Басты бет » Әлеумет (страница 10)

Әлеумет

ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ

29 сәуірден бастап Шымкентте карантин жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды. Атап айтқанда, жеңілдіктер азаматтардың серуендеуіне рұқсат беруге қатысты. Сонымен қатар, енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат берілді. Мұны тек ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жасай алады. Бұл ретте балалардың ойын алаңдарында көптеп жиналуына жол берілмейді, ал олардың өздері ...

Толығырақ »

5 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1965, 2004, 2007, 2011, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 29.04.2020 жылғы жағдай ...

Толығырақ »

ҚОНАЕВ КӨШЕСІН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын. Қазіргі таңда сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап кетті. ...

Толығырақ »

ЖАРЫҚ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады. Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің тұрғын үйге 5 жылдық ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Сауығып шыққан азаматша 1960 жылғы қала тұрғыны. Науқастан дәрігерлер 12 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастың жағдайы жақсы, дейді мамандар. Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1965 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 7 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Екі науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан ...

Толығырақ »

7 255 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді. ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ

Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады. Дегенмен бұл — қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық ...

Толығырақ »

ОСЫ БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ ЕДІ?

Елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді. оның ішінде Маңғыстау облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Қарағанды облысында – 3, Шымкент қаласында – 5, Алматы облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 3. Бұл туралы DIDARBEK.kz порталының тілшісі www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам, Алматы ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАНҒА АЛЛЕЯ ТАРТУ ЕТПЕК

Облыс орталығы Түркістанды түлету бағытында қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп, барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның 16- шы секторы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданы және Түркістан қалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген болатын. Аталған 16-шы секторда «Яссы»,» Баянауыл», «Қарашық» мөлтек аудандары орналасқан. Сектор бойынша жалпы жер көлемі 850 гектарды құраса, ал үйлердің саны – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Алдағы уақытта өзімізден шыққан отандық өнімді, яғни Түркістан облысында жасалған көлік құралын мінуіңіз әбден мүмкін. Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі — «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ҮШІН ТИІМДІ АЙМАҚ

Қазіргі таңда Түркістан облысы инвестиция салу үшін өте тиімді аймақ саналады. Өңір стратегиялық маңызды әрі, бизнесті жүргізіп, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен инвестициялық ынталандыру үшін де өте қолайлы аймақ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд. теңге инвестиция салынған. Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу ...

Толығырақ »

100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Сарыағаш ауданында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар ауданда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Рамазан айындағы игілікті істен аудандық мәслихаттың депутаты да шет қалған жоқ. Бүгін Елбасының бастамасымен қолға алынған «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында аудандық ...

Толығырақ »

ҰСЫНУЛАР ОНЛАЙН ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда (ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде). Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы А.Жұмағали мен Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтың қатысуымен жиын өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша бірқатар ұсынулар қаралды. Кездесу ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ЭКСПОРТЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Түркістан облысында сыртқы сауда экспорты тоқтаған жоқ. Керісінше қолдау тауып, қарқынды жүзеге асырылуда. Негізгі шикізаттық емес экспортталатын тауарлар бұл — уран, ұн, трансформаторлар мен балық өнімдері және күркетауық еті. Отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыста инвесторлар мен экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің кең түрін  ұсынатын «Turkiston Invest» қызмет көрсету орталығы құрылған, деп жазады Түркістан облысы ...

Толығырақ »

18 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Әлем елдерінің үрейін туғызып, әбігерге салған covid 19 короновирус індетінің тез таралуын алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Ордабасы ауданында қала және ауданаралық 4, ауыл аралық 18 блок- бекеттер құрылған болатын. Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін бекеттерде полиция қызметкерлері мен медицина саласының мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУДІ ЖҮКТЕДІ

Түркістан облысында сақтық шараларын сақтай отырып кей құрылыс нысандарындағы жұмыстарды тәулік бойы жүргізуге болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһар құрылысшыларымен кездесуінде атап өтті. Облыс әкімі бастаған жауапты сала басшылары облыс орталығындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап көрді. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды. Салынып жатқан нысандарды аралап, сапасына баса назар аударды. ...

Толығырақ »

САLL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады. Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. 15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар: — ...

Толығырақ »

ҚОСЫМША СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

Шымкенттегі 4 бірдей медициналық мекемеде өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан өзгенің саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан 500-ден астам қызметкерге қосымша сыйақы тағайындалды. Демеушілер есебінен жиналған 25 млн. теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен №2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталығында карантин режиінде тоқтаусыз еңбектеніп жүрген медицина мамандары да тыс қалмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ...

Толығырақ »

6 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған 5 ер азамат және 1 азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Науқастардың барлығы Шымкент қаласының тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 29.04.2020 жылғы ...

Толығырақ »

АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Төтенше жағдай кезінде түркістандықтар екі жүзден астам көлікті egov.kz порталы онлайн тіркеуге болады, деп жазады  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады. «Біз мамандандырылған ХҚО-лар жабылғаннан кейін азаматтар арасында портал ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тұрғындарға азық-түлік тауарларын үйіне дейін жеткізіліп берілуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Мұндай игі істі «Түркістан» ӘКК» АҚ азаматтарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырып келеді. Кез- келген азамат қажетті азық-түлік және басқада тауарларға байланыс телефондары немесе «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс бере алады. (Байланыс телефондары: ЖК «Али» – ...

Толығырақ »

БИЫЛ 65684 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛМЕК

Түркістан облысы Төлеби ауданында көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биылғы жоспарға сай ауданда егілетін егіс көлемі үйіргелік жерлерді қоса есептегенде 65684 гектарға жетіп отыр. Бұл жұмыстарға 2340 тонна жанар-жағар май бөлініп, ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда. Атап айтсақ, бүгінгі таңда аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 201 соқа, 578 доңғалақты техника, 318 тырма және 139 дән сепкіш тартылған. ...

Толығырақ »

ЖАНАТТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫ

Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып. Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен ...

Толығырақ »

КӨЛІКТЕР ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕ

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады. «Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса ...

Толығырақ »