Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Октябрь (страница 2)

Месячные архивы: Октябрь 2018

ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АУДАН, ҚАЛАЛАРДА ЖҮР

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Облыс әкімінің орынбасарлары бастаған топ құрамында зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен ғалымдар, тарихшылар мен басқарма басшылары бар, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Облыс әкімінің бірініші орынбасары Қайрат Нүкенов бастаған топ ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ КӨШІ-ҚОН СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумының» ашылу салтанаты өтті. Басқосудың мақсаты — түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау. Стамбул Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды симпозиумның басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНДА БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ

didarbek.kz. Бүгін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қоғам және Аққұм елдімекендерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін Күндізгі қатынау бөлмелері ашылды. Мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту мақсатында  Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында іске қосылған шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАП, ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

Түркістан облысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті. Актив жиналысын ашып беріп, жүргізіп отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫН 5 МИЛЛИОНҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардың бұрыннан-ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті. «Мемлекет басшысы: ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ  Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ...

Толығырақ »

БҰЛ КӨКЕМ ҚОСПАСЫ ЖОҚ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛАТЫН…

Сейтжанов Дайн – өте елгезек, мейірбан және таза адам еді. Шымкент қаласында дүниеге келіп, Леңгір (қазіргі Төлеби), Шаян (Бәйдібек) аудандарында өсу баспалдақтарынан өтіп, Алматы мен Мәскеуде білімін жоғарылатып, 1968 жылы Арыс қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Бала кезімде Арыстағы үйіне жиі баратынбыз. Әлі есімде сол көкемнің ерекше басымнан сипайтын сиқырлы сәттері. Бір күні ұлы Мелестің бір ойыншығы қатты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу қажет. Осы ұстанымды негізге алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі барлық мақсатты топтармен бірлесе жұмыс жасауда. Соның бір айғағы, а.ж. 28 тамыз күні Агенттік Төрағасының орынбасары О.Бектенов пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры А.Сұлтанов арасында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы. Келісімге сәйкес, теміржол жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сыбайлас ...

Толығырақ »

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Арыс қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін ...

Толығырақ »

Мақтааралда қарияларға құрмет көрсетілді

Елімізде қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқан ардақты да аяулы осы қарттарымыз екені белгілі. Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Асанов 1-қазан – Қарттар күніне орай ардагер қарияларымыздың шаңырақтарына тосыннан кіріп барып, мерекелерімен құттықтап қайтты, деп жазады  Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында 1300 білім беру ұйымдары басшыларының басын қосқан отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, Облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ...

Толығырақ »

Ө.ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған жұмыс  сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Ең алдымен министр Достық ауылдық округі, Гүлістан ауылындағы «Дармон» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық ...

Толығырақ »

Қарттар күні шахматтан турнир өтті

Қарттар күні шахматтан турнир өтті. Бүгін халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер үйінде шахматтан аудандық жарыс өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жарысты Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ашып, құттықтау сөз сөйледі; «Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз бен еңбекпен ерлікке толы жолдарыңыз, Тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріппен жазылады. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда өшпес із қалдырып, алтын көпір ...

Толығырақ »

Қазығұрт ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

Бүгін Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қарттар және еңбек күні мерекесіне арналған іс-шара болып өтті. Қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке. Бұл мейрамның бүгінгі таңда маңызы өте зор, себебі қазіргі заманғы қоғамда орын алып отырған қарттардың көптеген проблемаларына назар аудартуға ықпал етеді. Ел мүддесін бәрінен биік қоя білетін ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, ...

Толығырақ »

АЛПАУЫТ КОМПАНИЯЛАР ТҮРКІСТАНҒА БІР-БІР НЫСАННАН САЛЫП БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді. Әрбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен Елбасы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да мемлекете үлес қосаулары керектігін айтты. Түркістан қаласына қажетті нысандарды тізбелеп, танымал компанияларға ...

Толығырақ »

Өмірзақ Шөкеев Жетісайдағы мақта алқаптарын аралады

Жетісай ауданына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Министр алдымен Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Нұралы жол» шаруа қожалығының комбайнмен мақта терім жұмыстарының барысымен танысты. Мұнан соң министр Ш. Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналдың №1,№2 су тартқыш насостық станциясы арасындағы өзекті мәселе болып ...

Толығырақ »