Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2017 » Декабрь

Месячные архивы: Декабрь 2017

БҮГІН БОЛДЫ – 26.12.2017

ОҚО-да биыл төтенше жағдайлар мен олардан зардап шегушілер саны едәуір азайған. Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы тіркелген өрт былтырғы жылға қарағанда 22,4 пайызға, ал өрттен зардап шеккендер саны 50 және қайтыс болған азаматтардың көрсеткіші 33,3 пайызға төмендеген. ОҚО-да «Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмнің премьерасы өтті. Облыс әкімдігінің тапсырысы негізінде «САҚ» киностудиясы түсірген «Киелі Қазығұрт» атты тарихи-танымдық мульфильмнің премьерасы «Shymkent plaza» ...

Толығырақ »

БҮГІН БОЛДЫ – 22.12.2017

ОҚО-да энергетика саласында 59 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысы Ж.Түймебаев Энергетиктер күні мерекесі орай «KEGOK» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалында орналасқан өңірлік  диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысты.  Оңтүстікте балғындарға арналған Президенттік шырша өтті. Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Асқақ ордам – Астана»  атауымен шырағын жаққан жасыл шырша жанында халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған ...

Толығырақ »

БҮГІН БОЛДЫ – 20.12.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары  қызметіне Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды. «Қайып ата» ЖШС-і Иран Ислам мемлекетіне биыл 6 мың бас қой етін экспорттады. Серіктестік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 мың басқа дейін жеткізбек. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Арыс қаласында болды. ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА КЕЛЕР ЖЫЛЫ 320 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 447,7 млрд. теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд. теңгеге өскен. Бұл жөнінде облыстық депутаттар алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыс бюджет қаржысы кіріс көздерін ұлғайту үшін басымды сала ретінде ...

Толығырақ »

«RIC ON EXPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЮДЕ

RIC ON EXPORT бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Zoodel» халықаралық онлайн-сауда алаңы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Оңтүстік» АИО қолдаған тауар өндірушілердің өнімдерін бөлшектік экспорттауды ZoodMall Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы дамыту. Бұл платформа үздік халықаралық онлайн-сайттарда 300 миллионға жуық әлеуетті сатып алушылармен бөлшек сатуды жүзеге ...

Толығырақ »

ОҚО-ДАҒЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ЗАМАНАУИ ҚОЙМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА БАСТАДЫ

Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан «Оңтүстік азық-түлік компаниясы» ЖШС-нің қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Аталған тұрақтандыру қоры бүгінде халыққа қажетті барлық тауарларды таяуда ғана ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСҚАН МАҚТАРАЛДЫҚТАРДЫҢ ТАБЫСЫ 3 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп жатқан отбасылар көп. Биылдың өзінде 3046 отбасындағы 18909 адам дәл осы жобаның жемісін көріп отыр. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Өрлеу» жобасының арқасында қаржы алып, сауда дүкенін ашқан Игамкулова Гулсинай бүгінде отбасын асырап, бала-шағасын бағып отыр. Жобаның арқасында 472 мың теңге алған ол Елбасымыздың саясатына дән риза. ...

Толығырақ »

«ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ РЕСПУБЛИКАДА АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ӨЗІН-ӨЗІ АҚТАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен. Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БИЫЛ 50 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕР ТЕЛІМІНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚҰЖАТЫ БЕРІЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан астам сәйкестендіру құжаты және жылжымайтын мүлік нысандарына 25 мыңға жуық техникалық төлқұжат әзірленген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов пен облыс әкімі Жасейіт Түймебаев және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қатысты. Жаңадан ашылған орталық азаматтарға құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсететін болады. Онда тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар мен мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер департаменті, облыс әкімдігі және пробация қызметінің мамандары жұмыс жасамақ. Енді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН СУ ҚОЙМА 350 ГЕКТАРДЫ СУЛАНДЫРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен, Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округінде жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. м3 суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын жеткізді. «Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Еліміздің Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітілген. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің memkyzmet.kz сайтында орналастырылды. Нәтижесінде азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін департаментке ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАРДАН ҚҰРҒАҚ СҮТ ДАЙЫНДАЙТЫН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болды. Индустриалды аймақта салынып жатқан инфестициялық жоба келер жылдың мамыр айында іске қосылады. Бүгінде нысан құрылысының 75 пайызы аяқталған. Жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысқан облыс басшысы мұндай зауыт ТМД елдерінде баламасы жоқ екенін айтып, бұл жобаның ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ТЕЛЕКӨПІР БАРЫСЫНДА ШЫМКЕНТТЕГІ 20 МИЛЛИОН ҚОРАП ДӘРІ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

Елбасы телекөпір барысында Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда. Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА ТЕЛЕКӨПІР БАРЫСЫНДА ЖЫЛЫНА 1 МИЛЛИОН ТОННА ТАУАР ӨТКІЗУГЕ ҚАУҚАРЛЫ КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы кешенді іске қосты. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар. Телекөпірге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ вице-президенті Санжар Елубаев және орталық қызметкерлері ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА 557 МЫҢНАН АСТАМ КӨЛІК ТІРКЕЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 557 143 автокөлік тіркелген. Салық кодексіне сәйкес, 59 265 автокөлік иелерінде жеңілдік бар. Қазіргі таңда облыс көлемінде төленбеген көлік салығын өндіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне азаматтардың өз еріктерімен облыс көлемінде 1,6 млрд теңге ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

Түбі бір түркі жұртының түпқазығы, рухани астанасы – Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті. «Түбі бір түркілер» хореографиялық-пластикалық қомпозициясымен бастау алған конценрттік бағдарламада облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз алып, барша жиылған жұртшылықты бүгінгі айтулы күнмен құттықтады. «Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКСОЙ ТҰРАҚТЫ КЕҢЕСІНІҢ XXXV ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы өтті. Тұрақты кеңес отырысына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтанбек Жұмағұлов және ТҮРКСОЙ ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Осы ретте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті электронды түрде қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында электронды түрде қызмет алу тәсілдері бойынша екі тілде бейнеролик ...

Толығырақ »

ЕҢСЕЛІ ТУ ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Түркістан қаласында рәміздер алаңы ел игілігіне беріліп, еліміз бойынша биіктігі жағынан үшінші алып ту Түркістан төрінде желбіреді. Ту тұғырдың биіктігі – 62,5 метрді құрайды. Ал, байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы 24 метр. Азаматтардың туған жерге және оның рәміздеріне деген құрметті арттыру, патриоттық рухын ояту мақсатында салынған алаңның салтанатты ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тəуелсіздік – Алтын ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА САЛЫҚ ТҮСІМІ 10 АЙДА 251 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып ...

Толығырақ »

АРЫСТА ЕКІ ФЕЛЬДШЕРЛІК БЕКЕТ ПЕН ҚОНАҚ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті. «Мемлекеттің басты ...

Толығырақ »

ЕКІ ЕСЕ АРЗАН САТЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды. Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінде 1-желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне орай, жаңа спорт залының ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау екендігін атап өтті. «Бүгінгі ашылған спорт залынан жерлестеріміз сияқты ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт ...

Толығырақ »

«ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН БЕКІТКЕН ЕЛБАСЫ»

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде Ұлт ...

Толығырақ »