Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Сентябрь

Месячные архивы: Сентябрь 2018

Қариясы бар елдің – қазынасы бар

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді. Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Жетісай ауданы әкімдігі мен жеке кәсіпкер Мұрат Байтелиевтің демеушілігімен «Алтын шаңырақ» мейрамханасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында 150 қарияға арналып дастархан жайылып, құран оқытылып, ас берілді. Бұл туралы ...

Толығырақ »

НАЗАРБАЕВ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді. Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды. Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай ...

Толығырақ »

Н.НАЗАРБАЕВ: «ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ – БАРША ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ»

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы «Этноауыл» алаңында ұйымдастырылған «Түркістанға оралу» салтанатты іс-шарасының құрметті қонағы болды. Мемлекет басшысы алаңға жиналған көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен құттықтады. «Түркістан – біздің халқымыз үшін үлкен маңызға ие. Орта Азиядағы көне де қасиетті қалалардың бірегейі. 2000 жылы біз Түркістанның 1500 жылдығын атап өттік. Мұнда қазақ халқының ұлы тұлғалары мен ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы Түркістан қаласының дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды.           «Бүгін еліміздің тарихында бір елеулі уақытта кездесіп отырмыз. Жаңадан Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алды. Түркістанның дамуы, болашағы қалай болады деген сұрақ бойынша әңгімелесеміз. Біріншіден, менің тапсырмам ...

Толығырақ »

«КӨНЕ ТҮРКІСТАН-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде аймақ экономикасының перспективасы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен әрекеттестігі одан әрі кеңейту және өңірдің инвестициялық әлеуетін көтеру мәселелері талқыланған форум өтті. Форумға отандық кәсіпкерлер және шетелдік инвесторлар қатысты. Шараның мақсаты — халықаралық ұйымдар мен инвестициялық жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторларды Түркістан облысына тарту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, салтанатты түрде жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың капсуласын салды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті.   Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын ...

Толығырақ »

Түркістандағы облыстық перинаталдық орталыққа қосымша ғимарат салынады

Түркістандағы облыстық перинаталдық орталыққа қосымша ғимарат салынады, деп хабарлайды On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Бір мезетте 150 анаға медициналық көмек көрсететін Түркістандағы №3 облыстық перинаталды орталық алдағы уақытта 300 науқасқа ем жасайтын болады. Ол үшін бүгінде қажетті құжаттар жинақталып мемлекеттік сатып алу конкурсына жолданыпты. Сонымен қатар, аталған медициналық мекеме қазір өз пациенттеріне толықтай заманауи үлгіде қызмет көрсетуде. Бұл мекемеге негізінен ...

Толығырақ »

Жақсылар, дастан айтайын…

«Жақсылар, дастан айтайын…». Осындай айдармен өткен ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары арасында өткен сайыс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Унивеситетінің –мәдениет орталығында ұйымдастырылды. Үміткерлер қазақ тарихындағы батырлар жырын жатқа айтып, іріктелді. Бұл туралы On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Оңтүстік Қазақстан»  газеті ұйымдастырып отырған бұл жоба  республика көлемінде кеңінен қолдау тауып, ...

Толығырақ »

ҚР Мәдениет және спорт министрі Отырар ауданына арнайы іссапармен келді

Елбасымыз Н.Назарбаев шикізатқа тәуелділіктен құтылып, бюджет қоржынын өзге салалармен, атап айтқанда туризм кластерін дамыту арқылы толтыруды міндеттеген болатын. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда Арыстанбаб және Отырартөбенің айналасын абаттандыру жұмыстары  басталды. Бүгін ауданымызға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы ат басын бұрды. Министрдің өлкемізге келу мақсаты Президентіміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА 1,7 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНЫҢ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«КӨНЕ ТҮРКІСТАН  – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның ...

Толығырақ »

1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІ

Халықаралық Қарттар күніне орай Бәйдібек ауданында спортық іс-шара өтті, деп жазады Бәйдібек  ауданы әкімінің бапасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді. Себебі ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыз өздерінің саналы ...

Толығырақ »

ВЕНАДА БИЗНЕС ПЕН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

28 қыркүйекте Австрия елордасында қазақстандық-австриялық экономикалық форумының алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды. «Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу үшін барлық жағдайларды жасады. Шетелдік инвесторлар кеңесі тиімді жұмыс істейді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды, онда ағылшын заңдарының принциптері бойынша тәуелсіз қаржылық сот жұмыс істейді. Біз ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі ...

Толығырақ »

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні меркесіне орай Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округі әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен «Қажы ата» мейрамханасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында 70 қарияға арналып дастархан жайылып, құран оқытылып, ас берілді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиында сөз алған Қазыбек би ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің ...

Толығырақ »

Атадан балаға өнеге

Еліміздің елеулі мерекелерінің бірі – қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күніне, қазан айының алғашқы мерекесі қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күніне орай «Атадан балаға өнеге» атты мерекелік кездесу кеші орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №17 кәсіптік колледжінде өткізілді. Іс-шара қонақтары Арыс қаласының құрметті ұстаз ардагерлері Танкеев Бейсенхан, Әбжаппар Нұрымбетов қызы ұстаз Дауылбаева Гүлмарал және зейнеткер кітапханашы Дәулетбаева Ұлмаш қызы Нұртаева Ләйлә қатысты. Кеш ...

Толығырақ »

ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН – ЕЛ АРДАҚТЫ

Didarbek.kz. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қарттарын ардақтай білген елдің қашанда рухы үстем, шаңырағы биік» — деген болатын. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше. Біздің бүгінгі нұрлы, алаңсыз өміріміздің сақшысы бола білген, самайларын қырау, жүздерін уақыт әжімі торлаған қарттарымызды күн сайын, тіпті сәт сайын ...

Толығырақ »

«АДАЛ ҰРПАҚ» – САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті. Жиынға облыстық білім беру ұйымының басшылары мен облыстың барлық 16 ауданынан келген 800-ден аса «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ АЛАМАН БӘЙГЕ МЕН КӨКПАР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданының 90 жыл мерейтойына орай аламан бәйге мен көкпар ойындары өтті, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.  Жалпы бір күнге созылған дүбірлі тойдың жалғасы Түлкібас ауданының орталық атшабарында жалғасын тапты. Мерекелік іс-шара жасөспірімдер арасында командалық көкпар ойындарынан бастау алды. Жасөспірімдер арасындағы көкпарға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Түлкібас ауданының құрама командасы тіркеліп, екі команда ...

Толығырақ »

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізігі бағыттары бірі — білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету. Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан бойынша департаменті басшысы Ғ.Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: жүзеге асыру және ұлттық заңнаманың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми практикалық конференция өтті. Конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, Қ.А.Ясауи ...

Толығырақ »

Мерейлі мерекеге арналған түлектердің тартуы

Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан аумағындағы ауылдар мен елді-мекендерде мектеп бітіруші түлектердің туған жерге деп жасап жатқан түрлі сый-сияпат, жасауда, деп жазады «Созақ үні» газетіне сілтеме жасаған  didarbek.kz. Мұндай сыйлықтар бір жағынан туып өскен мекенге деген ыстық сезім болса, екінші жағынан ауданның мерейлі мерекесі 90 жылдыққа деген тарту болып отыр. Мерекеге арналған тартуларды айтып өтетін болсақ, Жартытөбе елді ...

Толығырақ »

Отырарлық қариялар өңіріміздің тарихи-киелі орындарын аралауға аттанды

Түркістан облысы Отырар ауданында 60-тан аса ардагер қариялар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енген тарихи орындарды аралауға аттанды. Қазыналы қарттар Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі мен «Ақмешіт» үңгіріне саяхат жасамақ. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іске асып жатқан шараны Отырар ауданында ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ» САЯБАҒЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданы тарихпен тамырлас – 90 жылдық мерейтойын өтап өтті. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес, аудан орталығында мәдени – көпшілік шаралар мен тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштердің ашылуы, ғылыми конференция т.б., өткізілсе, ертең ұлттық спорт түрлерінен болатын жарыстар тойдың сәнін кіргізгелі отыр. Мәдени шаралар Т.Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» саябағында республикалық және облыстық әнішілердің қатысуымен өткен гала-концертке жалғасты. Шара барысында аудан ...

Толығырақ »

«МУЗЕЙ ЖАНАШЫРЫ – АДАСҚАН АЛТАЕВ»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ...

Толығырақ »

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЯҚБАЕВ

2018 жылғы 26 қыркүйек күні «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы-журналист Жұмамұрат Тұяқбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік Тұяқбаев» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды мекемеге сілтеме жасаған didarbek.kz. Жас журналистердің танылуына үлкен мән берген дарын иесін еске алу кешіне жазушының жұбайы Сайгана Мәдет, қызы Сәуле Жұмамұратқызы, туыстары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас ...

Толығырақ »

Түркінің төрі — Түркістанның түнгі келбеті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған тарихи шешімімен қасиетті Түркістан шаһары облыс орталығы болып, бүгінде көне қаланың келбеті айшықтала түсуде. Қай уақытта да болмасын қасиетті тарихи мекеннің өткені мен бүгініне, келешегіне Елбасымыз бастап, ел басқарған азаматтар ерекше назар аударып, мән беріп келеді. Мәселен өткен жылдың өзінде қала халқы үшін «Түркі бағы», «Рәміздер алаңы» сынды демалыс орындары бой көтерсе, Н.Оңдасыновтың кешені, Жеңіс саябағы ...

Толығырақ »

Түркістан: Биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай

Өңірімізде ақ алтынның отаны саналатын Жетісай және Мақтарал аудандарының ұйымдастыруымен мақта терім науқанына арналған дәстүрлі «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Жалпы, Мақтарал ауданында мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары ...

Толығырақ »