Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Ноябрь

Месячные архивы: Ноябрь 2018

СОЧИДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КӨРМЕСІ

 22-23 қараша аралығында Сочи қаласында өтіп жатқан Ресей және жақын шетелдердің туристік индустрия өкілдері үшін негізгі бизнес-нысандардың бірі болып табылатын  «SIFT» халықаралық туристік форумы аясында «Шипажай және туризм. 2018-2019 маусым» халықаралық туристік көрмесіне Қазақстан Республикасы да өзінің ұлттық павильонын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Сочиге аттанған Қазақстанның туристік саласының өкілдері ...

Толығырақ »

ПОЛИГОННЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА!

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекенінің және сол маңдағы 10-ға тарта ауыл тұрғындарына бір күл-қоқыс полигоны қызмет көрсетеді. Аталған нысан 2014 жылы ОҚО әкімдігінің қаулысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округіне тұрақты жер пайдалану құқығымен 6,5 Га жер учаскесі елді мекендердің тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін берілген. 2015 жылдың 30 қаңтары күні жердің мемлекеттік пайдалану актісі әділет басқармасында тіркелген. Қазіргі таңда ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Таза қала» конкурсының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай мен өңірлік Азаматтық Альянстың жетекшісі Шәріпбек Жамалбек қатысып, «Таза қала» акциясының жеңімпаздарына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Айта кетейік, конкурсқа биыл 519 өтініш түскен. Сонымен, «Үздік аула» аталымы бойынша жеңімпаздар: Абай ауданында – 1 мамыр көшесіндегі №5 «А» үй (төрайымы — З.Чуганова), Әл-Фараби ...

Толығырақ »

АЙТЫС ДҮЛДҮЛІ ӘСЕЛХАНМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстанның Халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішерқызының  Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жаулығымның ұшына жұпар түйдім» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті. Поэзиялық кешке Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы қатысып, айтыс сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлене жүріп қаншама жыр сүлейлерін шыңдап, айтыс додасына қанат қақтырған халық ақынының халық алдындағы поэзиялық есеп беру кешімен құттықтады. «Өзі де – өлең, өмірі де – өлең ерге ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ГРЕКО-ҒА КІРУ ЖОЛЫНДА

ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито: «Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіру жолында», – деді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен қазақстандық делегация Римде (Италия) цифрлық ғасырға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды дайындау мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) конференциясына қатысты. Олжас Бектенов Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен ағымдағы жылдың 13 қарашасында Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері үшін «Студенттердің Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында өтті. Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен ...

Толығырақ »

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ КӨРМЕСІ ГРЕКИЯДА АШЫЛДЫ

Бүгін Грекияның Салоники қаласында «Philoxenia – 2018» ең ірі халықаралық көрмесі ашылды. Айтулы шарада Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Қожа Ахмет Ясауидің мұралары және Түркістан өңіріндегі киелі-тарихи жерлері жайлы көрмесінің лентасын қиды. Туристік әлеуеті дамыған алпауыт елдердің көшбасшы туристік орталықтары қатысатын шараның басты мақсаттарының бірі – қазақстандық туристік нысандар ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ПЕТРОПАВЛДА

Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған «Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында XV форум өтуде. Халықаралық шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қоры-музейінің «Түркістан жауһарлары» атты көрмесі ашылды. Көрме әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған. Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары — ХVІІІ ғасырға тән ...

Толығырақ »

МЕКТЕП ЖӨНГЕ КЕЛЕДІ ЕПТЕП…

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Ә.Бөкейханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері мектеп жөндеу көрмеген. Ағымдағы жылдың 25-ші қазанында басталған жұмыстың қазір 80% аяқталып, нысан желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады. Ал, мектепте білім алатын 900-ге тарта оқушы жақын елді мекендердегі 4 мектепке тасымалданып оқытылуда. ...

Толығырақ »

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастары саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, Жолдауда бұл салада ашықтықтың жоқтығы, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отырғандығы айтылған. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жоғарыда аталған себептер мен жағдайларды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

Толығырақ »