Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 20)

Шымкент

Шымкент: Биыл Абай ауданы ауызсу және электр қуатымен толық қамтылады

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданы ауызсу және электр қуатымен толық қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы бүгін Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалған есептік жиында айтылды. Халықпен кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов және аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жоспарға сәйкес, 257 мыңнан астам халқы бар аудан жыл соңына дейін ауызсумен, ...

Толығырақ »

«АЙЫРЫЛУ, ТАБЫСУ ЖӘНЕ АРЫЛУ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМ»

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Қозыбақұлы Тшановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Айырылу, табысу және арылу туралы толғам» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға спорт саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жиынды ашып беріп, белгілі тұлғаның ұйымдастырушылық қырларына тоқталып өтті. — Амалбек Қозыбақұлының елге сіңірген қалтқысыз ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТАБЫСЫН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 1 жылдың ішінде 51 мың адамнан 16 мың адамға дейін қысқарған. Бұл мемлекет тарапынан атқарылып жатқан халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесі. Бүгін Абай ауданының халқымен кездесіп, есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. –Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында 2022 жылы ...

Толығырақ »

Шымкент: Мерзімді қызметтегі сарбаздар әскери борышын аяқтады

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің борышын аяқталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Еліміздің үш аймағынан шақырылған және белгіленген мерзімде қызмет еткен 120 сарбаз әскери оркестрдің әуенімен жауынгерлік тумен қоштасу үшін бригаданың саптық алаңында екі қатарға сап түзеді. Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздарға грамоталар, естелік ...

Толығырақ »

Шымкент: Қала қауіпсіздігі үшін 1500 бейнекамера орнатылады

Цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 2023 жылы 1500 дана бейнекамералар орнату көзделген. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда. Сондай-ақ, бұған дейін «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі ...

Толығырақ »

М.ӘЙТЕНОВ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУГЕ ОН КҮН УАҚЫТ БЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран-2 шағынауданында болып, жауаптылармен бірге елдімекеннің даму жоспарын пысықтады. Шағынауданда бой көтерген 88 тұрғын үйдің 70-і пайдалануға берілген. Қазір 18 үйдің ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысандарға инженерлік-инфрақұрылым жүйелер тартылып, жолдар салынуда. Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларымен, құрылысқа жұмылдырылған мердігермен кездесіп, жұмыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қала әкімі жауаптыларға құрылыстың ...

Толығырақ »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен ...

Толығырақ »

Шымкентте жастармен арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ашық алаңда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі мен Оңтүстік Қазақстан жоғарғы медициналық колледжі жастары арасында «Балалық шақ — бақытты аспан астында» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу. Семинар-тренинг жастар арасында командалық құраммен басталып, сайыс түрінде ұйымдастырылды. Тренинг барысында ...

Толығырақ »

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ-МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отыра, «Тоғыс» елді-мекенінде 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында түсіндірме жұмыстары жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түсіндірме жұмыстары барысында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мен 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті ...

Толығырақ »

Шымкенттіктер әскерден оралған жас жауынгерлерді салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент қаласында әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жас жауынгерлерді қарсы алу іс-шарасы гарнизон мен қалалық қорғаныс істері департаменті бастығының ұйымдастыруымен өткізілді. Запасқа шығарылған әскери қызметшілердің кездесуі нағыз мереке атмосферасын құрған әскери оркестрдің шеру әуенімен өтті. 35748 әскери бөлімінің оркестрінің салтанатты шеруінің үнімен Шымкент гарнизонының ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 4 ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ АУЛАСЫН ЕҢ СӘНДІ ЕТІП КӨРІКТЕНДІРГЕН ТҰРҒЫНҒА 1 МЛН ТЕҢГЕ БЕРДІ

Шаһардағы Орталық саябақта «Менің гүлді аулам» байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Ергешбек Нұрсадық құттықтап, қаржылай сыйлықтарды табыстады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. – Қаламыздың өркендеуінде осындай байқаулардың маңызы зор. Бұл аға буынның жастарды өз ортасын көгалдандыруға, гүлдендіруге және еңбекке баулуға жол көрсететін бастама болды. Қаламызда 1300-ден астам аула бар. «Менің гүлді аулам» байқауына 92 аула өтінім ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚТЫҚТАР «АВТОКОМБИНАТ 4 НҰР» ЖШС КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылға арналған Жол картасы негізінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек қаладағы қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасын арттыру, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелерімен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының құрамындағы «Автокомбинат 4» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен жүздесу барысында еңбек жағдайларына байланысты түрлі мағлұматтар берілді. «Автокомбинат ...

Толығырақ »

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінің «Бірлік» алаңында қолға алынған мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілдері аптасына екі рет бас қосып, қазақ тілін оқып-үйренуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына қатысуына жағдайлар жасалған. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері ...

Толығырақ »

АБДУЛАБАД ЖӘНЕ БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚОЛДАЙДЫ

Ел бірлігі ¬– ең асыл қасиет. Осыны жадында ұстайтын Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад, Базарқақпа тұрғын алаптарының тұрғындары «Ең бастысы – ел тыныштығы» деп отыр. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алаптарында жергілікті жұртшылықпен кездесулер өткізілді. «Қазіргі кезде ...

Толығырақ »

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ТАУАР БИРЖАСЫНДА САТЫП АЛУ ҮШІН ЕҢ ТӨМЕНГІ МЕЖЕ МӨЛШЕРІ 20 000 ТОННАДАН 5000 ТОННАҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына әсер ететін бірден-бір себеп, ол базарлардағы орынды жалдау ақысының қымбат болуы. Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті базарларда азық-түлік тауарларына сататын жерлердің жалға алу бағасына талдау жүргізіп 5 базар басшылығына тиісті Заң Кодексінің 169-бабы 2-тармағы бойынша, яғни нарық субъектілерінің сатылас келісімдерін жою жөнінде Хабарлама шығарды. Хабарлама қорытындысымен базарлардың ...

Толығырақ »

29 НАРЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, БЮДЖЕТКЕ ЖАЛПЫ 132 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті 2022 жылы 3 мемелкеттік органға және 29 нарықтық субъектісіне қатысыты 19 тергеп-тексеру тағайындалған. Жүргізілген тергеп-тексерулер нәтижесінде 29 нарық субъектісіне айыппұл салынып, жалпы 132 млн. теңге бюджетке өндірілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның ішінде айта кететін мәселе, 2022 жылдың басында сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада сату нарығына бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер, ...

Толығырақ »

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС НЕГІЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҮСТЕМЕ МӨЛШЕРІ 10%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

Бүгінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша Департаментімен бәсекелестіктің бұзылу белгілерін алдын алу бағыты бойынша 19 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс бекітілді және 31 тауар нарығына талдау жұмыстары жүргізілді. Монополияға қарсы комплаенс негізінен әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларын өндіруші және көтерме саудада сатушы мекемелермен, сонымен қатар 2 ірі желі супермаркеттерімен бекітілді. Нәтижесінде «Фиркан» және «Gramad ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Еңбекші ауданы прокуратурасы бастамасымен «Улы газдан уланудың алдын алу бойынша» бекітілген іс-шараларға сәйкес Абай ауданы жастар ресурстық орталығы, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар басқармасы, өнеркәсіптік қауіпсіздігі департаменті және аудан Еңбекші аудан әкімдігі қызметкерлері, ауыл билері бірлесе отыра, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Қаратөбе» елді мекенінде «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында үгіт-насихат ...

Толығырақ »

«АНТИГОНА» – ЖАСТАРҒА ЖАҢА ФОРМАТТА

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры мекеменің 40 жылдық мерейтойы аясында «Шымкенттен шашу» гастролдік сапарын бастады. Сапар барысында театр ұжымы 40 қалаға сапар шегіп, көрерменге 12 жаңа қойылымын ұсынады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кеше театр сахнасында жаңа қойылымның бірі гректің «Антигона» трагедиялық шығармасының тұсаукесері болды. Антигона – ежелгі грек мифологиясындағы Фива патшасы Эдиптің қызы. Ата-анасына деген сүйіспеншілік пен бауырмашылдық, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде. Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Бүгінде Шымкент қаласындағы «Тұран-2» шағынауданның 29- орамында мемлекеттік бюджет есебінен 1080 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз желілері мен электр жүйесі тартылған. Биыл мұнда ішкі орамның жерін тегістеу, абаттандыру жұмыстары, аяқжол және асфальт жол құрылысы жүргізіледі. Нысандарды қолданысқа беру екінші жартыжылдыққа жоспарлануда. Одан бөлек, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

Қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту — күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылы бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023-2025 жылдар аралығында 3,3 милионнан астам азаматты, оның ішінде 2,3 млн жас маманды жұмысқа орналастыру көзделген. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы – 7 628, 2024 жылы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 927 ТҰРҒЫН ҮЙ БАНК АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛДІ

2010-2011 жылдары «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы арқылы Шымкент қаласының «Асар» шағынауданында 975 тұрғын үй салынған болатын. Бағдарламаның мақсаты – отандастарымызды атамекенге қайтару, сондықтан елге оралған қандастарымызға сатып алу құқығымен тұрғын үйлер бастапқыда 8 жылға жалға берілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда бағдарлама арқасында жақын шет елдерден Шымкент қаласына қоныс аударған 975 отбасының 927-і жалға алған үйлерін «Отбасы банк» ...

Толығырақ »