Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 5)

Облыс жаңалықтары

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 25 қазан — «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті. «Ұстаз барысы» жарысы «Білім беруді дамыту орталығы» тарапынан 2022 жылы бастау алған болатын. Ұстаздықпен қоса құрыштай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысы прокуратруасының кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтау, балалар арасындағы және оларға қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарды сапалы атқару керектігін айтты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 1500-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫ МЕКТЕПКЕ ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын. Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9 автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалданып отыр. Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 63 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық — 11 мектеп, 600 орындық — 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық — 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық — 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады. Биыл 29 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжде оқитын тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалардың өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Түркістан облысы, Кентау қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты. Бүгінде еліміздің 21 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК 11 ЖАСАР ОҚУШЫ ГИПСТЕН БҰЙЫМ ЖАСАУ КӘСІБІН МЕҢГЕРГЕН

Келес аудандық білім бөліміне қарасты №20 Т.Бердияров атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Нұрсырым Ұлық мүсін жасау өнерімен бірнеше жылдан бері айналысады. Мүсін жасауды 9 жасынан үйренген жас шебер қазіргі таңда бұл саланы кәсіпке айналдырып отыр. Ол түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған теңге жәшіктерін жасайды. Сондай-ақ той-томалақтарға түрлі кәдесый жасап, бұйымдарға тапсырыс қабылдап жатыр. Бұл өнер түрін ол ...

Толығырақ »

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЙТА ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысындағы білім нысандарының алдағы жылу беру маусымына дайындығы қатаң бақылауда. Қыстан қысылмай шығу үшін дайындық жұмыстары үлкен жауап­кершілікті талап етеді. Соның ішінде жыл сайын жылу қазандықтары мен жылыту құбырларын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары қатаң сұралады. Бұл тұрғыда Түркістан өңірінде де биылғы қысқа дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оған жауапты мамандардың қам-қарекеті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Облыс ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АШЫҚ КОНКУРСТАН ӨТУДЕ

Түркістан облысының білім басқармасында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңі өтті. Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Түркістан облысының аудан-қалаларындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті. Алдымен Түркістан мен Кентау қаласында және Сауран ауданында ұйымдастырылды. Содан соң Арыс қаласы мен Ордабасы, Отырар ауданында барлық білім беру ұйымдарымен «Адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты дәріптеу тақырыбында» өткізілді. Аталған семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расұл, Құқықтық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ ӨТТІ

Облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысын құттықтауында бұл шараның мән-мағынасы зор екені, матемиканың адамға берер пайдасы, Қазақстанда математиканың мықты мектебі қалыптасқаны, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған. Сонымен қатар өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ӨМІР БҰЛАҒЫ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Елімізде 1 шілдеден бастап адамның туылғанынан жалпы өмірлік циклы бойынша мәселелерін реттейтін Заңнамалар жиынтығы Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникалық құралдарының түрлерін кеңейту, сапасын жақсарту секілді жүйелерді транформациялануда. Түркістан қаласында мүгедектігі бар балаларды тәрбие және оқумен қамтамасыз етуге арналған «Өмір бұлағы» оңалту орталығы ашылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық жұмыспен ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік-психология» кафедрасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын, тәрбиенің жылдық жоспарын талдау, сараптау мақсатында кезектен тыс шығармашылық топ отырысын өткізді. 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарын талқылап, тәрбие жұмысының біртұтас кешенді бағдарламасына талдау жасады. Сондай-ақ, отырыста мектепішілік ішкі тәртіп ережесінің жаңа формасын және ата-анамен келісім шарттың бірыңғай формасын әзірлеу т.б. әртүрлі мәселелер талқыланды. Шығармашылық топ отырысына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын ...

Толығырақ »

Облыста білім беру мекемелері мен жаңа ғимараттар көптеп салынуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына көрсеткен қолдауының арқасында өңірлерде заманауи талапқа сай білім беру мекемелері мен жаңа ғимараттар көптеп салынуда. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына облыста қолайлы жағдай жасалған. Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округінде аудандағы алғашқы «GREEN SCHOOL» инновациялық жайлы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи білім нысаны STEAM жүйесі арқылы оқытылады. Бұл — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібіне облыстағы білім саласы арқау болды. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі. Облыс басшысы оқу жылына дейін тапсырылуға тиіс мектептердің құрылысын, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. – Білім саласына биыл бюджеттен 597 млрд. теңге ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы болып Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлы тағайындалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев басқарма ұжымына жаңа басшысыны таныстырып, жұмысына сәттілік пен табыс тіледі. Сонымен қатар, аудан, қалалық білім бөлімдерінің жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының білім сапасын көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындауды, өңірдегі білім саласындағы бірқатар ...

Толығырақ »

САЙРАМДА МАНГО, АВОКАДО ӨСІРІЛЕДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда. Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты. Бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Ауданда 5 облыстық және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында «Жас талап», «Ер Жәнібек» спорт клубтары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Осы аталған 8 спорт мекемелерінде 3866 оқушы спорттың    20 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, еркін күресі, грек-рим күресі, белбеу күресі,  дзюдо,  бокс,  жеңіл атлетика,  қол күресі, гир спорты,  таеквондо, тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар, асық ату, үстел теннисі, ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері  15 мәдениет мекемесі ашылды.   19 нысан  күрделі жөндеуден, 4 нысан ағымдағы жөндеуден өтіп, 3 нысан жаңадан салынды. Мәдениет мекемелерінде 76 үйірме (домбыра, терме, ән, би, вокал, ВИА, гитара, қолөнер, қобыз т.б.) жұмыс жасайды, оған қатысушылар саны – 770 адам.   Қоғамдық сананы жаңғырту аясында қазақ халқының ежелгі рухани мәдениетін, дүниетанымын, мол мәдени мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жас ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ІСКЕРЛІГІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Арыс қаласының бір топ кәсіпкері қытайлық компаниялармен бірлесіп, зауыт ашуға бел буып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдан оралған арыстық кәсіпкерлерді қабылдады. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған делегация құрамында болған азаматтар Қытай Халық Республикасындағы бірнеше зауыт-фабриканың жұмысымен танысқан. Осы сапардан кейін арыстықтар жергілікті кәсіпкерлер одағын құруды көздеп отыр. – Қытайда болдық. Көптеген кәсіпорындарды, зауыт-фабрикаларды көріп, таң қалдық. Содан кейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫНДА ӨҢІРДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

2023 жылғы 11 қыркүйекте сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды хабарлап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтарына тоқталды. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» 51 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылында пилоттық жоба аясында 71 өтініш түсіп, оның 51-і мақұлданған. Түркістан облысында аталған жоба арқылы кәсіп бастағандар қатары күн санап артып келеді. Сонымен қатар оң қорытынды алған және 80,8 млн. теңгеге бағаланған 13 жоба жылыжай шаруашылығы болса, 208,25 млн. теңгеге мақұлданған 37 жоба сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға, ал 27 млн. теңгенің жобасы ауыл шаруашылығы өндірістік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

Естеріңізде болса, ҚР Президент сайлауы қарсаңында елімізде «Baqyla» қоғамдық ұйымы құрылып, саяси процесстің әділ өтуіне атсалысқан болатын. Тиісінше, маңызы зор саяси додалардың барысын қадағалауды мақсат еткен ұйым еріктілері 19 наурыздағы ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын дұрыс өткізуге де үлес қоспақ. Нақтырақ айтсақ, ұйым еріктілері сайлау күні Түркістан қаласы мен Кентау қаласы аумағындағы 96 сайлау учаскесінде болып, әрбір ...

Толығырақ »