Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 21.09.2018

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ГЕОГРАФИЯСЫ»

Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына облыс аумағынан енген 24 нысанның тізімін жариялады, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Олар жеке-жеке: Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен); Жылаған ата бұлағы мен үңгірі; Ақмешіт үңгірі; Отырар қалашығы; Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы; ...

Толығырақ »

Жетісай ауданының әкімі Абай ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округтегі жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы жоба-жоспарлар да сараланды. Бүгінде Абай ауыл округінде халық саны 10463-ке жетіп отыр. Оның 9367-сі қазақ, 301-і орыс ұлтының өкілдері. Халықтың негізгі күнкөрісі егіншілік пен мал шаруашылығы. Биыл абайлықтар 724 гектар жерге мақта, 673 гектарға бақша, 369 гектарға көкөніс, ...

Толығырақ »

Coworking – орталығы — кітапхананың жаңа келбеті

2018 жылдың 20 қыркүйегі күні «Нұр Отан» партиясының отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейтін «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында Кентау қалалық орталық кітапханада «Coworking» орталығы ашылды. Бұл туралы Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Іс- шарада Кентау қаласының ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасылық байқау болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар отбасыларын таныстырып, өздері жасаған ұлттық тағамдарын әділ қазылар алқасына таныстырды. Қазақтың ұлттық нақышындағы киім үлгісімен өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді қамтитын және отбасы татулығы жайлы көріністер көрсетті. Отбасы құндылықтарын негізігі мақсат ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №239 өкіміне сәйкес, Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы Түлкібас ауданы Састөбе поселкесі әкімінің қызметінен босатылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап тағайындалды. Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы 04.09.1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2009 жылы Тараз мемлекеттік университеті, ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты аудандық конференция болып өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Туребеков және білім ұйымдарының мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты. «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғалардан сақтандыру жолдарын қарастыру – бүгінгі іс-шараның басты ...

Толығырақ »

АЛШАҢДАП БАСАДЫ АЛАШТЫҢ БАЛАЛАРЫ!

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды. Ең алдымен құттықтау сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан құрылған ауданға танымал боксшының келуі үлкен қуаныш екенін атап өтіп, ізгі тілегін арнады. Ізгі тілегін арнаған аудан әкімі қазақ батырының астына тұлпар мінгізіп, ...

Толығырақ »

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына келіңіздер!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орын тепкен ауданымызға биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай баршаңызды мерейтойымыздың қадірменді қонағы болуға шақырамыз. Түлкібас ауданының 90-жылдық мерейтойының бағдарламасы 1. 26.09.2018 жылы сағат 11.00-11.30 аралығында Түлкібас темір жол станциясындағы М.Тынышбаев және Т.Рысқұлов ескерткішінің ашылу рәсімі. 2. 26.09.2018 жылы сағат 12.00-12.15 аралығында Т. Рысқұлов ауылының батыс жағында орналасқан көпірдің ашылу ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Шымкент қаласындағы  «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Созақ ауданының бірлесе ұйымдастыруымен Созақ ауданының 90 жылдығы және Созақ аудандық орталық кітапханасының 75 жылдығына орай «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Үш бөлімнен (1:Туылған күніңмен кітапхана! (өзін-өзі таныстыру); 2) Үздік жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу; 3) «Өнерлі болу міндетім») тұрған байқауда 14 кітапханашы өнер көрсетті. Төрелік еткен әділ қазылардың ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАДЫ

Мақтарал ауданының басшысы «Темірболат» шаруа қожалығына барып, қожалықтың жұмысымен танысты. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстем 50 бас бұқаны бордақылауда. Негізінен өндірген етін ішкі нарыққа сатады. Ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіруде. Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ 80-НЕН АСҚАН

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ іс

Бүгін, Сарыағаш ауданына арнайы сапар жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету орынымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен арнайы жиын өткізді. Жиын алдында аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне өзі қызмет көрсету орынымен танысты. Жиынға ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛАДЫ

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы  Түркістан облысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСІП ДАМЫТАДЫ

Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. Өз кезегінде Рахмат Промоно жылы қарсы алған өңір басшысына ризашылығын білдіріп, Түркістан қаласынан ерекше ...

Толығырақ »

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ – КОНОР МАКГРЕГОР. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: Ирландиялық Конор Макгрегор Хабибпен бірге виски ішкісі келді

Тұтастай алғанда, Хабиб өзіне сенімді отырып, сұрақтарға сенімді жауап беріп отырды. – Мен оны шаршатып жіберем деп ойлаймын. Ол шаршаған кезде беріліп қалады. Бокстасқан кезінде де шаршап беріліп қалған. – Ал, сен автобуста беріліп қойғансың, – деп күлді Конор. – Ал, сен 3-4 рет берілгенсің. – Ал, сен автобуста берілгенсің, – деп қайталады Макгрегор. – Ирландияның лепреконы секілді. Ресейлік шебер ...

Толығырақ »