Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан (страница 4)

Түркістан

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Білім күніне орай Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Төле би атындағы N19 мектепте болып, «Алғашқы қоңырау» мерекелік шарасына қатысты.Облыс орталығында жалпы 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп, 110 мектепке дейінгі және 7 қосымша білім беру ұйымдары оқушылар үшін есіктерін айқара ашты.Жалпы 2022-2023 жаңа оқу жылында қала бойынша 6250 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданса, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік шара өтті. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шара ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мерекелік шара әрмен қарай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Зиялы қауым өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шараға қатысушы құрметті қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Аталмыш көрме облысымызда қызмет атқаратын 11 этномәдени бірлестіктерінің тілі, мәдениеті, ...

Толығырақ »

Түркістанда Сидней көгінде жағылған жұлдызды еске алуға арналған шаралар өтуде

«Жиырма жыл күткен алтынды жиырма жастағы жігіт алып берді». Бұл сөз 2000 жылы Сидней Олимпиадасында топ жарған Бекзат Саттархановқа арналған. Комментатордың осы сөзі көп жанкүйердің көңілілінде жатталып қалғаны анық. 2000 жылы бокстан Сид­ней Олимпиадасының ақ­тық сынына төрт қазақ жігіті шықты. Гүрзі жұды­рық­тар гүрсілінен жер шай­қалғандай сұрапыл айқас­та екеуі жеңіс тұғы­ры­ның ең биігіне көтерілді. Алып мұхит әлдилеген Аустралия жерінде өткен әлемдік ...

Толығырақ »

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жазушы  Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Түркістан қалалық №6 кітапхана- филиалының  ұйымдастыруымен «Көркем сөз шебері» атты сайыс кеші өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Қаладағы Е.Иззатуллаев жалпы орта мектебінің акт залында өткен шараның мақсаты — Мұхтар Әуезов  мұрасына  терең  үңілу, зерттеу,білімдерін  толықтыру. Оқушылардың  жеке зерделік, танымдық,еріктілік  ерекшеліктерін  ұштау. Көпшілік алдында  өзін –өзі  еркін ұстауға, білімін  кеңінен  қолдана  білуге  тәрбиелеу. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Д.Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді, 86 ...

Толығырақ »

Әлихан Смайылов Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Премьер-Министр ҚР Президенті өңір басшылығының алдына азаматтардың әл-ауқатын арттыру, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін және басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер қойғанын атап өтті. Мәселен, Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында бірқатар маңызды жобаларды іске асыру көзделген, оның ішінде жаңа өнім шығару, жолдарды жаңғырту, тұрақты жұмыс орындарын құру және жалпы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жабалар бар. «Өңір ...

Толығырақ »

САЛЫҚ-ҚАЗЫНА,ТӨЛЕУ-ПАРЫЗ

Қала әкімдігінде Түркістан қаласының 2022 жылға арналған жергілікті бюджет түсімдерінің орындалуы және қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында мәжіліс өтті. Қала әкімінің орынбасары Талғат Байжанұлы төрағалық жасаған мәжілісте, қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шәкен Жаңбырбаев баяндама жасады. Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер басқармасының тарапынан қаламыздағы кірістер органдарына тіркелмей, кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жеке тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен жұмысшы топ рейдтік іс-шаралар мен жеке ...

Толығырақ »

МАУСЫМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласы Әуесқойлар шағын футбол лигасының «Көктем-Жаз 2022» маусым біріншілігінің жарысы өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 64 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққандары жеңімпаз атанды. Лига ойындарының қорытындысына сәйкес «Муслим», «Marka.kz», «МФК Город» футбол командалары Республикалық чемпионатқа жолдама алды. Сондай-ақ, “А”-лигасы бойынша «СУПЕР ЛИГА» біріншілігінде «Шытты Отырар»,«Тастемір», «Alash NM» ойыншылары келесі маусымда бақтарын сынамақ. “Б”-лигасында «Бекзат жастары», «Qazsnab», «Allo pizza» футболшылары да ...

Толығырақ »

АРДА АЗАМАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Киелі өңірдің өсіп-өркендеуімен гүлденуі жолында орасан зор еңбек етіп, ел есінде іскер әкім ретінде аты қалған абзал жан, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы волейбол және кіші футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. «Түркістан арена» стадионында басталған шараға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен қала тұрғындары қатысты. Ашық ...

Толығырақ »

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Түркістан қаласында “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған шара шаһардағы ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлауды мақсат етті. “Бала — ұлттың болашағы, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Сондықтан да оларға барынша көңіл бөлуді назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ерекше балаларымыздың армандары асқақ, өмірлері бақытты сәттерге толы болғай!”-деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы. Шара барысында бүлдіршіндер қаламыздағы жаңадан ашылған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Түркістан облысы, Отырар ауданында ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 92 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты іс-шара өтті. «Шәмші» саябағында өткен іс-шара ұлы сазгердің ескерткішіне гүл қою рәсімі, кітап және сурет көрмесімен жалғасып, Шәмші музей үйін тамашалаумен бастау алды. Одан соң Отырар аудандық мәдениет сарайының қыздар дуэті шырқаған «Отырардағы той» әні халықтың көңілінен шықты. Жиынның ашылу салтанатында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «ИШАН БАЗАР» МЕШІТІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Аққойлы ауылына сапарында іргетасы XIX ғасырдың басында қаланған сәулеттік ескерткіш – «Ишан базар» мешітінде болып, тарихи нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Сондай-ақ мешіт іргесіндегі мәдени мұра – көне қыш күйдіру орнын қайта қалпына келтіру бойынша сала мамандарымен кездесті. Нәтижесінде аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына облыстық Мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНДА 7 ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ шығарылымы өтті. Бизнесті бизнеске қолдау көрсетуге шақыратын маңызды іс-шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен кәсіпкерлер, менторлар, жоба авторлары қатысты. Өңір басшысы бұл жобаның кәсіпкерге берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгін сіздермен қайта қауышып, «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының кезекті маусымын өткізгелі отырмыз. Жобаның ерекшелігі – «Кәсіпкерлік Қырандары» арқылы ірі бизнес өкілдері капиталы жоқ, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазір оның үлесі 73,8 пайызға жетті. Тұрғындармен кездескен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков газдандыру ісіне қарқын қосуды тапсырып, бұл аса маңызды жобаның жүзеге асырылуын тікелей қадағалап отыратынын айтты. Ақбай ауылындағы Жаңақұрылыс аумағындағы 150-ге жуық тұрғын үйдің басым бөлігі табиғи отынмен қамтылған. Жергілікті бюджет есебінен нысан құрылысына 67721,26 мың теңге қаражат қаралып, игерілген. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 90 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері, өтініштері тыңдалды. Жиынға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов және өңірлік кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшелері, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдармен қаржы институт басшылары және кәсіпкерлер қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысында шағын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері, өтініштері тыңдалды. Жиынға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов және өңірлік кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшелері, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдармен қаржы институт басшылары және кәсіпкерлер қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысында шағын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ IV АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

Жетісу облысында IV ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті. 25 шілдеден бастап Талдықорған қаласында 14 өңірдегі ауылдардан келген 3000-ға жуық жас спортшы спорттың 12 түрінен: шағын футбол, волейбол, баскетбол (3*3), көгалдағы хоккей, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес пен үстел теннисінен сынға түсті. Аса тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз мынадай нәтижеге қол жеткізді. Жарыстың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ 831 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 86 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Далиев айтты. «Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-і (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) яғни, 85,7 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл ауыз сумен жабдықтау бойынша 53 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 26-ын осы жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал қалған 27 нысанның құрылысы келесі жылға ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады. «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді. Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ КЕЛДІ

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МҰҒАЛІМ ТАПШЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ ТАРТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСУДА

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Онда мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған. Бұл туралы Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Анафия Арыстанбайқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 92,2 ПАЙЫЗЫНА АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық ...

Толығырақ »