Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ (страница 3)

Болашақ

БАЛАЛАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУ ШЕШІМІ

Мәселе ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде ...

Толығырақ »

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. Түркістан қаласында балалардың құқығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Түркістандық сақшылар мектеп жасындағы балалар мен және олардың ата аналарымен кездесіп, ана мен бала құқығы, отбасындағы әке құқығы секілді маңызды тақырыптарда әңгімелер қозғауда. Түркістандық тәртіп сақшыларының ...

Толығырақ »

Балаға қатыгездік көрсетпей тәрбиелеу

Түркістан қаласындағы аналар кеңесі бастаған және өзге де қоғамдық ұйым өкілдері қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен түрде балалардың зорлық-зомбылықтан ада болуы үшін түрлі кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде аталмыш бастамашыл топты әсіресе мектеп жасындағы балалардың жай-күйі алаңдататын көрінеді. Осындай жағдайға байланысты ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді еш құптауға болмайды және бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге ...

Толығырақ »

Мақсат — білімді, зияткер ұрпақты тәрбиелеу

Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінен сабақ береді. Мектеп директорының орынбасары бізбен сұхбатында Британ елі неліктен білім саласында алдыңғы қатарда тұрғанын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері не себепті өзге мектептерге қарағанда жоғары нәтиже көрсететінін себебін әңгімелеп берді. – Әңгімені зияткерлік мектебіндегі еңбек жолыңыздан бастасақ. Сонымен қатар шәкірттеріңіз бен олардың жетістіктері жайлы ...

Толығырақ »

ЖАҺАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТҮСІНЕТІН САНАЛЫ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәні мұғалімімен сұхбат. –Математиктерден кімдерді үлгі тұтасыз? Ұстаздарыңыз туралы айтып өтсеңіз. –Университетте Қажи Нұрсұлтанұлы есімді профессор дипломдық жетекшім болған. Сол кісіні қатты үлгі тұтамын. Жас кезімізде ол кісінің қадірін білмедік. Кейіннен ойлаймын, сол кезде қадірін білгенімде, дүниеден өткенінше қасынан бір елі ажырамайтын едім. Ол кісі ...

Толығырақ »

БІЛІМ БИІГІНЕ БАСТАЙТЫН ЖОБАЛАР

Ұстаз болу – көреген болу деген сөз. Біз шәкірттерді өзімізді өсірген әлем үшін оқытпаймыз, тіпті қазіргі әлем үшін де емес – біз оларды өзіміз келешекте өмір сүретін болашақ үшін, тіпті қазір елестете алмайтын болашақ үшін оқытамыз», – деп Гордон Браун айтқандай, мектептің дамуы – ең алдымен, оқыту, тәрбиелеу және басқару жүйелеріндегі сапалық өзгерістер процесінен басталады. Яғни мұндай өзгерістер нәтижесінде мектеп ...

Толығырақ »

МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ ШЫРАҒЫ

Кез-келген мемлекет білімді жастарымен мақтана алады. Қоғамның қозғаушы күші де сол жастар. Ал, өсер ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру бүгінгі «Жаңа Қазақстанның» ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. Ендеше, осыдан төрт жыл бұрын ғана облыс мәртебесін алған Түркістанда бүгінгі таңда 33 білім ошағы бар. Онда мыңдаған балалар білім алумен бірге кәсіби біліктіліктерін де жетілдіруде. Бұл мақсатта ұстаздардың мәртебесінің көтеріліп, ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

Ерғазы Дәулет Мақсатбекұлы Ж.Тәшенов атындағы N23 IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жас маман. Жас ұстаз болса да мектеп және қоғам жұмысына белсене қатысып, нәтижелі еңбегімен ұжымда елене бастады. Ол алдыңғы жылдары ағылшын тілінен Республикалық ғылыми жоба сайысына оқушы дайындап, қалалық кезеңінен 1-орынға ие болса, былтырғы жылы облыстық ғылыми жобадан дайындаған шәкірті 11 «б» сынып оқушысы Дариға ...

Толығырақ »

Cаналы ұрпақ – кемел болашағымыз

Жаһандану заманында жас ұрпақтың   жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, өмірде оны қолдана білуге дағдыландыру – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгермейінше  сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Білімнің қайнар көзі балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі шақ – бала өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл кезде баланың бойындағы табиғи дарыны жан-жақты ...

Толығырақ »

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласының оқушылары жыл бойы өткен білім сайыстары бойынша 2022-2023 оқу жылын толағай табыстармен аяқтады. Оқушыларымыз түрлі облыстық, республикалық білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 15 оқушы жүлдегер атанса, оның ішінде 2 оқушы Республикалық олимпиадада да І және ІІІ орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, 7-8 сынып оқушыларының облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 6 оқушы, 9-11 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркаістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, ...

Толығырақ »

«БЕСТЕРЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1300 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «БЕСТЕРЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1300 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығымен биылғы жылдың соңына дейін «Бестерек» жобасы аясында 1300 педагог-психолог «Когнитивті мінез-құлық психотерапиясының негіздері» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтеді. Мақсаты — тәуекел топтағы оқушыларға жаңа тәсілде психологиялық көмек көрсетуді үйрету. Қазіргі таңда когнитивті ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Менің кіші Отаным» атты облыстық интеллектуалдық конкурста Төлеби ауданындағы Нысанбек жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Анартай (жетекшісі Динара Теңгебаева) «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша І ...

Толығырақ »

ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» 20.09.2023ж. №190 бұйрығы негізінде, «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жүргізу шеңберінде, «Халықаралық зерттеулерде қарастырылатын әлеуметтік және эмоционалды дағдылардың сипаттамасы» тақырыбында таяуда Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Сауран» жалпы ...

Толығырақ »

ДАМУДЫ МАҚСАТ ТҰТҚАН-ПЕДАГОГТЕР!

Rентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жыл 18 қазан күні Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекованың ұйымдастыруымен «Педагогтердің курс алды шығармашылық тақырыптарын жинақтау, зерттеу, талдау, ұсыныс беру» тақырыбында қалалық жалпы білім беретін мекемелердің оқу орынбасарларына оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: -педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру, -заманауи оқыту әдістерін сабақта тиімді қолдану, -педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту; ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Келес ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинар өтті. Семинар мақсаты — мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын ...

Толығырақ »

Мақсатымыз – жайлы университет жасау

Білім және ғылым саласын дамыту бүгінгі заман талабында кезек күттірмейтін іс екенін бүкілхалықтық педагогтер съезі дәлелдеп  бергендей. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында білім саласында орындалуы тиіс негізгі жеті міндетті айқындап берді. Оның ішінде педагогтер сапасын көтеру,  білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығару, жастарға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру мәселелері бізге үлкен жауапкершілік артады.    «Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ НЕГІЗІНДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МАҢЫЗЫ

Қазіргі кезде ғылыми-теориялық және әдістемелік (практикалық) тұрғыдан қазақ тілі оқулықтары мен оқу-құралдарындағы қазақ тілі дыбыстарының жайы жиі пікірталас тудырып келеді. Өйткені ғылыми тұрғыдан анықталған қазақ тілінің дыбыс құрамы мен қазіргі мектептерге арналған оқу бағдарламаларының арасында едәуір алшақтық бар. Қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу үстінде фонетикалық шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелердің бірі – кірме таңбалар. Латын әліпбиі негізіндегі оқу-әдістеме жұмыстарын жетілдіру ...

Толығырақ »

Түркістанда әдістемелік көмек беруге арналған басқосу өтті

Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік көмек семинары өтті. Семинарға бөлімге қарасты білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педегогтері мен үйірме жетекшілері және қызметті ұйымдастыру бойынша жауапты әдіскер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Б.Қаймолдаева семинарды ашып жүргізіп отырды. Әмір Темір ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 ...

Толығырақ »

Мектепті «Үздік директор» басқарады

Қазығұрт ауданындағы Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің тарихы тым тереңде. 1934 жылы Қазығұрт ауылдық Кеңесінің Суықбұлақ ауылындағы Әлімбек баба мешітінің жанынан сауат ашу мектебі ашылады. Көп кешікпей білім ұясына «Жаңаталап» атауы беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2019 жылғы 4 сәуірдегі №158 Қаулысымен «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КМК ...

Толығырақ »

Қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Қазіргі кезде ұл-қызының жоғары оқу орнына түсуін тілеп, тақымын қысып отырған ата-ана көп. Жылда жаз мезгілімен қабаттаса келетін ҰБТ науқаны 11-сыныпты ғана емес, 10-сыныпты бітірушілерді де ойландыра бастады. Уақыт өткен сайын мамандықтар тізімі өзгеріп, кейбір мамандықтар мүлде жойылып жатыр. Деректерге сүйенсек, әлем бойынша 50 мыңға жуық мамандық бар. Мамандық таңдау ісінде жасөспірімдер түгілі, соларға жол көрсетіп отыратын ата-аналар да қателесіп ...

Толығырақ »

Түркістанда спутниктік робототехника үйірмесі бар

Түркістанда еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі бар.  30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді. Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСЕНТ ӨТТІ

Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері Төлеби аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлерімен бірлесіп, аудан педагогтарына арналған “Оң нәтижеге бағытталған білім – жаңа мазмұн, жаңа көзқарас, жаңа технология” атты екікүндік әдістемелік десант іс-шарасын өткізді. Әдістемелік десанттың мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқу үдерісін жетілдіруде жаңа көзқарас қалыптастыру, жаңа технологияларды меңгерту арқылы білім сапасын арттыру. Инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін ...

Толығырақ »