Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ (страница 2)

Болашақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ЖАПОНИЯНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ...

Толығырақ »

САУРАН: «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми әдістемелік кеңесі келісімімен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құру туралы әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Ең алдымен орталықтың қызметі педагогикалық ұжымға таныстырылып, мақсаты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған сайыс Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жастар» спорт клубы ұйымдастырып отыр. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН АРХИТЕКТУРАЛЫҚ НЫСАНДАР ЖАСАЙДЫ

Келес ауданына қарасты №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандарды жасауды әдетке айналдырған. Ол бала күнінен бастап желімдеу, жапсыру, құрастыру өнеріне қызыққан. Бүгінде түрлі дизайндағы қала сәулетін, тарихи кесенелермен ауыл макеттерін өз қолымен құрастыра алады. — Макет құрастыру, жапсыру, желімдеу техникасымен 6 сыныптан айналыса бастадым. Әр бөлшекті шын көңілмен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ «БІР ЕЛ» ЖАСТАР ЖОБАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті. Жиынға «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрлан Шубаев модераторлық етті. Алқалы басқосуға ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын ...

Толығырақ »

ӨНЕРЛІ ҰСТАЗЫМЫЗ ӨРЛЕДІ

Мектеп мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін, шығармашылығын дамыту, озат педагогтарды анықтау арқылы ынталандырып отыру мақсатында педагогтар арасында түрлі байқаулар мен білім сайыстары ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі – кәсіби біліктілігімен қатар өнерлерін ортаға салатын «Өнерлі ұстаз» байқауы. Жуырда ғана Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен «Өнерлі ұстаз – 2023» қалалық байқауы өткен болатын. Қаламыздағы білім беру мекемелерінен 25 педагог қатысып, кәсіби ...

Толығырақ »

«Арайлым» балабақшасында педагогикалық оқу өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, «Арайлым» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында аудан көлеміндегі, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қатысуымен педагогикалық оқу өткізілді. Педагогикалық оқуды өткізудегі мақсат: «Өрлеу»біліктілікті арттыру институтынан алған білімдерін бөлісу және өз тәжірибелерінде қолдану барысын көрсету және тәжірибе алмасу. «Арайлым» бөбекжай-бақшасы» ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: САЙРАМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖИЫНЫ ӨТТІ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Сайрам ауданының білім бөлімінің әдіскерлері зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. №33 Шойынбаев жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемесінде өткен құқықтық оқыту жиынына мұғалімдер, сынып жетекшілер, дтіжо, қосымша ...

Толығырақ »

АЗАМАТ ТҮРКИЯҒА БАРАДЫ

Өз қатарластары мен мұғалімдер арасында сүйінші хабарды есіткеннен Азамат туралы: «АЗАМАТ МЫҚТЫ! ОЛ ЕНДІ «СӘЛЕМ, ТҮРКИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ БАРАДЫ!» деген ақжолтай сөздер айтылып жатты. Иә, ол сөз рас. Жақында Шымкент қаласында «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты — елдегі көрінбей жүрген өнерлі өрендерге қолдау білдіріп, әлемге таныту. Осынау ...

Толығырақ »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛУЫ БАҚЫЛАУДА

«АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің тапсырмасына сәйкес Кентау қалалық партия филиалының ұйымдастырумен қаламыздағы мектептерде ыстық тамақпен қамтылуына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Розибаев, Берік Алибаев қалалық партия филиалының консультанты Бейсен Самбетов Б.Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінде және М.Әуезов атындағы № 22 мектеп — гимназиясында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына сараптама жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Білім ...

Толығырақ »

«Ұлы дала перзенттері» тақырыбында қалалық іс-шарасы өтті

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, «Отанды сүю ең ұлы сезім» жобасы аясында Ә.Молдағұлова атындағы мектеп лицей базасында жалпы білім беретін мектептердің Өзін өзі басқару мен Жас ұлан біріңғай ұйымының жұмыстарын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу мақсатында «Ұлы дала перзенттері» тақырыбында қалалық іс-шара өтті. Іс –шараға қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, Түркістан облысы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» әлеуметтік ...

Толығырақ »

ӘДІСКЕРДІҢ 10 КҮНІ

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 қазан күні мектептерге арналған Халықаралық зерттеулер тақырыбында іс-шара өтті. Бөлімнің инновация жөніндегі әдіскері Ф.Сапарбаева халықаралық зерттеулерге жауапты мамандарды күн тәртібімен таныстырды. Ағымдығы жылдың қазан-қараша айларында Мектептерге арналған PISA халықаралық зерттеуіне таңдалған негізгі мектептер мен алмастырушы мектепер туралы және атқарылып жатқан іс-шаралар туралы тоқталып өтті. Кентау қаласы бойынша «Мектептерге арналған PISA(ПИЗА) ...

Толығырақ »

Мектеп оқушылары шекарашылардың жәрдемшісі

Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген. Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды. ...

Толығырақ »

БЕЛСЕНДІ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ

XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар ...

Толығырақ »

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Биология кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Индира Оразғалиқызы Аймбетовамен жүргізілген сұхбат. Балалардың оқу жетістіктерін айқындауды қамтамасыз ететін, бағалау әдістемелерін жасау аса маңызды. Балалардың инклюзивтік категорияларының барлық деңгейлеріне жетекшілік ететін, мұғалімдер үшін инклюзивті білім беру туралы жалпы білім беретін курстар және мұғалімдерге педагогикалық процесті жоспарлауды, әдістемелік бағытты дұрыс таңдауды құруға көмектесетін мамандар қажет. Әлемдік тәжірибеде бакалавриат деңгейінде инклюзивті ...

Толығырақ »

Бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бағдарлама

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына өтуге байланысты, бүгінде қабылданған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мен нақты міндеттер жетерлік. Аталмыш жобада жедел шешімдерді талап ететін әрі халықтың мәселелерін шешуге бағытталған шаралары жөнінде бұрынғы ҚР Білім министрі А.Аймағамбетов нақты түсіндірген болатын. Осы орайда өзіміздің жергілікті ғалымдарымыздың қазіргі таңдағы өзекті ғылыми бағдарламалар жайлы ойларын ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРҒА БІЛІМНЕН БҰРЫН ТӘРБИЕНІҢ БЕРЕР МАҢЫЗЫ ЗОР

Жыл сайын білім беру саласында сантүрлі жаңалықтар, өзгерістер орын алады. Білім сапасы жаңа сипатқа ие болды. Педагогтің құқығы, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, жағдайлар жасалып жатқаннан кейін кәсіби талап та күшейіп жатқанынан күнделікті хабардармыз. Ендеше қазіргі мұғалімнің шынайы мәртебесі жайлы білу, т.б. көкейдегі сұрақтарға жауап алу үшін қаламыздағы №6 М.Мәметова жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Гүлмира Байзаққызымен сұхбаттасуды жөн ...

Толығырақ »

2025 ЖЫЛДАН БАСТАП ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ БАСТАЛАДЫ

Еліміз латын әрпіне екі жылдан кейін көше бастайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралған-ды. Соның нәтижесінде латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Сөйтіп, 4 жыл бойы латын графикасына көшу үрдісі ...

Толығырақ »

КӘСІПОРЫНҒА САЯХАТ

Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен бірқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Аспаз» кәсібінің 11 сынып оқушыларын «Айя София» кафесіне өндірістік саяхатқа апарып, таныстырып, кафе аспаздарының жетекшілігімен тәжірибелік сабақ өтілді. Оқушыларға қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметі, міндеттері, қойылатын талаптар жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қоғамдық тамақтандыру орындары мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана, дәмхана және т.б. өндіріс циклі ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: «TURANBALAFEST» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕБАЙҚАУЫНДА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МАҚТААРАЛ: «TURANBALAFEST» ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕБАЙҚАУЫНДА РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ Түркістан облысы үздік өнерпаздар облыстық телебайқауына А.Тұяқбаев ЖББМ мектебінің 10 сынып оқушысы Мартиросян Карина сурет байқауы бойынша қатысып, республикаға жолдама алды. Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Бақыт Айзере ІІІ орынды иеленді. Осы аталған байқауда сахналық ...

Толығырақ »

Білім саласында да біраз өзгерістер бар

Заман ағымына қарай заң да, қоғам да өзгеріп отырады. Елімізде де елеулі өзгерістер орын алып, түрлі саяси реформалар қолға алынып жатыр. Халықтың қалауымен, елдің атсалысуымен болып жатқан өзгерістерді бір сөзбен заман талабы деуге болады.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жүйе ең алдымен әділеттілікке құралған, көпшіліктің көңілінен шығатындай болуы керек екенін айтты. Ол үшін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін айта келе: ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: БІЛІМНІҢ САЛТАНАТЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі ...

Толығырақ »

Әке жолын адалдықпен жалғастырған ұстаз

Біздің бұлай деп отырғандығымыз тегін емес. Қызылордада жоғары оқу орнын аяқтап, қызметке тұрғалы бері оның саналы ғұмыры Арыс қаласында өтіп келеді. Небір дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген Арыс өңірі Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында туып-өсіп, қазақы тәрбиенің қайнарымен әбден сусындаған ару қыздың бағы мен бақытын ашты десек, еш қателеспейтін шығармыз. Күні кеше ғана жетпіс жасты бағындырып, елдің ыстық ықыласына бөленген Ақбөпе Қаныбекованы ...

Толығырақ »

Рухани тәрбие – жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі

Ордабасы ауданы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша «Рухани тәрбие – жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Іс-шарада Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында аудан прокуроры А.Қыдырбай, «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру» тақырыбында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, «Бала тәрбиесіндегі ата- аналардың ...

Толығырақ »