Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 48)

Шымкент

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй басқармасының басшысы қабылдау өткізді

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Басқарма басшысы қабылдауда болған азаматтардың мұң-мұқтаждығын тыңдап, заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған азаматтардың тұрғын үй кезегіне тіркелуге, тұрғын үйді жекешелендіруге, және жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу арқылы баспаналы болудың бағыттарына қатысты сұрақтары тыңдалды. — Баспана мәселесі адам өміріне ерекше ықпалы ...

Толығырақ »

«Ruh camp»: Шымкентте идеология саласының қызметкерлері біліктілігін арттырып жатыр

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастырумен «Ruh camp» көшпелі оқыту семинары өтіп жатыр, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған семинарға Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының идеология саласына жауапты жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін 30-дан астам қызметкер қатысуда. Оларға танымал коуч жаттықтырушылар, республикалық сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен институт қызметкерлері дәріс өтеді. ...

Толығырақ »

Шымкент: Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді

Шымкент қаласы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелеріне асфальт төселді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының шағын аудандарында туындайтын түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі тұрақты назарда болып, ішкі орам көшелер кезең-кезеңімен асфальттанып жатыр. Бүгінгі таңда Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті. Жөндеуден өткен Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің ...

Толығырақ »

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты — ҚР Президентінің Халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру, полицияның сервистік модель бойынша қызмет көрсетуін кеңейту. Еске сала кетейік, сервистік модель негізінде полиция қызметін қалыптастыру және дамыту жұмыстары ...

Толығырақ »

Шымкентте 200 орындық периниталдық орталық ашылады

Шымкент қаласында алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 орындық периниталдық орталық ашылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады. “Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» ...

Толығырақ »

Шымкентте «Өртке саптық дайындық» шарасы өтті

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Өртке саптық дайындық» шарасы өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараға Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Шәріп Асқар және «Авиценна» медицина колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында ТЖБ қызметкері «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және биік қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын ...

Толығырақ »

Шымкентте жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды  didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталмыш іс-шараның мақсаты — студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ...

Толығырақ »

«Жастардан – жастарға ақпараттық керуені»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында «Жұмыспен қамту» және «Отбасы банк» мамандарының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — жұмыссыз жүрген түлектермен жас мамандарға жұмыспен қамту, тұрғын үй және кәсіпкерлік бойынша және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру. Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Орталық Азия ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі Тоғыс тұрғын алабына барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабына барып халықпен кездесті, елді мекенде жаңғыртылып жатқан инженерлік инфрақұрылым құрылысын тексерді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда мұнда 7500-ге жуық халық тұрады. Мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Алайда атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі — ...

Толығырақ »

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ирригациялық жүйелердің құрылыс барысын тексерді

Бүгін Шымшаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар ...

Толығырақ »

Шымкент: Тоғыста 200 орындық медицина орталығы ашылады

Шымкент қаласы Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» жеке инвестиция есебінен ашылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сыйымдылыгы — 200 адам. Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға) ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, ...

Толығырақ »

СИТУАЦИЯ С ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТЬЮ В ШЫМКЕНТЕ НАИБОЛЕЕ СТАБИЛЬНА В РАЗРЕЗЕ РЕСПУБЛИКИ

Об этом сообщил начальник ДЧС Шымкента Мадияр ЖАКСЫБАЕВ в отчете перед акимом города. По его данным, всего в 2021 году на территории города было зарегистрировано 116 возгораний. «По Казахстану Шымкент в лидерах по пожарной безопасности, — констатирует спикер. — В этом мы убедились в результате проведенного департаментом анализа. В частности, в стране с начала года зарегистрировано 7079 пожаров. Из них ...

Толығырақ »

ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ИНФРАСТРУКТУРНЫМИ СИСТЕМАМИ Н/П КОКБУЛАК

В нем проживают 2390 человек. Аким города Мурат АЙТЕНОВ проинспектировал ход строительства. Жилой массив в прошлом году был подключен к интернету. Также жители получили 100% доступ к питьевой воде и свету. Природным газом Кокбулак будет обеспечен в третьем квартале этого года, соответствующие строительные работы здесь завершены на 90%. Еще одной проблемой в Кокбулаке были дороги. На пяти из девяти улиц ...

Толығырақ »

«Ел сұлуы – қыз бала»: Шымкентте психологиялық кездесу кеші өтті

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы –Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында, Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. – Осыған дейін бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін азаматтар үшін тегін заңгерлік көмекті адвокаттар ғана көрсетсе, енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, заң консультанттарына да осындай мүмкіндік беріліп отыр. Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

Шымкентте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. «Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық ...

Толығырақ »

Газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының және Абай аудандық Төтенше жағдайлар департаментің ұйымдастыруымен «Қала тұрғындарының улы газдан уланудың алдын алу» бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындарға газдан уланудың алдын алу, дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілігін арттыру. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ ...

Толығырақ »

Шымкентте «Абайлаңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Шымкент қаласы аумағында жаңа оқу жылы басталуына орай, «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараның негізгі мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесімен таныстыру. Іс-шара аясында Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция ...

Толығырақ »

«Нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу»: Шымкентте жастармен кездесу өткізілді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу бағытында кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі ...

Толығырақ »

«Жастар арасында ұлтаралық татулық»: Шымкентте студенттермен кездесу өтті

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасындағы ұлт аралық татулық жайлы түсіндіру. Президент жолдауын жастарға кеңінен насихаттау. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ...

Толығырақ »

«Өз еліңді танып біл»: Шымкентте жастардың қатысуымен арнайы экскурсия жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өз еліңді танып біл» жобасы аясында тарихи-мәдени орында ерікті жастардың қатысуымен арнайы экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шараның мақсаты — жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу. Тарихи-мәдени орындармен жастарды таныстыру. Ерікті студенттерінің қатысуымен өткен шарада «Ескі-қалашықта» құнды жәдігерлер молынан жинақталған мұражай аймақтарымен және тарихи нысандармен танысты. Сонымен қоса, «Visit ...

Толығырақ »

Шымкент: №137 мектепте пікірсайыс кабинеті ашылды

“Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде пікірсайыс кабинеті ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу сала орталығы ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығын қабылдады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам ...

Толығырақ »

Шымкентте медициналық құрал-жабдық сатып алуға 1,1 млрд теңге бөлінген

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынған. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Амбулаториялық деңгейде Шымкент қаласының 44 ...

Толығырақ »

Шымкент пен Грузия туроператорлар ассоцияциясымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады

Шымкент қаласының туристік тартымдылығы Грузия елінің астанасы Тбилиси мен Кутаиси қаласында таныстырылуда, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шарада Шымкенттің туристік әлеуеті жайлы аталған қалаларда презентация жасалып, пікір алысып, өзара тиімді байланысты нығайту туралы келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Кутаиси қаласының мэрімен кездесу өткізіліп, шаһардың көрікті жерлеріне ақпараттық тур жүргізілді. Кездесу нәтижесінде ...

Толығырақ »