен келген бірқатар тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары, ауыл округ әкімдері мен тиісті мамандар қатысты. Әкімнің қабылдауында болған азаматтар тұрғын үй мәселелері, кәсіпкерлік бағытта және егістік жер сұрау, жұмыссыздық, табиғи газ, ауыз су және электр бағаналарын орнату ...

Толығырақ »

АУДАНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРЛЫ АТҚАРЫЛУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен кезекті кездесуі Дербісек ауылдық округінде жалғасын тапты. Алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің қаншалықты орындалғанын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. -Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде көтерілген 38 мәселенің 13 ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ 22 ҮЙ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы “Отырар” шағын ауданында орналасқан көпқабатты 36 үйдің қазіргі таңда 22-сі табиғи газ тұтынуда. 11 үйде газ құбырларын қосу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі аппараттық мәжілісте құрылыс бөлімі басшысының есебін тыңдаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шағын ауданды табиғи газбен қамтуды 30-сәуірге дейін толық аяқтауды тапсырды. Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы қала аумағында санитарлық тазалықпен “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-дан бөлек 6 жеке кәсіпкер ...

Толығырақ »

КӨШІП КЕЛГЕНІНЕ КӨП БОЛМАСА ДА, ЖАҚСЫ ТАБЫС ТАБУДА

Азиза Абдрасулова Қостанай қаласына Түркістан облысы, Түлкібас ауданынан көшіп келген. Азиза «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы 1 380 000 теңге қайтарымсыз грант жеңіп алады да, гриль, чикен, лаваш дайындайтын құрал-жабдықтар, тоңазытқыш, фритюр сатып алады. Көшіп келгеніне жарты жыл толмаған жас кәсіпкер жаңа ортаның ұсынған өнімдеріне үйреніп, жақсы табыс таба бастағанын да жасырмады. Кәсіп жүргіземін деушілерге мүмкіндіктер көп екенін айтты. Атап айтсақ, бәсекелестік ...

Толығырақ »

ӘЙТЕНОВ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Қостанай қаласына көшіп барып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Жасұлан Әйтенов құрылыс компаниясында инженер болып жұмыс істейді. 32 жастағы түлкібастық азамат қараша айында жеке меншік үй сатып алуға құжат дайындағанын жеткізді. Себебі, биыл мамыр айында көшіп барған Жасұлан 6 ай мерзімінде үй сатып алуға өтініш беріп үлгеруі керектігін ұмытпады. Жасұлан Әйтеновтың жұбайы ұлттық нақыштағы киім мен түрлі бұйымдар тігеді. Әзірге жұмысын ...

Толығырақ »

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА КӨМЕК КӨП

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали оңтүстік өңірлерден халықты қоныстандыру жұмыстары бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп, Түркістан облысынан келген ақпараттық топ мүшелеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Ринат Зәкиұлы Қостанай облысы бойынша 2017 жылдан бастап қоныстандыру жұмыстары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ал 2022 жылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. 2017 жылдан бері бүгінгі күнге ...

Толығырақ »

“ОТАНЫМ ЖҮРЕГІМДЕ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен, осымен екінші рет ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Патриоттық өлең оқыған оқушыларымыз бен студенттер әлеуметтік желі арқылы өзара бақ сынасты. 100-ге жуық қатысуша өтінім берген байқауда биыл ерекше белсенділік байқалады. Айта кетейік, қатысушылар санының көптігіне байланысты нәтиже бүгін шықты. Жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі алдағы аптада ұйымдастырылады. Жеңімпаздармен алдын-ала байланысып, хабардар етеміз. Арнайы шығармашылық топ өлеңдерді тыңдап, ...

Толығырақ »

Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Жезқазған қаласында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын ...

Толығырақ »

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам-мұғалім. Осы орайда 25 қазан Республика күні ...

Толығырақ »

«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» – ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК АДАМЫНА

25 қазан — Республика күніне орай «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы келіп, талай жылдар білім саласында қажырлы еңбек еткен Байгонова Раушан Байсбаевнаны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттады. ​Байгонова Раушан Байсбайқызы 1959 жылы 1 маусымда Шымкент облысы, Ленгер ауданы, Подгорное елді мекенінде өмірге келген. Білімі жоғары. 1977 жылы «Коммунизм» ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР БІЛІМ МЕКЕМЕСІН АРАЛАДЫ

Түркістан облысына арнайы келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова бірқатар білім беру мекемесін аралап, жұмыстарымен танысты. Шолу барысында Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өзі ақпаратты таныстырып, жұмыстарды көрсетті. Басқарма басшысы жоспарлы түрде 3 түрлі мектепті таңдап алды. Алдымен жаңадан ашылған мектеп, күрделі жөндеуді талап ететін білім ошағы мен құрылысы жүргізіліп жатқан нысанды ұсынды. Алдымен Түркістан қаласындағы №28 ...

Толығырақ »