Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 64)

Әлеумет

КӨПҚАБАТТЫ 364 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысын енгізу бойынша еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны енгізу аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің арнайы бланкілері әзірленді. Енді Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері өз атынан мемлекеттік ...

Толығырақ »

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН БОЛАДЫ

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы жанкүйерлерін жылдан жылға қуантып келеді. Ол биыл өз тарихында тұңғыш рет ел премьер-лигасында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Қазақстан Премьер-лигасының 30-турында «Ордабасы» өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін ел біріншілігінің алтын жүлдесі кімге бұйыратыны әлі белгісіз ...

Толығырақ »

КОРЕЙЛЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ

Оңтүстік Қазақстан облыстық корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында корей этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті.  Бұл мереке корей этносының Қазақстанға күштеп қоныстандырылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Мерекелік іс-шараның ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыс әкімі, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрғасы Жансейіт Түймебаевтың салтанатты жиынға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.  Онда ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ұстаздарға жүктелер жүктің салмағы басым екені даусыз. Қозғалған мәселе төңірегінде ой бөліскен филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек былай дейді: Көпшілік бүкіл халық болып қолдаған мәселе принцип: 1 дыбыс 1 әріп деген мәселе орын алған сияқты. Ол өте дұрыс деп ойлаймыз. ...

Толығырақ »

ЗАМАН ТАЛАБЫ

Ұстаздар латын әліпбиіне көшу жайын талқылады. Бүгінгі таңда жұртшылықтың көкейіндегі маңызды бір мәселе ол – латын алфавитіне көшу. Жалпы латын әліпбиіне көшкен кезде қандай қиыншылықтарға кездесеміз? Ол қиыншылықтарды жеңу жолдары қандай? Облысымыздың ұстаздары осы мәселеге қатысты арнайы семинар өткізді. Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін бәріміз терең түсіндік. Ендігі мәселе «қалай көшеміз?» – деген сауал төңірегінде болмақ. Бұл ретте ...

Толығырақ »

5 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСҚАН МАРАФОН

Шымкент қаласында дәстүрлі жалпы қалалық «13 аймақ» – Бірге болсақ, бәрі мүмкін!» атты жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насхаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев пен «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, сондай ақ әкімдік қызметкерлері мен кәсіпқой спортшылар және қала тұрғындары жалпы ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ШЫМКЕНТТЕГІ КҮНІ

Шымкент қаласында «Туған жер – алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында Төлеби ауданының күндері өтуде. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивалға 600-ге жуық төлебилік өнерпаз қатысатын онға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2017» жәрмеңкесінен бастау ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты. «Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға деген қоғамның ...

Толығырақ »

«АРЫС ЖАҒАСЫНДА» РЕТРО-ФЕСТИВАЛІ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті. Өңірде сегізінші рет өткізіліп отырған мерекелік кеште елімізге белгілі Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов, Ержан Серікбаев сынды композиторлардың әндері орындалды. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша өнер сүйер қауымын құттықтап, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. «Қазақ халқы – ежелден өнер сүйген, өнерпаздарын қадірлеген халық. Ал өнер – біздің рухымыз. Рух ...

Толығырақ »

ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАДЫ

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының шаруалары 5500 гектарға егілген бақша өнімдерінен бүгінгі күні 134 мың тоннадан астам қауын, қарбыз өнімін жинаған. Арыс негізінде атақты дерменесімен қатар дәмі тіл үйірер қауын-қарбызымен де мақтанады. Бүгінде диқандар күздік бақша өнімдерінің 55 760 тоннасын Германия, Балтық елдері мен Ресей елінің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтті. Ал, 63 мың тонна қауын ...

Толығырақ »

86 МЫҢ ТОННА АЛМА ЖИНАДЫ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектарға қарқынды алма бауы отырғызылса, қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға жетіп отыр. Алма өсіру – Оңтүстікте ауыл шаруашылығының басымды бағыттарының бірі. Өңірдің табиғаты қолайлы болғандықтан алма облыстың кез келген ауданында өседі. Дегенмен бұл шаруашылықпен айналысуды Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Сарығаш, Ордабасы және Бәйдібек ауданының шаруалары ...

Толығырақ »

МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

Сарыағаш ауданында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің көшпелі отырысы өтті. «Медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу» тақырыбында өткен жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімінің өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан, ауыл әкімдіктерінің медиация саласына жауапты қызметкерлері қатысты. Жиынды сөз алған облыстық «Қоғамдық келісім» ...

Толығырақ »

128 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 128 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті. Оның айтуынша, облыста биыл туризм саласының қарқынды дамуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда туристік нысандар саны 31 пайызға өсіп, 195-ті құраған. Ал оларда ...

Толығырақ »

ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВ – 90 ЖАСТА

Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысов – 90 жаста. Осы даталы күнге орай қаламгерді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қабылдап, мерейтойымен құттықтады. Саналы ғұмырында Еркінбек Тұрысов “Оңтүстік Қазақстан” облысы газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, аудандық “Алғабас” газетінің редакторы болды. Бүгінде 90 жасқа келіп отырған жазушы ұзақ жылдар мемлекеттік, қоғамдық қызмет ...

Толығырақ »

510 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Онда спикер Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 3-ші бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, осы жылдың сегіз айында облыстағы ...

Толығырақ »

АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙГЕ АЙНАЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ханқорған қалашығы алдағы уақытта толық археологиялық қазба, реставрация және консервация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы музейге айналатын болады. Бұл туралы Сайрам ауданындағы Ханқорған қалашығында Оңтүстіктегі археологиялық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өткен алқалы жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Жансейіт Қансейітұлы жүргізіп отырған мәжіліске облысымыздағы тиісті басқарма басшылары, мамандар мен бір топ археолог-ғалымдар қатысты. ...

Толығырақ »

ӨНЕР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Ешбір еңбек елеусіз қалмайды. Таяуда ғана әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған Астана қаласында өткен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде аталып өтуіне атсалысқан Оңтүстік Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының еңбегі министрлік тарапынан ерекше еленіп отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевқа арнайы жіберген хатында мәлім етілген. Аталған хатта министр ЭКСПО – ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ БРЕНДІ САНАЛАТЫН МАҚТА ДАҚЫЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажет. Сондықтан ақ ұлпаның жаңа сорттарын шығарып, оны өндіріске ендіруіміз керек. Бұл тұста «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының қосар еңбегі орасан, – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысу кезінде. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының басқа түрлері өзге өңірлердің барлығында өсіріледі. Мәселен, республикалық көрсеткіште ...

Толығырақ »

ЛАТЫНМЕН БАСЫЛҒАН КІТАПТАР КӨРМЕСІ

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» тақырыбында облыс кітапханашыларының жиыны өтті. Семинар-кеңесте облыста тұңғыш рет латын әрпімен басылған кітаптардың көрмесі қойылды. Оған ОҚО бас архивінде сақталған латын әрпімен жазылған құнды құжаттар, оңтүстіктің тұрғындарының қолында сақталған қолжазбалар, қан майданнан келген хаттар, 40-шы жылдары шыққан «Оңтүстік ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БҰЗЫЛМАСЫН!

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Ғасырлар бойы өзара сенім мен қолдаудың арқасында екі ел арасында қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа Алмазбек Атамбаевтың сайлаудың буымен айтылған әңгімесіне бола сызат түспейтініне сенімім мол. Мұны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев та өз мәлімдемесінде нық айтқан болатын. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Біз ...

Толығырақ »

«ЖАПТЫМ ЖАЛА, ЖАҚТЫМ КҮЙЕ!»

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді Жуырда ғана ағайын саналатын көршілес қырғыз елінің басшысы А.Атамбаевтың біздің елімізге қарата айтқан мәлімдемесі атан түйеге жүк болардай болды. Ежелден ауылы аралас, қойы қаралас, төсекте басы, төскейде малы қосылған ағайын ел басшысының атышулы мәлімдемесі «жаптым жала, жақтым күйенің» керін келтіріп тұрғандай. Күллі Орталық Азия елдеріндегі көшбасшылыққа ие ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 05

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді.   – Жұмат Шанин өмірінде қарны тойып тамақ ішпеген, иығына шұғадан киім кимеген, былайша айтқанда өнер жолы өксікпен өткен азамат. Қорлық пен азапты бастан өткерген тұлға. Оның ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 04

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. Ел ішінде дарындылар көп дегенімен театр мәдениетін меңгергендер жоқтың қасы. Бір пьесада жас жігітке молданың рөлін ойнау тапсырылады. Бір көріністе әлгі молда жігіт дәрет алу керек. Асып-сасқан ...

Толығырақ »

ШАНИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА – 03

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе даңқты режиссер Ж.Шаниннің 125 жылдық мерей тойына арналған дөңгелек үстел өткізді. Жұмат Шанинмен Қоянды жәрмеңкесі табыстырған Елубай Өмірзақов пен Қалеки Қуанышбаевтар театр құру ісінде 3-4 жылдан жалақы алмай жұмыс жасаған екен. Отбасын асырау, жан бағу үшін күндіз қара ...

Толығырақ »