Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 34)

Облыс жаңалықтары

СУ МӘСЕЛЕСІ САУАТТЫ ШЕШІЛУДЕ

Түркістан аумағындағы қуарған жерлерге қуат бітіп, бос жатқан жерлерге ағын су келе бастады. Түркістан облысы мен облыс орталығындағы ағын су тапшылығын жойып, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және ағын су көлемін үнемдеу бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында бірқатар жұмыстар басталып кетті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ағын су барған аумақтарды аралап, жергілікті ...

Толығырақ »

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысында «Кең Дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу ісі қолға алынуда. Бұл жобаны «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржылық ұйымы қаржылындармақ. Осы мақсатта биыл 950 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, аталған бағдарлама бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ оператор болып бекітілген. Бүгінгі таңда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы тарапынан мақта, мақсары, бидай және бақша дақылдарын ...

Толығырақ »

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ

Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды ! Карантин режимінде көктемгі дала жұмыстарын кедергісіз жүргізу алгоритмі. 1.Түркістан облысы аумағында жүру: АШТӨ-рі тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін ЖСН және автокөлік нөмірін енгізеді. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді. Рұқсат қағазға (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып, тиісті ...

Толығырақ »

10 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Елімізде Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Түркістан облысында жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бүгін, 27 сәуірде облыс бойынша «Біз біргеміз!» акциясы аясында азық-түлік алған отбасылар саны 10 мыңнан асты. Оның ішінде Жетісай ауданында 1450, Сарыағаш ауданында 910 және Кентау қаласында 740 отбасыға көмек жеткен. Игі бастаманы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы және аудан, қалалардағы филиалдары ...

Толығырақ »

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында сәуір айының соңында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып қойған. Бұл жерде әр мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар ...

Толығырақ »

ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркістан облысының ауруханалары германиялық жасанды жеделдету аппараттарымен толықты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды. Өмірзақ Шөкеев COVID-19 инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың қатаң бақылауда екенін атап өтті. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған 26 өкпені жасанды ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРГЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында 40 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған. ҚР Еңбек және халықты ...

Толығырақ »

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Оның ішінде бізідң қаншама жерлестеріміз қан майданға аттанып, оралмағаны қаншама… Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды. Өту мерзімі ағымдағы жылдың 27 сәуірі мен 5 мамыр аралығы. Мақсаты ...

Толығырақ »

ДАУРЫҒУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Аграрлы аймақ болып табылатын Жетісай ауданы үшін көктемнің бел ортасы нағыз қарбаласқан шақ. Ақпан айының аяғына егілетін ерте пісетін орамжапырақтар бүгінде таңда пісіп алды көршілес мемлекеттерге жөнелтіліп үлгерді. Әлеуметтік желіде қырыққабаттарды блок бекеттерден өткізе алмай жатырмыз ешкім алмай жатыр деген ақпараттар да тарап үлгерді. Қазір жер емген диқандардың бұл мәселесі шешіліп, өнімдері саудаға шығарыла бастады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгінде елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтау мақсатында түрлі шаралар қабылданып, тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтауға кеңестер беріліп, үйден шықпау басты талапқа айналды. Тұрғындардың үй-жайларында қалулары арқылы өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі жоғары. Себебі, лезде таралатын вирустың алдын алу мақсатында аудандар арасында блок-бекеттер қойылды. Блок-бекеттерде күн-түн демей, дәрігерлер, ...

Толығырақ »

25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады. «Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес өңірде жаңа ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан аз ғана уақыттың ішінде жасыл желекке оранып, таза әрі жасыл қалаға айналып келеді. Қалада көптеген демалыс орындары пайда болып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамыр айының 15-не Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ...

Толығырақ »

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Құрметті Достар! #МЕН_БАТЫРДЫҢ_ҰРПАҒЫМЫН Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды. Мақсаты – Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, батырлардың ерліктерін дәріптеу. Біздің аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы мыңдаған тарих бар. Сондықтан, біздің байқауымыз арқылы осындай оқиғалармен бөлісуді, майдандағы және ...

Толығырақ »

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Төтенше жағдай кезеңінде тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсетіледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУШЫ ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин режимін бұзушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Әлеуметтік желіде «ватсап» мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған. Тексеру барысында 23.04.2020 жылғы Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскені анықталды. Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ – 12,9 МЫҢ ТОННАНЫ ҚҰРАЙДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 10 базар толығымен жабылып, қазір тек «Иман» ЖШС-і базары мен «Арзан» маркеті азық-түлікті жеткізу қызметімен айналысуда. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков және ауданның бас полицейі Бауыржан Зиятаев сауда орындарын аралап, азық-түлік қоры мен баға тұрақтылығына және ондағы төтенше жағдай талабына сай тәртіп пен тазалықтың сақталуына көз жеткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ЖАЗДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан спортының дамуында өзіндік үлесі бар Түркістан облысының спорт саласы жаңаша сипатта дамуда. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде əлемдік аренаға алып шығар бірқатар спорт кешендері мен халықаралық талаптарға сай стадион салынуда. Бұл туралы Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.  «Самұрық Қазына»ұлттық əл-ауқат қорының демеушілігімен бой түзеп жатқан бұл стадион еліміздегі ірі кешендердің бірі ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас -аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жергілікті тұрғындар ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Түркістан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 24 сәуір күнгі мәліметіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түлік тауар түрі бойынша 12906 тонна қор бар. Аудан халқының бір айлық қажеттілігі 8605,4 тоннаны құраса, бұл дегеніміз аудандағы азық-түлік қоры 1,5 айға жетеді деген сөз. Оның ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік ауылында тағы бір жалғыз басты көпбалалы ана баспаналы болды. Бұл иглікті іске «Харекет» қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Осыдан бір жыл бұрын отағасынан айырылған Бегайым Киікбаева балаларын жалғыз өзі өсіріп отқан еді. Ананың қуанышында шек жоқ. Бұрын ...

Толығырақ »

3 АЙДА 15 ОРМАН ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 3 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 15 өрт оқиғасы тіркелді. Жалпы орманды дала өрті 2347,8 гектар жерді шарпыған. Оның орманды алқабы 287 гектар, ормансыз алқабы 2060,8 гектар. Нәтижесінде орман шаруашылығына 802,2 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков мәлімдеді, деп жазады Түркістан ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

Келестік мемлекеттік қызметші суға кеткен қызды құтқарып қалды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы бойынша карантиндік режим енгізілген болатын. Карантин режимін сақтау бойынша Келес ауданында бақылау бекеттері орнатылып, соның Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңындағы «Ошақты» каналында 21 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында оқыс оқиға орын алған. Яғни ...

Толығырақ »

70-ТЕН АСТАМ СІРІҢКЕ ҚОРАБЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысының полицейлері марихуана салынған 70-тен астам сіріңке қорабын тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері және Түркістан облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, полиция қызметкерлері оның ауласындағы сарайдан құрамында есірткі тектес заты бар 74 дана ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймыз! Ізгілік пен мейірімге толы айда ұстаған оразаларыңыз, игі амалдарыңыз бен құлшылықтарыңыз қабыл болсын! Жаратқаннан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық тілейміз! Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Толығырақ »

БЛОК БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының шекаралық аймақтарына блок-бекеттер 18-наурыздан бастап орнатыла бастады. Тәулік бойы қызметке кіріскен полиция қызметкерлері мен медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын тексеруден өткізді. Ал, өңірде карантин жарияланған тұста олар күшейтілген режимге көшті. Қазіргі таңда қатаң тәртіп пен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жасап жатыр, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Шақпақ» бекетінде ...

Толығырақ »