Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 01.07.2018

Е.Айтаханов, Отырар ауданының әкімі: Домбыра — қазақ үшін тұтастай әлем, оның бүкіл өмірі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикамызда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Осыған орай бүгін қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған айтулы мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. «Домбыраның пернесінде ән ғажап, домбыраның шанағында зарлы азап. Қазақ болып қалды мәңгі домбыра, домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ» — деп жерлесіміз, ақын Серік Сейітман жырлаған қасиетті домбыра ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ТҰРАН ҮНІ ТЕРБЕТІП…

Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында «1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып беріп, барша тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Ұлттық домбыра күні құрметіне 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда бір мезгілде домбырашылардың флешмобы ұйымдастырылды. Осылайша ...

Толығырақ »

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі. Елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа мереке тойлануда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекі­тілген жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күні жыл сайы­н шілде айының алғашқы жек­сенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр. Қалада Ұлттық мерекеге арналған көптеген мәдени-көпшілік шаралар өтуде. Бүгін Шымкенттегі қоғамдық көліктерде қазақтың күйлері күмбірледі. Абай ауданы әкімі ...

Толығырақ »

КҮЙ КҮМБІРЛЕТКЕН КИЕЛІ ДОМБЫРА

Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл күн бірінші шілдеге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, еліміздің үшінші мегаполисі арнайы дайындығын әзірлеп, Шымқала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 10:00-де Асанбай Асқаров атындағы демалыс аймағында орын тепкен дендросаябаққа шақырды. Онда жиналған жұрт бұрын-соңды болмаған мерекелік іс-шараны тамашалауға зор мүмкіндік алды. Ұлттық домбыра күнінің құрметіне өткізілген флешмоб, ...

Толығырақ »

Бір мезетте 3000 домбыраны күмбірлеткен күй

Бүгін Түркістан облысының орталығында Қ.А.Ясауи кесенесінің алдында «Ұлттық домбыра күні» мерекесінде 1000 домбырашы Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Бұдан бөлек, барлық аудан, қалаларда бір мезгілде домбырашылардың флешмобы ұйымдастырылды. Осылайша жалпы саны 3 мыңнан астам домбырашы ұлттық өнерді дәріптеді. Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған «Ұлттық домбыра» күнін түркістандықтар кең көлемде атап өтті. Ұлттық дәстүр мен өнерді ...

Толығырақ »

Түркістанда «Күй құдіреті» облыстық күйшілер байқауы өтуде

Н.Ә. Назарбаев шілденің алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өту туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осы орайда Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында 1500 домбырашы және Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен өңіріміздің аудан, қалаларында бір мезетте 1500 домбырашының қатысуымен басталған «Ұлттық домбыра күні» мерекесі қалалық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып дәулескер ...

Толығырақ »

Жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады

1 шілде — Ұлттық домбыра күніне орай облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүгін таңертең перзентханаларға барып, жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблесының ұйымдастыруымен өңіріміздегі барлық перинаталдық орталықтарында өткен шарада бүгін жарық дүние есігін ашқан сәбилерге ізгі тілек жазылған хат тапсырылып, ата-аналарына арнайы сыйлықтар тарту етілді. «Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі баршамызды ерекше қуантып отыр. Елбасының қолдауымен жүзеге асып жатқан ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ СЕССИЯ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы да қатысты. Күн тәртібінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы есебі жайында баяндап берді. Оның айтуынша, 2017 жылы білім саласына 45,5 миллиард теңге бағытталып, 11414 оқушы ыстық тамақпен, 5483 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, 1650 оқушы «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысқан. Сонымен қатар, ағымдағы ...

Толығырақ »

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Жуырда ғана республиканың үшінші қаласы атағы берілген Шымкент қаласының  сәулеті, келбеті, тіпті жол құрлысы да үшінші қала атауына лайық болуы тиіс. Бұл жөнінде қала әкімдігі тарапынан біршама  жобалар қолға алынып,  жалғасын табуда. Осы орайда қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау жариялап отыр. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық ...

Толығырақ »

Шымкентте қорғасын зауытының мұнарасы бұзылатын болды

Кеңес заманында Шымкенттегі ірі үш өндіріс орнының бірі болған  қорғасын зауытының аумағында құлауға шақ қалған ескі мұнара бұзылатын болды. Бұрынғы қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға әкімдік тарапынан конкурс жарияланды. Ескі мұнаралар мердігер мекеме анықталған сәтте бұзылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы қорғасын зауытының үш мұнарасын бұзу үшін мемлекеттік сатып алу туралы тендер ...

Толығырақ »

ТҰРАН – ИРАН РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИДІҢ ОРНЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті. «Мұсылмандар өміріндегі ирфан мен сопылықтың маңызы» тақырыбында баяндама жасаған Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени Орталығының директоры, доктор Сейіт Жәуад Жәлоли Йасауи ілімі түбі бір түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді деп атап өтті. ...

Толығырақ »