Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 20)

Қазақстан жаңалықтары

КІТАПХАНАҒА КӨЗҚАРАС ҚАЛАЙ ЖАЛПЫ?!

Білсеңіздер, облысқа қарасты аудандарда орталық кітапханалар жұмыс істейді. Алла нәсіп етіп бүгін Түлкібас ауданына аяқ бастық. Сапар барысында қызығушылық танытып кітапханаға кіріп, жұмысымен танысуды ұйғардым. Бұл кітапхана дәл аудандық әкімшіліктің жанында орналасқан. Рухани ордада 5 бөлім жұмыс істейді екен. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы “Цифрлы Қазақстан” болуға бар жігерін жұмсауда. Әрдайым бір “бірақ” шығатынын біліп тұрсыздар ғой…. Кітапханаға кірдім. Таныстым. Білдім. ...

Толығырақ »

МАҚСАТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті. Онлайн шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов қатысты. Кездесуде Т.Серікбаев ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды. Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бакытжан Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті. Жоғары сапалы томографияны қолдану — қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда «алтын стандарт» ...

Толығырақ »

РЕАНИМАЦИЯДА АЙЛАП ЖАТҚАН ҚАРТ КІСІ КОРОНОВИРУСТЫ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері өкпесінің 85 пайызы зақымдалған қарт кісіні аман алып қалды. Компьютерлік томография нәтижесінде науқаста екі жақты пневмония анықталған. Бұған қоса ПТР сараптамасы бойынша егде жастағы азаматшада Covid-19 вирусы бар екені белгілі болған. 1952-жылы қала тұрғыны Ұлас Исаққызы ағымдағы жылдың 28-шілде күні ауыр халде халде жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. 3-тамыз күні жағдайы күрт ...

Толығырақ »

“ЖУРНАЛИСТИКА НЕГІЗДЕРІ” КУРСЫ

БАҚ өкілдері арасында журналистика факультетінде оқымағандар көп. Журналистика принциптері, заңдылықтары, БАҚ туралы заң, журналистік этика, журналистика жанрлары туралы үйрететін “Журналистика негіздері” курсы сол әріптестерімізге арналған. “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбындағы вебинарлар сериясы шеңберінде ZOOM арқылы онлайн форматта өтетін Курсты Түркітілдес журналистер қоры “Шеврон” компаниясының серіктестігінде ұйымдастырады. Тегін. Қатысушыларға сертификат беріледі. Түркітілдес журналистер қоры жанынан ашылған Медиа тренерлер мектебінің мамандары ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдау жолдады. Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат – оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті. Жолдауда әлеуметтік саладағы көптеген күрделі мәселелерге ерекше назар аударылды. Оның ішінде, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ...

Толығырақ »

Шымкенттік балалар үйінің түлектері «жасұландық» атанды

Биыл 9 сыныпты бітірген №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Станислав Фролов пен Тимур Селезнев С.Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түсті. Естеріңізге сала кетейік, аталған балалар үйінің тәрбиеленушілері 2019 жылдың басынан бері Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қамқорлығында. Департамент бастығы генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен полицейлер балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуда. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері балалар үшін ...

Толығырақ »

HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”, – делінген. Сондай-ақ, жарылыс кезіндп ажал құшқан азаматтардың несиесін есептен шығаратыны айтылған: “Банк басшылығы зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан Halyk Bank клиенттеріне банктен алған қарыздарды есептен шығару туралы шешім қабылдады. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз”. © Түркітілдес Журналистер қоры

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер балаларға жол жол жүру ережелерін үйретуде

Ағымдағы жылдың 1-9-қыркүйек аралығында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Осы іс-шара аясында Әл-Фараби АПБ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бекітілген білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде, жаңа оқу жылында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер балаларға мектеп құралдарын алып берді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде балаларға мектепке қажетті заттар алып берді. — Бұл игі шара бірінші жылы ұйымдастырылып жатқан жоқ. Балалардың қуанышын көрген бақыт қой. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған 50-ден астам оқушыға мектепке қажетті құралдарды сыйға тарттық. Балалар сабағын тек беске ...

Толығырақ »

COVID-19: АУРУХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ

Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі. Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді. 31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізеді. ММСЖ қатысушылары болып табылатын ҚР-ның барлық медициналық мекемелері тексеруден өтеді. Сарапшылар тобының әр ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласындағы барлық мектептің алдында Ювеналды полиция қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында үш ауысымды кезекшілікке тұрады. Учаскелік полиция инспекторлары мен мектеп мұғалімдері үшін мектеп тарапынан тағайындалған қоғамдық инспекторларға балаларды жаяу жүргінші ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, көмек көрсету мақсатында өткізілген «Мектепке жол» акциясы «Низамхан» орта мектебінде жалғасты. Аталған шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 🖊 Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде. 📌 Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты ...

Толығырақ »

«ГАМЛЕТ» ТРАГЕДИЯСЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚУЫРШАҚ БАҒЫТЫНДА САХНАЛАНДЫ

24 тамыз күні Шымкент Қуыршақ және жасөспірімдер театрының жаңа маусымдағы қойылымы – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясың премьерасы карантин талаптарын сақтай отырып, 30% көрермендердің қатысуымен өтті. Айта кетейік, жаңа қойылымның қоюшы режиссері, белгілі жас режиссер – Айдын Салбанов Қоюшы суретшісі – Ақмарал Қосбармақова. Трагедияда Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары биліктің дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді. Басты кейіпкер ...

Толығырақ »

Шымкенттік тұрғыннан 264 келі қарасора тәркіленді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісін анықталды. Полицейлер Қайнар-бұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік – қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі (Өсiруге тыйым ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯҒА ПАРА ҰСЫНҒАН

Шымкент қаласының тұрғыны Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкеріне өзі жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босату мақсатында пара ұсынған. Полиция қызметкері орын алған жайт туралы тез арада Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды. Аталған Факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. © Шымкент қаласының Полиция департаменті

Толығырақ »

ҮЗДІК КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы 2021 жыл — бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп бекіткен. Осы орайда, республика көлемінде «Үздік бастауыш ұйым» байқау-сайысы басталып кеткені белгілі. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырылған байқау-сайысқа ...

Толығырақ »

Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша өткен кездесу

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында «Ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу» тақырыбында мемлекеттік қызмет саласының ардагері, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді. Кездесуді таныстыру сөзімен Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев ашып, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серік ...

Толығырақ »

Кәсіподақтар екпе салдыру үндеуіне қолдау көрсетуде

Еліміз бойынша қалыптастан эпидемиологиялық жағдайды қалыпты жағдайға түсіру мақсатында әрбір қазақстандық және еңбек ұжымдарындағы қызметкерлер мен жұмыскерлердің вакцинациядан өтуі қажеттігі жөнінде кәсіподақтардың үндеуі жарияланған болатын. Осыған байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы 36 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары және кәсіподақ мүшелері тарапынан қолдау тауып, мекемелердегі қызметкерлер мен жұмыскерлер алғашқылардың ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Рахат» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы семинар-тренинг өткізді. Жиын барысында Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақ ұйымын ашып, еңбек құқықтарын қорғау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырып, кәсіподақ құрылған ұжымда жазатайым оқиға тіркелмегенін, кәсіподақ тарапынан тұрақты түрде бақылауда болатынын жеткізді. Компанияда ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ТӘУЛІГІНЕ 24 САҒАТ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЙДЫ

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және «iKomek 109» Ситуациялық орталығының директоры Азат Әміртай әлеуметтік ынтымақтастықты дамытуды және әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеуді бірлесе іске асыру жауапкершілігі принциптерін басшылыққа ала отырып, 2021-2024 жылдарға арналған Меморандумға қол қойды. Тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет ететін «iKomek 109» Ситуациялық орталығы азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Халыққа нағыз қажет, ...

Толығырақ »

ЕҢБЕККЕР ҚҰҚЫҒЫ — МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

08.07.2021 күні Арыс-Шымкент бағытының ПЧ-53 жол шаруашылығының 120-ға жуық қызметкері ай сайынғы жалақы мөлшерін 100%-ға арттыру туралы талаптармен наразылық білдірген болатын. Өз талаптарын жариялағаннан кейін, жарты сағаттан кейін олар бөлініп, егер 10 күн ішінде олардың талаптары орындалмаса, қайтадан наразылыққа шығатынын мәлімдеген. Компания басшылығымен жолыққан жұмысшылар бұдан бөлек, басшылар алдында бірқатар талаптарды қойған. Жұмысшылардың талабы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар ...

Толығырақ »

КӨЛІКТЕРІН САҚТАНДЫРА АЛАДЫ

Шымкенттіктер көліктерін мамандандырылған ХҚО-ларда сақтандыра алады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-ларда көліктерін бірден сақтандыруға мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қосымша сервис «пилот» ретінде 2021 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Айдос Ашетовтың айтуынша, клиентке автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру ...

Толығырақ »

Шымкентте ем алушыларға арналған кітап сөрелері орнатылды

“Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер” басқармасының бастамасымен “Кітап — жан дәрумені” жобасы қолға алынып, жергілікті 12 аурухана, емхана және балалар ауруханаларына классикалық және заманауи авторлардың туындыларымен толықтырылды. Ем алушы шымкенттіктер қалаған кітабын алып, ауруханада өткізуге мәжбүр уақытына өзгешелік енгізе алады. “Өкінішке қарай, ауруханаларда науқастар саны азаймай отыр. Оған қоса, ұзақ мерзімді емге мұқтаж азаматтар да бар. Жерлестеріміздің еміне ...

Толығырақ »