Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Июль

Месячные архивы: Июль 2018

АСТАНАҒА — 20 ЖЫЛ!

Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығына орай «Оңтүстік-цирк» аренасында «Сүйіспеншілікпен, Астана!» бағдарламасымен Астаналық цирк ұжымы өнер көрсетті. Шоу барысында сигвейдегі эквилибристер, күлкілі сайқымазақтар, үйретілген иттер, жолбарыстар, көгершіндер, түрлі сиқырлар көрсетілді. «Баспалдақтағы бірегей теңгерім», «Діңгек», «Көгершіндер феериясы», «Бос сым», «Сиқырлық және иллюзия» және т.б. оннан аса авторлық номерлерді көрсеткен ұжым өнерлері көпшілік қауымның көңілінен шығып, көрермендер қошеметтерін білдірді.  Бұл қойылымға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСТАНАНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында  Түркістан облысындағы Астана қаласының мәдени күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтті. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мен Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мұхамбеталина Нарима Абылқызы құттықтау сөзбен ашып берді. Концертте Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, ...

Толығырақ »

БАТЫРЛАР РУХЫН АСҚАҚТАТАР КӨРМЕ

Түркістанда Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Қазақта Кенекемдей ер өтпеген…» көрмесі өтті. Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы болғаны белгілі. Тәуелсіздік жолында бүкіл өмірін сарп еткен хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Кенесары ...

Толығырақ »

Түркістан-Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылмақ

Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ. Екі көне шаһардың арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдің туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады. Мұндай келісімге «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық орталығы Ташкент қаласында ұйымдастырған «Жібек жолындағы туризм – WorkShop» іс-шарасы аясында қол жеткізілді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков бастаған делегатция мен ...

Толығырақ »

Астана қаласы — Түркістан облыстарының өңіраралық ынтымақтастығы

Бүгін Түркістан қаласында «Астана қаласы — Түркістан облыстарының өңіраралық ынтымақтастығы» тақырыбында іскерлік кездесу өтті. Елорданың 20 жылдығына орай, «Қазақстанның өңірлеріндегі Астананың күндері» шеңбері аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты — Түркістан облысының бизнес-қоғамдастығы мен өңірлік даму институттарымен тәжірибе алмасу болып табылады. Сонымен бірге, жергілікті кәсіпкерлердің Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерімен, туристік әлеуетімен, табысты жүзеге асырылып жатқан шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі өңірлік ...

Толығырақ »

Шымкент пен Астана қалалары — іскерлік байланыста

28 шілде күні Шымкенттегі Астана күндері басталды. Елорданың 20 жылдығына арналған іс-шара аясында қаламызға Астанадан іскерлік делегация келді. Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысқан делегация мүшелері одан кейін «Астана – Шымкент өңіраралық байланысы» бизнес-форумына қатысты. Қалалық әкімдікте өткен жиында астаналық қонақтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысты. Форум аясында іскерлік топтар мен даму институттары, мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлікті қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды, ...

Толығырақ »

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының полицейлері халық алдында есеп берді

Бүгін Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің 6 айы көлемінде атқарған жедел – қызметтік жұмыстарының қорытындысы және халыққа есеп беру жиналысы болып өтті. Жиынға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Шымкент қаласы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Абдуллаев, Әл-Фараби полиция бөлімінің жеке құрамы мен қоғам белсенділері, сондай –ақ жергілікті тұрғындар қатысты. 2018 жылдың 6 айы көлемінде Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында орын алған құқықбұзушылықтар ...

Толығырақ »

Суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтаңыздар!

Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек, мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағанан да қайғылы жағдайларға ұшырауда. Әсіресе, балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда. Ал, өзен жағалауларында тазалықты сақтау да маңызды. Кілем мен ...

Толығырақ »

«Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі оң нәтиже беруде

Шымкенттегі 128 мектептің барлығында «Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде қаладағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды. Мобильді қосымшаны енгізу «мектеп – ата-ана – оқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі мен сабаққа себепсіз қатыспауы 10 есе азайды,балалар арасындағы құқық бұзушылық 75%-ға, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық ...

Толығырақ »

Жас генийлер жарысы

«Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан» атты менталды арифметика бойынша жазғы турнир өтті. Аталмыш шараны «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интелектуалды даму академиясы ұйымдастырған болатын. Іс-шара елордамыз Астананың 20-жылдығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайысқа екі жүзге жуық жүйрік оқушы қатысып, үш күнге жоспарланған шарада жас генийлер жылдамдық есебінде емтихан тапсырады. Шымкентте өтіп ...

Толығырақ »

Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасы жұмыс істейді

Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өңірдің белсенді пайдаланушыларының 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШТІ

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады. Яғни,  Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды. Бұл  туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов пен қала әкімі Ә.Өсербаев қатысты. Салтанатты жиналысты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА КӨШЕТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

Кеше Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың қызметкерлерімен кездесті. Жиында әкім Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісіп, көшіп баратын қызметкерлерге заң талаптары шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың түрлеріне түсіндірме беріп өтті. Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы ...

Толығырақ »

Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда

Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған «өлкетану» оқулығы шығарылуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақытжан Әшірбеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 ...

Толығырақ »

Шымкентте қысқа дайындық қарқынды

Шымкент қаласында көп қабатты 339 үй жылу маусымына дайын. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлім етті. Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40% -ы жылумен қамтамасыз етуге дайын. Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Коммуналды шаруашылық саласының мамандары жұмыстың ...

Толығырақ »

ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨМІРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Түркістан облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараевтың мәлімдеуінше, облыс бойынша 456639 бала саны мен 901 жалпы білім беру мектептері бар. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 901 жалпы білім беру мектептерінде «Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беру бағдарламалары бойынша бастауыш, орта негізгі, жалпы орта білім беру мекемелерінде құжаттар өткізу және қабылдау» қызметін автоматтандыру енгізілетін болады. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

БАСПАНА КЕРЕК БОЛСА…

Құрметті Шымкент қаласы тұрғындары! Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы Əкімшілігінің халықтық кеңсесі «фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Бұл жерде, Сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз! Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ СУРЕТШІЛЕРІ БІРІГІҢДЕР! 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Бейнелеу өнері музейінің қолдауымен, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағында «КАSKASU» халықаралық суретшілерінің плэнері басталды. 5 күндік іс-шара барысында 6 елден келген 26-ға тарта қылқалам шеберлері 100 өнер туындысын жасап шығарады деп күтілуде. Плэнерге Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбе  кстан, Әзірбайжан және Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ДЕМАЛЫС ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысында жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда. Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек. Бұл туралы Түркістан облыстық баспасөз қызметі хабарлады.  Бүгінгі таңда 4 ауысыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал ...

Толығырақ »

Қалада балабақшаға қабылдау жүйесі жаңартылды

Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды. Бұдан былай қала аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Бұл жүйе балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде әр баланың электронды төлқұжаты қалыптасады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені сынақтан өткізу нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған 3-6 жасар сәбилердің қатары 2,5 есеге — 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту енді автоматты түрде, онлайн-режимде атқарылады. Бұл өз ...

Толығырақ »

ДҰРЫС ТАҢДАУ

Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды.  Жиында Мәулен ...

Толығырақ »

МУЗЕЙ ТАРИХЫНАН КӨРМЕ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласы,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Архив музей хақында» тұрақты көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты — музей архивінде сақтаулы құжаттар мен фотосуреттерді жұртшылыққа насихаттау, әрбір құжат тарихынан ақпарат беру. Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен  Ясауидің тарихын зерттеуші, шежіреші түркиялық қонақтар мен  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ...

Толығырақ »

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖОЛЫМЕН…

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Кітапхана – Заманауи Білім орталығы» жобасы аясында Шымкент қаласындағы Күлия Айдарбекова басқарып отырған «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында «коворкинг» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, оқырмандарды орталықтың ашылуымен құттықтап, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысып, бірлесе жұмыс жасай алатындары туралы айтып өтті.  Соңғы технологиямен жабдықталған орталықта ...

Толығырақ »

«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңі өтуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық экспедициясы эстафетасын Жамбыл облысынан Түркістан облысына қабылдап алу рәсімі өтті. Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, ...

Толығырақ »

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Шымкентке «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев іс-сапармен келді. Мәулен Сағатханұлы алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барды. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған  №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына арнайы қатысты. Конференцияда ...

Толығырақ »