Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 03.08.2019

Қоғамдық медиацияны дамытудың пайдасы мол

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қоғамдық медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу бойынша семинарлар өтті. Қаламыздың барлық аудандарында, шалғай елдімекендерінде ұйымдастырылған семинар жұмысына қоғамдық медиаторлар, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, ардагерлер мен аналар кеңестерінің мүшелері, жалпы 250-ден астам адам қатысты. Семинар барысында дауларды сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу, сот барысы, соттан кейінгі медиацияны жүргізу жайы және «Мектеп медиациясы» жобалары кеңінен ...

Толығырақ »

Шымкентте сенбілік жалғасты

Шымкентте #Birge Taza Qazaqstan экологиялық акциясы аясындағы сенбілік дендрологиялық саябақта жалғасты, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда Шымкент қаласының әкімдігінің 24 басқармасы және 2 кәсіпорын қызметкерлері жалпы 59.9 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылды. Сенбілікке қатысушылар жалпы белгіленген аумақтарда жұмыс жүргізіп, қала тазалығына үлес қосты. Сонымен қатар, Шымкентке қарасты ...

Толығырақ »

Мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылына дайындық алдында Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, сондай-ақ басқа әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалдамалы үйде тұратын Бүркітбаевтар отбасына барды. Отбасыға Бөлім қызметкерлері 2 баласына мектеп формасын алуға көмектесті, балаларға рюкзак, күнделік, қаламсап және басқа керек-заттар табыстады. Сондай-ақ осы отбасындағы қалған қатысушыларға төтенше жағдай және ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғын үйлерді қалпына келтіру ісімен айналысып жатқан аймақтағы әрбір 17 сектордың жұмысы Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің жіті бақылауында. Бүгін шаһар басшысы Ақтөбе облысының құрылыс саласына жауапты мамандармен бірге, 12 секторға қарасты Б.Онтаев, К.Омаров, Егембердиев ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: ОРТАЛЫҚ АЛАҢ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ленгір қаласының орталық алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің бастамасымен аббатандырылған орталық алаң балалар мен ересектердің жайлы демалулары үшін жасалып отыр. Жаңаша кейіпке енген алаңда су бұрқағы, шағын демалыс орындықтары және түнгі жарық шамдар қойылған. Ұялы телефондарды қуаттауға да мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, қалада орын алып ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 2 ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы №15 үйдің және Төлеби көшесінің бойында балалар ойын алаңшалары мен Street workout спорттық алаңы пайдалануға берілді. Ойын алаңшаларының ашылуына қала, ауылдық округтерінің ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі ...

Толығырақ »

ТУРИСТІК НЫСАННЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Заң департаментінің басшысы Күміс Қарсақбайқызы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 шақырым жерде орналасқан X-XII ғасырларға тән Құмшық ата мешітімен танысты. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Аталған ескерткішті рухани қалаға келушілер мен туристердің назарына ұсынуға арналған нысан ретінде іске қосу жоспарлануда. ...

Толығырақ »

ШАРДАРАДА «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» МАРАФОНЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Шардара ауданында 16-31 шілде аралығында бастау алған «Адал жолды таңдаймыз» жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті. Марафон-эстафета су қоймасы жағалауындағы «Аққала» демалыс аймағында салтанатты жағдайда ұйымдастырылды. Марафонға аудан әкімі Қайрат Жолдыбаймен бірге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапарғали Жантөреев, Мақтаарал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков ...

Толығырақ »

Кәсібің – нәсібің

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бизнес бастаймын деушілерге әсіресе әйелдер қауымына көптеген жағдайлар жасалған. Бизнеске берілетін жеңілдіктер де кәсіп ашамын деушілерге төмен пайызбен несие берілуде. «Мемлекет маған не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін» деген қағиданы ұстанған жөн болар. Себебі мемлекет тарапынан беріліп отырған әлеуметтік көмекті кәдесіне жаратқан көп балалы ана Баян Ратаева өз кәсібінің жемісін көруде. Кентау қаласына қарасты ...

Толығырақ »

Халықаралық автобекеттің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Түркістан түркі әлемінің орталығы болып саналады. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында Халықаралық автовокзал бой көтеруде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде атқарылуда. Автовокзалдың орналасқан орнын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының бас жоспарындағы концепциясына сәйкес макетті бекітіп берген болатын. Құрылыс жұмыстары шығыс үлгісінде салынуда. Автовокзалдың жалпы аумағы 2,4 га. Тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. ...

Толығырақ »

Білім ордасы бой көтеруде

Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында 300 орынға шақталған мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталды. Ғимарат 2019 жылдың қыркүйек айының соңында тапсырылады. Құрылыс нысанында қазіргі таңда 120 ға жуық жұмысшы жұмыс істеуде. Жұмысшылардың барлығы өзіміздің жергілікті азаматтар. Құрылысқа қажетті материалдар оның ішінде кірпіш, жылыту батареялары, құрылыс материалдар Қазақстанда өндіріліп, барлығының дерлік сертификаттары бар. Соның ішінде кірпіш, ...

Толығырақ »

«Пискун күні» көрмесінде көгершіндердің сатылымы өтті

Жуырда ғана қайа жөндеуден өткен Шымкент зоологиялық паркі бүгінде қала тұрғындары ғана емес, шырайлы қаланың кішкентай қонақтары жиі келетін демалыс орнына айналған. Зоологиялық парк іші тап-тұйнақтай, аумағы да кең, нағыз отбасылық серуенге таптырмайтын орынға айналған. Мұнда келушілер тек паркті аралап қана қоймай, түрлі шараларды тамашалауларына да болады. Бүгін «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында» «Гүлсар» клубының ұйымдастыруымен «Пискун күні» көрмесінде көгершіндердің сатылымы ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДАН АРЫСҚА КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Арыс, біз біргеміз! Арыстықтарға осы уақытқа дейін 270 тонна азық-түлік жеткізілді. Оған Қазақстанның барлық облысынан еріктілер мен түрлі мекемелер, жомарт жандар күш салды. Көмек қолын созғандар арасында жетісайлықтар да бар. Аудан әкімдігі жергілікті азаматтар бірлесіп Арысқа қаржылай және заттай көмек жіберді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Арыстағы жарылыстан қашқан 100-ге жуық азамат Жетісайға  жан сауғалап келген.  ...

Толығырақ »