Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық (страница 14)

Құқық

АҚАЙШАНЫҢ АРМАНЫ — ПОЛИЦЕЙ БОЛУ

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рамазан айында бірауыздан қайырымдылық жасауға ниет етіп, отағасы мүгедек, көпбалалы отбасына ат басын бұрып, күнделікті қажетті азық-түліктер апарып берді. Балаларға ойыншықтар таратты. Сол сәтте, 6 баланың үшіншісі зерек Ақайша Темірхан қайырымды, жүзі жылы полицейлерді көріп қатты қуанды. Бала арманына қанат біткендей, «болашақта полицей болғым келеді» деп жүрек түбіндегі сөзін жеткізді. ...

Толығырақ »

ҰСЫНУЛАР ОНЛАЙН ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда (ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде). Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы А.Жұмағали мен Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтың қатысуымен жиын өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша бірқатар ұсынулар қаралды. Кездесу ...

Толығырақ »

ЖАНАТТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫ

Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып. Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен ...

Толығырақ »

ЖЕКСҰРЫН ЖЕМҚОРДЫҢ ЖОЛЫ ЖАБЫЛДЫ!

Мынаның қолға түскенін оқып, түрлі ойға баттым. Жемқор екенін біліп жүргенмін. Бірақ, қолда дәлел жоқ. Білетінім, «Әділ сот» деп айтып жүріп, өзі әділ бола алмады. Әшейін «әділ соттың» рөлін сомдап жүрді. Неге бола алмады десем, қолына қаражат түспей, «әділ» болу қиын екен. Оны өзі, турасын айтқанда, ашкөздігі мен тойымсыздығы дәлелдеді. Мына заманда пара алатындай Түгелдің басында бірдеңелері түгел болмай шықты. ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында сауда үйінің кассирі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан егде жастағы әйел кешірім сұрады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 23.04.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне белгісіз азаматшаның азық-түлік сататын сауда үйінің кассирінен індет табылғандығын айтып таратқан аудиожазбасы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша СДТТБТ-ға ...

Толығырақ »

ҚОЙ ҰРЛАП САТҚАН БАҚТАШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері қой ұрлап, сатқан бақташыны анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында мал жайылымға 500-ден астам қойын тексеруге барғанында, 1 бас қой мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алу барысында, бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының ...

Толығырақ »

ҮШ МЫҢНАН АСТЫ…

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты. Дәл қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Алматы қаласында – 10, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 12, Қызылорда облысында – 3, Қарағанды облысында — 3. Бұл туралы ...

Толығырақ »

ОТЫЗҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ АЛДАҒАН

Түркістан облысы полицейлері жұмысқа орналастырамын деп, 30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал АПБ-не бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің бірін жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, кез келген мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған. Алаяққа сенген тұрғын ұлы мен күйеубаласын жұмысқа тұрғызу үшін әйелге 1.5 миллион теңгеге жуық ақшасын беріп, ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ «ЖАЛЫННЫҢ» ІШІНДЕ ЖҮР

Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет аға, карантин кезінде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалауда мониторингтік топтың белсенділігін байқап жүрміз. Алдымен, топтың ...

Толығырақ »

1-МАМЫРДАН БАСТАП…

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік коммиссияның» келісімімен Шымкент қаласында 1-мамырдан мынадай өзгерістер енгізіледі.

Толығырақ »

ТӨРТ БІРДЕЙ ДОҒАЛАҚТЫ ҚОЛДЫ ЕТКЕН

Түркістан облысының полицейлері көлік доңғалағын ұрлаған жас күдіктіні қолға түсірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының тұрғыны аудандық полиция бөліміне ауласында тұрған көлігінің жаңа төрт бірдей доңғалағының ұрланғанын айтып, арыз жазады. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі 150000 теңгені құрайды. Арыстық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеуге алып, тергеп-тексеру әрекеттерін бастап ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы полицейлері кезекті есірткі сатушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат арызданып, Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі заттарын таратумен айналысатынын хабарлады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының «есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Төлеби АПБ-нің ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Құрметті отандастар! Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалды. Ойға алған жоспарларын өзгертуге мәжбүр болғандар да бар. Адами тұрғыдан мен мұны түсінемін. Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдадым. Соның арқасында індет жаппай таралған жоқ. Дүниежүзілік ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗУШЫ ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин режимін бұзушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Әлеуметтік желіде «ватсап» мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған. Тексеру барысында 23.04.2020 жылғы Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскені анықталды. Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық ...

Толығырақ »

КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН АУМАҚТАР

Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында карантинге жалпы 12 аумақ жабылып, оқшауланған болатын. Қазіргі таңда аудан аумағында 12 індет ошағы анықталған орындар карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар үйден шықпай азық-түлікті және басқа да қажетті заттарды жақын орналасқан дүкендер арқылы тапсырыспен алдыруға мүмкіндік жасалынды, қосымша күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ олар: 1. Ә.Молдағұлова көшесі ...

Толығырақ »

БАНКТЕР МЕН ЛОМБАРДТАР ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?

Елдегі төтенше жағдай бәрімізді шеттерімізден әбіржітіп жіберді – үйреншікті өмір салты бұзылып, үйде отыруға мәжбүр болып, табысымыздан айырылып, ертеңгі күнімізге деген үміттеріміз сөніп бара жатыр. Десек те, біздің бұл күйге түскенімізді пайдаланып, онсыз да қиын күндерді бастан кешіріп отырған біздің үстімізден пайда тауып отырған банктер мен ломбардтардың тірлігіне қалай қайран қалмайсыз! Мәселен, Еуразиялық банкті алайық… Төленіп жатқан несиені үш айға ...

Толығырақ »

КӨЛІГІҢІЗДІҢ АККУМУЛЯТОРЫНА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!!

Түркістан облысының полицейлері жұмыс орнынан бірнеше аккумуляторларды ұрлап кеткен жүргізушіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 21.04.2020 жылы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекшілік 102 нөміріне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Аталған жайт Түлкібас АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетеді. Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері үй-үйді аралап, куәгерлерден ...

Толығырақ »

70-ТЕН АСТАМ СІРІҢКЕ ҚОРАБЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысының полицейлері марихуана салынған 70-тен астам сіріңке қорабын тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері және Түркістан облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, полиция қызметкерлері оның ауласындағы сарайдан құрамында есірткі тектес заты бар 74 дана ...

Толығырақ »

БЛОК БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының шекаралық аймақтарына блок-бекеттер 18-наурыздан бастап орнатыла бастады. Тәулік бойы қызметке кіріскен полиция қызметкерлері мен медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын тексеруден өткізді. Ал, өңірде карантин жарияланған тұста олар күшейтілген режимге көшті. Қазіргі таңда қатаң тәртіп пен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жасап жатыр, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . «Шақпақ» бекетінде ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 18 АЗАМАТТЫ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ

Кентау қаласы полицейлері карантин енгізілген уақыттан бері 18 азаматты жауапқа тартты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Естеріңізге сала кетейік, 18-сәуірден бастап Түркістан облысының барлық аумағында карантин енгізілді. Осы тұста, облыс полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеуді тұрақты бақылауда алған. Соның ішінде, Кентау қаласында да полицейлер ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАРҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН БІРІНШІ БАСШЫ ЖАУАПТЫ

Қол астындағы қызметкер жемқорлықпен шатылса, бірінші басшы жұмыстан кету жөнінде өтініш жазуға міндетті. ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі онлайн режимдегі комиссия отырысында айтылды, деп жазады Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...

Толығырақ »

АСА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРУДА

Полиция қызметкері болу кез-келген адамның қолына келе бермейтін іс. Ұқыптылықпен, сабырлықты, аса үлкен жауапкершілікті талап ететін маман иесінің кез келген кезде өміріне қауіп төнуі мүмкін. Аса ауыр қылмыскерлерді құрықтау, қоғам тыныштығын сақтау әрине қиын. Бұл істе батылдығымен бірге, білімі мен біліктілігі де жоғары болуы қажет. Отырар ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Төреханов полиция болуды жастайынан армандаған. Бүгінде шен тағып, қызметке кіріскен ол, әрбір ...

Толығырақ »

ҰРЛЫҚ ТҮБІ — ҚОРЛЫҚ

Түркістан облысы полицейлері мал ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Жыл басында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар үйінің ауласында орналасқан қорасынан 2 бас бұқасын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қайырымдылық әрекеті – кез келген адам бойынан табыла бермейтін ең ізгі қасиеттердің бірі. Ол үшін әрбір пендеде адамгершілік, жанашырлық, жомарттық секілді мінездер болуы қажет-ақ. Аталмыш қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Түркістан облысының полицейлері қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТҮСКЕН ҰРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен ұрыны құрықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Ағымдағы жылдың наурыз айында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны арызданып, үйінде ұрлық болғанын айтты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне белгісіз тұлға кіріп, жатын бөлмесінен 10 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады. Оған қоса ұры, үстел ...

Толығырақ »