Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 3)

Қазақстан жаңалықтары

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН ЖЕТКІНШЕК БАЛАНЫ ДОСЫНЫҢ ҮЙІНЕН ТАПТЫ

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 7 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, сағат 15:30 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан ұлы күн қарайғанша келмеген. Жақындары бірнеше сағат өздері іздеп таба алмаған соң, полициядан көмек сұраған, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін қалалық №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі ашылған, – деп хабарлайды DIDARBEK.KZ тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады. Операция кезінде хирургтар ...

Толығырақ »

КОРПОРАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясын қолдайды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық  акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды.  Акцияға облыс бойынша Барлық аудан қызметкерлері жұмылдырылды. Мекемеге қарасты территорияларды тазалап көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Аталмыш науқан 5 аптаға ...

Толығырақ »

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды. Жалпы облыс бойынша 30 астам ...

Толығырақ »

САУРАНДЫҚТАР ЭКОАКЦИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 87 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРДЫ

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени ...

Толығырақ »

СЕНБІЛІККЕ 2000 ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Жексенбі күнгі ауа-райының қолайлығын Азаттық ауылының тұрғындары пайдаланып, ауылдың шеткейіндегі аймақ пен мазарат аумағын күл-қоқыстан тазартып, “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы сенбілікке 2000 тұрғын қатысып, тазалық шарасынан соң өмірден өткен ата-бабаларының әруақтарына құран бағыштап, ас берді. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 18 633 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Қазығұрт ауданында жалпы саны 18 633 көшет отырғызылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда үйеңкі, шаған, қарағаш, тұя, катальпа, можжевельник, айлант ағаштары егіліп, көше бойы мен аллеяларда орналасқан көшеттерді ақтау мен қоршау жұмыстары жүргізілді. «Таза өлке» апталығы аясында жасалған ...

Толығырақ »

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

2021 жылы Төлеби ауданы әкімдігі, «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ»АҚ және «Киелі Қазығұрт» қоғамдық бірлестігі арасында үш жақты меморрандум жасалып, келісімге сәйкес «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АҚ Ақбастау ауылынан заманауи спорт кешенін салып беруге уәде еткен болатын. Бүгін, Төлеби ауданы, Ақбастау елді мекенінде меморандум негізінде салынатын спорт кешенінің алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты жиынға ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы Отырар ауданында қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан аумағында жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сенбілік барысында Шәуілдір ауыл округіндегі Жібек жолы даңғылының бойы, Ұ.Арғынбеков, ...

Толығырақ »

СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫМЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қала әкімі Гульжан Курманбекованың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласында белгіленбеген орындарға қоқыс тастап, қала экологиясына зиян келтірушілермен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өкінішке орай, кей жерлерде қоршаған ортаның тазалығын сақтауда әлі де мәдениет қалыптаспай келеді. Осыған орай, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев бастаған Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жергілікті учаскелік ...

Толығырақ »

СОЗАҚТА “ТАЗА ӨЛКЕ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН 25 000 ТАЛ ЕГІЛІП, 485 ТОННА ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығында Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді-мекендерде және де аудан орталығы Шолаққорған ауылында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар, ауыл тұрғындары атсалысты. Жалпы, аудан орталығында бөлінген секторлар бойынша бекітілген мекеме қызметкерлері көшелерді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан) келген, жалпы 64 спортшы бақ сынайды. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ұлттық және ат ...

Толығырақ »

«ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫНАН ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА ТЫС ҚАЛМАДЫ

Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Осындай сауапты істі жүзеге асыру, қаланы көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында «Жасыл Арыс» КММ-сі қалаға кіреберіс Аркадан бастап, қалаға дейін ағаш отырғызу жұмыстары белсенді түрде жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ретте, елімізде өтіп жатқан «Таза өлке» апталығына әскери сарбаздар да ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Отырарда «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясының «ТАЗА ӨЛКЕ» апталығы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары барысында Шәуілдір ауыл округіндегі «Арыс жағалауы» саябағы мен «Ардагерлер» паркінің және Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемемлекеттік мекесінің аумағын тазалау, аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. . ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті. Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау,  ...

Толығырақ »

«ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТ ТЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ»

Бүгін Мемлекет басшысы қазақ ғалымдарына жылы лебізін білдіріп, Ғылым күнімен құттықтады. 12 сәуір — қоғамымыз үшін ерекше сәт, себебі бүгін ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Біз Ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады. ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДЕГІ ҒАЛЫМДАРДЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРУ ИДЕЯСЫ ҚҰПТАРЛЫҚ ҰСЫНЫС

Ақордада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырды. «Бүгінгі жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты қолдаймын және отандастарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырамын. Мемлекет өз тарапынан мұндай ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты ...

Толығырақ »

ҒЫЛЫМ ӨРКЕНДЕСЕ, ЭКОНОМИКА ДА ӨРКЕНДЕЙДІ

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында «Бүгін – қазақтаннан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына тура 125 жыл. Президент Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атап, оның мерейтойын атап өту елімізде «білім-ғылым ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ: ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТТЕ ДЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті. Қазіргі таңда заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Әйтпесе өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске қатысты. Президент кеңесте отандық ғылымды дамытудың бес бағыты бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Оның бірі – ғылымның әлеуетін табиғи және техногенді апаттарды болжау, климаттық өзгерістер салдарымен күрес мақсатында пайдалану болса, екіншісі – ғылымның экономикалық сатылап дамуына тигізер оң ықпалын арттыру. Тағы бір бағыт – жасанды интеллектіні дамыту болса, төртінші бағыт ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ: СӘТБАЕВ САЛҒАН САРА ЖОЛДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК

Бүгін – қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына тура 125 жыл толды. Осыған орай Астанада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесі өтті. Онда Президент Қаныш Сәтбаевты «қазақ ғылымының атасы» деп атап, «Еліміз Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру керек» деді. Қ.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДЕГІ ҒАЛЫМДАРДЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРУ ИДЕЯСЫ ҚҰПТАРЛЫҚ ҰСЫНЫС

Ақордада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырды. «Бүгінгі жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты қолдаймын және отандастарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырамын. Мемлекет өз тарапынан мұндай ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты ...

Толығырақ »

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Национальный совет по науке и технологиям постепенно становится действенным инструментом в развитии отечественной науки и ее практического применения в социально-экономическом развитии страны. Одним из поручений Главы государства Правительству являлось использовать потенциал науки для прогнозирования природных и техногенных катастроф, борьбы с последствиями изменения климата, а другое – повысить положительное влияние науки на экономическое развитие. Сущность и назначение прогнозирования и мониторинга чрезвычайных ...

Толығырақ »

СОЗАҚТА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛҒАЛЫ 22500 АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Таза өлке» апталығы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүруде, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы Әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандағы барлық ауыл, кент округтерден тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғындар жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары мен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулалардан 235 тонна қоқыс қалдықтарын ...

Толығырақ »