Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 03.07.2018

Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала концерт өтті

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын шымкенттіктер үлкен қуанышпен қарсы алды. Шілде айы келісімен үшінші қалада  мереке аясында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Қала көшелері мен саябақтар тақырыпқа сай безендірілді. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын мереке аясында өтетін түрлі бағдарламаларға қатысып, мерекені бірге тойлауға шақырды. Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт ұйымдастырылды. Сахна керемет безендіріліп, мерекелік кештің шырайын ашып тұрды. ...

Толығырақ »

АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласында Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына қарсаңында үлкен «Асқақатай бер, Астана!» атты гала-концерт өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен аудан-қала әкімдері және зиялы қауым өкілдері, Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары  тамашалаған концертте облысымыздың 150-ден аса өнерпазы өнер көрсетті Сонымен қатар, қолөнер және қылқалам шеберлерінің 200-ге жуық туындыларынан көрме ұйымдастырылып, елге ұсынылды. Мерекелік шара Астана қаласының 20 жылдығына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ

Түркістан облысының орталығы, Түркістан қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті. Жиынды облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Базарбай Мұсабеков жүргізді. Сессия жұмысына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыс әкімдігінің мүшелері, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.      Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде облысты басқару схемасына өзгерістер енгізу мен Түркістан облысы әкімдігінің ...

Толығырақ »

ӘЛЕМДІК ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКІСТАНДА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Түркістан облысында дүние жүзінің түкпір-түкпірінен дәрігерлер келіп, жергілікті науқастарды қабылдап жатыр. Сегіз топтан тұратын 30 шақты медицина маманы Сайрам ауданында болып, тегін медициналық көмек көрсетті. Елбасының “Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан тарихи оқиға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қолдауымен жүзеге асып отыр. Республикалық «МИР через ДУХОВНОСТЬ» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, алдымен, облыстық ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды. «Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі» деп аталатын ғимарат жерлесміздың туған ауылы Шілік елді мекенінде бой көтерген. Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сөз сөйлеп, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ақын ағасына деген ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізді. Иығына зерлі шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Басқосуда Е.Садыр Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ...

Толығырақ »

ҚМДБ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік және облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты. Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің ашылуы рухани қаланың өмірінде айрықша сипатқа ие ...

Толығырақ »

Төле би ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Түркістан облысының Төле би ауданына жаңадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қызметке Бауыржан Омарбековты тағайындады. Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың оның ішінде жастардың жұмысқа орналасуын басты назарда ...

Толығырақ »

«АЛАШТЫҢ БАҚ ОРДАСЫ – АСТАНА» ШАРАСЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шара Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі максаты — Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет ...

Толығырақ »

Биылғы ҰБТ қорытындысы көңілге қонымды болды

Түркістан облысында 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпты 33765 оқушы тәмамдады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 33765 бітірушінің 22417-сі өтініш беріп, оның 22091-і тестілеуге қатысқан. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда сынаққа қатысқандар саны 800 оқушыға артқан. 326 оқушы тестілеуге қатыса алмаған. Оның 304-і өз өтінішімен, 22-сі денсаулығына байланысты сынақтан қалыс қалған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы ...

Толығырақ »

КӨНЕ ДӘУІРЛЕРГЕ ЖАТАТЫН ТАҢБАЛЫ ТАСТАР ТАБЫЛДЫ

Теріскейден неолит, қыпшақ дәуіріне жататын тарихи тастар табылды. Сырлы Созақ ауданында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бұл аймақтан сондай-ақ, жерлеу орындары мен өңделмеген алтын сынықтарын да кезіктірген. Таңбалы тас тарихи құнды жәдігерлері облыстық тарихи өлкетану мұражайында өткен баспасөз мәжілісінде таныстырылды. Таңбалы  тас Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарының шекарасы түйіскен жерде орналасқан.  Қазір онда Елбасы тапсырмасына сәйкес зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.  «Болашаққа ...

Толығырақ »

Астана мен Шымкент қалаларының әкімдері меморандумға қол қойды

Шымкент қаласының әкімдігі Астана қаласының тәжірибесін еліміздің үшінші мегаполисін дамыту мақсатында қолданады. Бұл жөніндегі меморандумға 1 шілде күні өткен Жібек жолы қалалары мэрлерінің Global Silk Road атты форумында екі қаланың әкімдері Әсет Исекешов пен Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды. «100 нақты қадам Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында қол қойылған құжат екі мегаполистің әлеуметтік-экономикалық салалары, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр. ...

Толығырақ »

Биыл ҰБТ тапсыру ойдағыдай өтті

Биыл Шымкент қаласында 7987 түлек мектепті тәмамдап, соның ішінде 5446 түлек ҰБТ тапсырды. Соның ішінде 5422 түлек тест тапсыру орнына келген. Биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Шымкент түлектерінің орташа көрсеткіші 83,6 балды құраған. Қалалық білім бөлімінің мамандары осылай деп хабарлап отыр. Солардың арасында 138 балл жинаған екі түлек бар. Олар — Шымкенттегі №35 мектептің түлегі Гүлдана Мейірбек және №23 мектептің 11 сыныбын ...

Толығырақ »