Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ (страница 4)

Болашақ

ТҮРКІСТАН: 5000-ҒА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС АЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ “Білім мен инновация: Білім беру процесіне жаңа көзқарас” атты тақырыпта “Ашық есік күнін” өткізді. Атаулы іс-шарада Түркістан облысы бойынша 5000-ға жуық педагог әдістемелік кеңес алды. Облыс бойынша алғаш рет қолға алынған жоба аудан/қаладағы білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылды. Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы; аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері ...

Толығырақ »

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ЛОГОПЕД МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Тәрбиелі, білімді, жан-жақты дамыған балалар — ертеңгі еліміздің болашағы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту — мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Балаларды тәртіпке үйрету, зейінін ашу, жан-жақты дамытуда балабақша қызметкерлері өз үлестерін қосуда. Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың психолог және логопед мамандарына арналған әдістемелік отырыс өтті. Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басшысы Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Танирбергенова Анар Шынболатқызы түркістандық педагогтармен кездесіп, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында кең көлемді баяндама жасады. Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШ: «БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету мақсатында «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып өтті. Жиынның негізгі қадамдарына оқу-әдістемелік ...

Толығырақ »

Бәрі де тәрбиеге байланысты

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде жұмыс істеу күннен- күнге қиындап бара жатқан сыңайлы. Себебі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артып барады. Әсіресе, жоғары сынып оқушыларының топтасып төбелесуі, бір-біріне әлімжеттік жасауы жайында ақпараттар құлаққа жиі шалынады. Қазіргідей қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заманда бейбітшіліктің қадірін білмей, тойғанынан секіріп жүрген  балалардың әрекеті қоғамда келеңсіздік туындатып отырғаны жасырын емес. Кішкентайынан тай-құлындай тебісіп бірге ...

Толығырақ »

Жастарды қайтсек имандылыққа тәрбиелейміз?

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның, техниканың қарқынды дамыған кезеңі. Әйткенмен, мұның зиянды жағы да барын жасыруға болмайды. Мәселен, бүгінгі мектеп оқушысы ақпарат көзінің барлық түрін жетік біледі. Компьютер, ғаламтор, ұялы байланыс оқушының кітап оқуға деген құлшынысын төмендетіп отыр. Осындай келеңсіз мәселелерді шешу мақсатында саяси, әлеуметтік, экономикалық, білім беру және басқа да мемлекеттік реформалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге бүгінде  ұрпақтың ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Баршаңызға мәлім, республика көлемінде “BAQYLA” тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы құрылды. Алғаш жиынын Алматы қаласында өткізіп, баспасөз-мәслихатын да берді. “Әділдікті” жаны сүйетіндер үшін бұл нағыз қоғамдық жұмыс. Саяси институт, саяси мектеп десек те болады. Алғаш қадамын ҚР Президенті сайлауында бастап, жиған тәжірибесін осы саяси науқанда, яғни ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда жалғастырмақ. Шымкент қаласында қазіргі таңда 250-ден аса бақылаушы болам ...

Толығырақ »

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КВЕСТ ӨТТІ

  Қазақстан жастар конгресінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында Шохан Уалиханов атындағы кітіпаханының коворкинг орталығында «Qazaq Quiz» атты интелектуалды ойыны өтті. Квестте 60 оқушы қатысты. Квиз барысында Қазақстанның мәдениеті, тарихы және қазіргі замандағы тарихы бойынша 6 түрлі форматта раунд өткізілді.   Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. © didarbek.kz

Толығырақ »

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізетіні туралы хабарлар келіп түскен. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық сайтында жариялады. Олар: 1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) — «face to face» сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI); 2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік ...

Толығырақ »

Еліміздің болашағын айқындауға қатысыңыз!

2022 жылғы 20-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Сіз өз таңдауыңызды жасау арқылы еліміздің болашағын айқындауға қатысасыз. 20-қараша күні қала аумағында Сіздер үшін барлығы 293 сайлау учаскесі жұмыс жүргізетін болады. Өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіңіз туралы мəліметті «Shymkent_sailau2022_bot» телеграм каналынан немесе «i-shymkent.kz» сайтына кіріп, ЖСН нөміріңізді теру арқылы біле аласыз. Ары қарай 2ГИС мобильді қосымшасына сайлау учаскесінің ...

Толығырақ »

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

27 – 28 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында «Жас журналистер мектебі» республикалық әлеуметтік жобасы аясында өңірлік форум өтті. Форум жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал етуге бағытталған. Шымкент қаласынан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 100 жас журналист теле, баспа және интернет-журналистика бойынша білім алуға мүмкіндік алды. Оқыту тренингтерінен басқа, қатысушылар өз білімдерін тәжірибеде тексерді. Спикерлер «Еуразия ...

Толығырақ »

ТАПСЫРЫС САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов айтты. Ол «Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында жасаған баяндамасында 2019 жылдан бері әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқанын жеткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ. МӘСЕЛЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру аясында “AMANAT” партиясы фракция мүшесі ретінде, Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданы белсенділері мен тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында тұрғындар, Самал-3 ш.а көше бойларын жарықтандыру бойынша өтініштерін білдірген болатын. Тұрғындардың өтініші назарға алып, Шымкент қаласының Энергетика және Инфрақұрылымды дамыту басқармасымен 2022 жылдың соңына дейін аудан аумағында жарықтандыру жұмыстары бойынша жұмыс жүргізілетін болады. © didarbek.kz

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мақсатында кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізді. “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға бірнеше азамат жазылған. Азаматтар жеке сауалдарын білдіріп, бірнеше талап тiлектерiн жеткізді. Қабылдау барысында азаматша К.Амирхановаға жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес беріліп, жеке бақылауға алынды. О.Кенжаевтың жер және тұрғын үй құжаттарын ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕМЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Елшиева Альбина мен Исабеков Данабек қабылдауға келген бірнеше азаматтардың мәселелерінің шешілуіне қолдау көрсетті. Соның ішінде аз қамтылған, үйі өртеніп кеткен көп балалы анаға (7 бала) үйін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын. Қасиетті Рамазан айында өртенген көп балалы үйге барып, уәде етілген тоңазытқыш және төсеніш кілемдерін табыстады. Алдағы күндері әлеуметтік ...

Толығырақ »

МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

”AMANAT” партиясы фракция мүшесі мәслихат депутаты Исабеков Данабектың “AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінде өткізілген азаматтарды жеке қабылдауында болған азамат, Чувашев Олег Юрьевич жеке куәлігін рәсімдеу барысында бірнеше жылдан бері 12 жылдан астам уақыт кедергілер туындап, көмек көрсетуді өтінген болатын. Олег Юрьевичтың өтініші толықтай қаралып, қазіргі уақытта жеке куәлік рәсімделіп, мәселесі оң шешімін тапты. Азамат өз тарапынан Партияға ...

Толығырақ »

«ЖЕТІ ТҰҒЫРДЫ» ТҮГЕНДЕУ – ЖАҢА БУЫНҒА АМАНАТ

Жуырда өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынғаны белгілі. Бұл әлемдік тәртіптің даму үрдістерін терең талдауға негізделген іргелі еңбек. Бұл – Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы. Жеті – ...

Толығырақ »

МАНДАТ — МАҚСАТ ЕМЕС, МІНДЕТ!

Дәл осылай ұғынатын “Халық қалаулыларын” кездестірсек, қуанып қаламыз. Таныс болыңыздар — сондай депутаттардың бірі — Сауран аудандық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Арман Шалданбаев. Ең жақсы қасиеттердің бірі — сөзінен іс көп. Ел ортасында беделді, абырой асқақ азамат. “Қайырымдылық шарасы” істерінің жанынан жиі табылып жатқанын да көз көреді. Жастығында бойдағы күш-қуатын еліме пайдамды тигізсем деп жұмсап жүргені — ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 🖊 Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде. 📌 Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты ...

Толығырақ »

«DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

« » жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету. «Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті. Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта ...

Толығырақ »

АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті. Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері  жөніндегі басқарма басшысы Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы және Шымкент қаласының ...

Толығырақ »

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ПРОБЛЕМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ.

Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Ал үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін өткен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі кеңестерінің бірлескен отырысында Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева баяндады. Отырысқа «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Бектаева, қоғамдық кеңес төрайымдары К.С.Айдарбекова, Б.Қ.Исабек, ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында үшінші мегаполистың автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ержан Жақсылықұлының ...

Толығырақ »

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстаның дамуы мен өркендеу жолында басты рөл атқарып, жүйелі істердің арқасында халықтың зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясына 22 жыл толды. Осы мерейлі датаға орай «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «нұротандықтарды» мерекемен құттықтап, жаңа бастамаларды жүзеге асыру жолында сәттілік тіледі. –Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «Шымкент жастар лигасы» жобасы қолға алынып, мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен өз шеберліктерін көрсетпек. Аталған сайысқа оқушылардың дайындығын пысықтау үшін қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шапырашты елді мекенінде орналасқан Сансызбай Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта ...

Толығырақ »