Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 20)

Әлеумет

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ШЫМКЕНТ ЕСКІ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ НЫСАНДА БОЛДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи — мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік ...

Толығырақ »

МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілінің аппарат секторының меңгерушісіИрина Ким және облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРҒА КОМПЬЮТЕРЛЕР БЕРІЛДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен елімізде енгізілген карантинге байланысты Шымкент қаласында қашықтықтан, кезекшілік сыныптардың білім беру жағдайы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде басқарма басшысы карантиндік режим кезінде қашықтан оқыту барысына тоқталды. – Қаладағы барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, олар ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ...

Толығырақ »

ҒАЛАМТОР ЖЕЛІСІНЕ ТОЛЫҚ ҚОСЫЛҒАН

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тəжиева мəлімдеді. – Қалада білім мекемелері толықтай интернет желісіне қосылған. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы білім беру ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с — 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында қосымша келісімшарттар түзілуде. Ал қала шетіндегі интернет жылдамдығы төмен елдімекендер бойынша Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, ...

Толығырақ »

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ

Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолындағы алғашқы ел – Бразилия. Алик Шпекбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады. Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Бразилия елшісіне халықаралық стандарттарды енгізу бойынша, соның ...

Толығырақ »

НӘТИЖЕГЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН

Өтірік уәде берген ұнамайды. Республика деңгейінде шешілетін мәселені Үкіметке барып жатсам айтармын. Нақты болатын, сөзден іске көшетін, үлесімді қосып, шешуге ықпал ете алатыным. Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Менің сайлауалды бағдарламамның бірінші бағыты мұғалімдердің жағдайын жақсарту. Ұстазға құрмет бәрімізге міндет деп санаймын. Ұлт дамуы үшін ең алдымен білімді ұрпақ тәрбиелеп, өсіруіміз керек. Бұл бағытта ұстаздар қауымының рөлі ерекше екені айқын. ✅ ...

Толығырақ »

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Түркістан облысында ғимараттар, құрылыстар, жолдар салу кезінде келісілмеген жер жұмыстары салдарынан кабель желілері жиі зақымдалады. Бұл тұрғындардың үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге едәуір кедергісін келтіреді. ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі-Департамент) электр желілері желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау қажет екендігін ...

Толығырақ »

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 21 тамызы аралығында, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н. Ноғаевтың 06.05.2020 жылғы № 177 «Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің 2020 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, «Кентау сервис» ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы аумағындағы энергетикалық кәсіпорындары кейінгі жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша электр стансaларының қуатын арттыру, ұлттық және өңірлік электр тораптарын дамыту, электр желілері мен жабдықтарды жөндеу және пайдалануды жүзеге асыру міндеттерін қолға алып отыр. ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті облыстағы электр желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылауға алып отыр. Қазіргі таңға дейін, облыс ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм кәсіптік одағы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетовтің қатысуымен сала қызметкерлерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Жиынға Түркістан өңіріндегі республикалық, облыстық мәдениет және өнер, спорт, туризм саласының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде қаралған кәсіподақ қызметінің басым бағыттары талқыланды. Кәсіподақтың жүзеге асыруы тиіс басым ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН БАҚЫТТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕКЕНІ ЕТКІМ КЕЛЕДІ

Армысыздар ұлты ұлы, рухы биік, өнегелі Қазақ елі! Ашимова Жасмин Асқарқызы — Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті; — Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты; — Республикалық «Жастар кадрлық резервінің» резервисті; — Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Ізгілік елшіcі» Республикалық жобасының Шымкент қалалық филиалының төрайымы; — «Compass» әлеуметтік білім беру орталығының директорымын. Мен шуақты қаламыз Шымкентте М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа ...

Толығырақ »

ANTIKOR LIVE: БИЗНЕС НАХОДИТСЯ ПОД ЗАЩИТОЙ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ

Об этом заявил руководитель Департамента Антикоррупционной службы по г.Шымкент Асхат Жұмағали в ходе встречи с бизнес-сообществом мегаполиса. Нами реализуется проект по защите бизнеса и инвесторов (Protecting Business and Investments). Он направлен на создание благоприятной предпринимательской среды, исключения административных барьеров, оказание помощи бизнесу. На сегодняшний день антикоррупционным сопровождением Департаментом охвачено 35 инвестпроекта (6 с иностранным участием) на сумму более 75 млрд. ...

Толығырақ »

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАНДАЙ?

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу жөнінде сұхбат берді. Сәлеметсізбе, Бекжан Мухидинулы! Алда күз және қыс айлары келе жатыр. Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа райы еліміздің басқа өңірлерімен салыстыралы түрде суық болмағанымен, тұрғындардың электр энергиясынсыз қалу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. ...

Толығырақ »

БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

Шымкентте мемлекеттік органдардың бизнес өкілдермен кездесуі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А. Жұмағали, қала әкімінің орынбасары А. Саттыбаев, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП, «Kazinvest» компаниясы, «Шымкент» ӘКК және қала кәсіпкерлері қатысты. Кездесу бизнесті қорғау және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Асхат Жұмағали кәсіпкерлік саласы қиын кезеңді ...

Толығырақ »

ANTIKOR LIVE: БИЗНЕС СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОРҒАУЫНДА

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали мегаполистің бизнес өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. «Біз бизнес пен инвесторларды қорғау (Protecting Business and Investments) жобасын жүзеге асырудамыз. Ол қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, әкімшілік кедергілерді жоюға, бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған. Бүгінгі таңда Департамент 75 млрд.теңгеден астам сомаға 35 инвестициялық жобаны (6 шетелдік қатысумен) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтамасыз ...

Толығырақ »

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-дәстүрі бар. Тарихқа көз жүгіртсек, ханды да сайлаған, болысты да сайлаған қазақпыз. Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаетың бастамасымен іске қосылған Праймериз – ел сенімін ақтап, жаңа көшбасшыларды іріктейтін партияішілік сайлау. Мен Берік Айдарбекұлы Бекжанов – «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы осы мүмкіндікті пайдаланып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаты лауазымына өз кандидатурамды ұсындым. ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ БЕДЕЛІ!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Бақыт Еркінбек облысымыздың ұстаздарын ҚР Конституция күнімен және 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтады. Елдегі карантин режиміне байланысты қазір білім саласының қызметкерлері онлайн режимде оқытуға мәжбүр болып отыр. Ұстаздарымыз өздеріне артылған үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, ешбір қиындыққа қарамай өздерінің білімі, күш-жігерінің арқасында аянбай еңбек етіп жатқаны белгілі. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздері бойынша ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов бізге берген сұхбатында кеңінен айтып берді. Бекжан Мухидинұлы, жаңартылатын энергия көздері дегенді қалай түсінуге болады? Жаңартылатын немесе регенеративті, «жасыл» энергия — адам ауқымында жаңартылатын немесе таусылмайтын энергия ресурстарынан алынған энергия. Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЪЕЗІ ӨТТІ

Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланды және алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталды. Алғаш рет онлайн режимде өткен съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 151 делегат, сондай-ақ, әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік кәсіподақ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Съезд делегаттарына құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының ...

Толығырақ »

АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ!

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат және туризм қызметкерлері кәсіподағы» Түркістан облыстық және Шымкент қаласы филиалдарының төрағасы Бастарбек Пірімбетов 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында мәдениет саласында қалтқысыз қызмет еткен мәдениет қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Жиынды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов ашып беріп, мемлекетіміз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуметті елге айналғанын, сондай-ақ, ...

Толығырақ »

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бойынша ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкуловпен сұхбаттастық. Бекжан Мухидинұлы сұхбатты бастамас бұрын, ең алдымен, ЭКЕАЖ (Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) дегеніміз не? -Бұл электр энергиясын есепке алу аспабынан, деректерді жинау-беру құрылғысынан және автоматтандырылған жұмыс орнынан тұратын тұтас жүйе, бұл ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БҮКІЛ ЕЛ БОЛЫП КҮРЕСЕТІН КЕЗ ЖЕТТІ

Ешқандай пандемия мен карантинге қарамастан көркейіп, жаңарып келе жатқан үшінші мегаполисімізде қарқынды жұмыс бір сәт те тоқтаған емес: жолдар да төселіп келеді, ауруханалар да салынып, абаттандыру да жүріп жатыр. Осы және басқа бағыттардағы ауқымды істер, әрине, шырайлы Шымқаламыздың көркін одан сайын ажарландыра түсетіні күмәнсіз. Десек те, бюджеттен бөлінген миллиардтаған қаражатқа көзін тігіп, ашкөздік пен тойымсыздыққа салынатын пенделерді аракідік көріп, есімдерін ...

Толығырақ »

ӘДІЛЕТТІЛІК ПЕН ДАМУҒА БІРЛІКТЕ!

Табысты және мықты мемлекеттің алтын діңгегі – еңбекте жетістігі мол адам болып табылатындығы баршаға аян! Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету болып табылатын жұмысшылар мен жұмыс берушінің еңбекке байланысты ара-қатынасын реттеп отыратын заңды және тәуелсіз өкілі болып отырған Кәсіподақтың арқалап отырған жүгі ауыр. Еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 213 түркістандық ананы ертеректе жазылу келісіміне сай жеке мәселелерімен қабылдады. Жуырда ғана қалалық әкімдікте шаһар басшысы бірнеше азаматты қабылдаған болатын. Дегенмен, уақыт тапшылығы мен карантинге байланысты барлығымен бір сәтте тілдесуге мүмкіндік болмады. Ал, бүгінгі күні қабылдау «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтті. Әр тұлғаның басында жария етпеуге тиіс жайттар бар екендігі ескеріле, әрбірі жеке қабылданды. Сауалдардың басым ...

Толығырақ »