Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 06.08.2019

ШЫМКЕНТ: ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясының жұмысымен танысты. Киностудия директоры Нуриддин Паттеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков депутатпен шығармашылық ой пікірлерімен, жаңа жобаларымен бөлісті. Айгүл Қапбарова биыл қабылданған ‘Кинематография туралы» заң киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халық үшін кино көру қызметінің қолжетімділігі мен отандық кино беделінің өсуі мен танылуы үшін заңнамалық негіз жасалғаны ...

Толығырақ »

Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мәдени астанасы

Бүгін Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесуге келді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа тағайындалған қала әкімінің жұмысына сәттілік тілей келген ел ағалары өз тараптарынан тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Әңгіме барысында қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттыру және қала мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, қала әкімі арнайы келген ел ...

Толығырақ »

Шымкентте қоғамдық көліктер көбеюде

Шымкентте тағы жаңа екі автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласының жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. «Shymkent» ӘКК» өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда. №113 автобустың жүру бағыты әкімшілік іскерлік орталығынан бастап — Нұрсәт-3 – №7 Емхана — Гимнастика мектебі – Нұрсәт – мәделі Қожа — ЦАХ – Кең баба аялдамасын қамтып, ...

Толығырақ »

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Әрбір атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың игілігіне арналады. Арыс қаласында төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру ісін жеделдету бүгінгі күннің басты мәселесі. Осы орайда, Сенат депутаттары арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев ...

Толығырақ »

ОТЫРАР: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ

Бүгін Отырар ауданында қоғамдық кеңес төрағасы Аралбай Асанның басқаруымен кеңестің кезекті жиыны өткізілді. Күн тәртібіне ауданымыздағы дене шынықтыру және спорт, ветеринария бөлімдеріндегі биылғы өткен алты айдағы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер енгізілген жиында бұл жөнінде аталған бөлімдердің басшылары Ермек Ташов пен Тоқсейіт Елекеевтердің есепері тыңдалды. Бөлім басшыларының өткен жарты жыл ішіндегі жеткен жетістіктер мен алдағы уақытта атқарылар тірліктерді тілдеріне тиек еткен жиында ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕ ЖАЙЛЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы (http://azretsultan.kz/) МЕДИА бөлімінде онлайн режим іске қосылды. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Аталған бөлімнен Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана маңындағы күнделікті тыныс-тіршілікті тікелей көруге болады. Жуырда хабарлағанымыздай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік ...

Толығырақ »

16 СЕКТОРҒА БЕКІТІЛГЕН АУДАН-ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ ТҮРКІСТАНДА БОЛДЫ

Бүгін облыстың аудан, қала басшылары Түркістандағы 16 сектор бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын киелі шаһардың басшысы Р.Аюповпен бірге өзара талқылады. Сондай-ақ, аудан, қала әкімдер жыл басында өңір басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістанды көгалдандыру мақсатында отырғызған ағаштарының бүгін жай-күйімен де танысты. 16 сектордың жұмысы бойынша нақтырақ айтсақ, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын 16 секторға бөліп, оған жауапты ретінде облыстың аудан, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған орай, барлық күш-жігер сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Осы тәсілдерді жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің (Сыбайлас ...

Толығырақ »

«ТАЗА ТАМЫЗ» – ТАЗАРТАМЫЗ!

Шымкент қаласы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында 2019 жылдың 5 тамызы күні сағат 16:00-да Сұлтанбек Қожанов көшесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті рейд өтті. Рейд барысында жолда жүру ережелерін бұзған жүргізушілерді ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН — ҚЫЗЫЛЖАР — ҚОСТАНАЙ — КӨКШЕТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫНАН

  Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Оның ішінде: -22 отбасы,92 адам Қостанай облысына; — 46 отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстан облысына; -94 отбасы, 282 адам Солтүстік Қазақстан облысына ; -44 отбасы, 219 адам Павлодар ...

Толығырақ »

Солтүстік аудандарға көшкендерге бірқатар жәрдемақылар беріледі

Солтүстік аудандарға көшкендерге бірқатар жәрдемақылар беріледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдем ретінде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау: 1) көшуге материалдық көмек беруді, 2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН — ҚЫЗЫЛЖАР — ҚОСТАНАЙ — КӨКШЕТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ТУРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Басты мақсат — күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Осы орайда, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов, Түркістан облысы жұмыспен ...

Толығырақ »

АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТЕКСЕРІЛІП ЖАТЫР

Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Арыс тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен Міндетті әлеуметтік медициналық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 23 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Өмірде өз орнын тауып, бір-бір кірпіш болып қалану үшін кез келген адам білім ошағынан түлейтіні анық. Ғалым да, шахтер да, әкім де, хакім де шыққан мектеп бар білімнің бастауы болып, үлкен өмірге жол сілтеуші, толық адам болып қалыптасудың шамшырағы. Алғаш қолға қалам ұстатып, жазу-сызуды үйрететін білім ордасының адам өмірінде алатын орны ерекше. Осы орайда, Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ МЕЙКАТОН БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шымкентте мейкатон байқауы ұйымдастырылмақ. Шараға Silkway халықаралық универсиетті мұрындық болып отыр. Оқу орнының қабырғасында мейкерлер 3 күн бойы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған прототипті жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Адамзат өмірін жеңілдетуге бағытталған инновациялық марафон бірнеше күнге жалғасады. «Мэйкерлер» және «Нидоуэрлер», яғни өнертапқыш жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамға аса қажет ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУДЕ

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «Ормандағы болған оқиға ізмен» атты қуыршақ театрының қойылымы балаларды ...

Толығырақ »

ШАРДАРА: МЕДИАЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Медиация күніне орай Шардара ауданында ашық есік күні өтті. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға заң қызметкерлері мен ардагерлер қатысып ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Медиатор — тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес.  Бітімгердің функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы ...

Толығырақ »

ШЕШІЛМЕЙТІН ДАУ ЖОҚ!

Шешілмейтін дау жоқ. Кез келген мәселенің түйінін тарқатып, оң жолын табуға болады. Бұл туралы Түркістан облыстық және Түркістан қалалық сотының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде айтылды,деп хабарлайды облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Жиында Жоғарғы Сот тарапынан татуластыру рәсімдерін кеңінен танымал етудің жаңа әрі тиімді әдістері әзірленіп жатқандығы сөз болды. Енді алдағы уақытта еңбек дауын шешудің тың тәсілдері қолданысқа енеді. Осы ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШТЫ

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Өткен жылдың өзінде… аталған бағдарлама аясында… 145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті. Іскер азаматтардың бірі — «Ағысай» тігін шеберханасын ашты. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «Ағысай» — Шәуілдір халқының қажетіне жараған  тігін шеберханасы. 3 жылдан бері ісін ...

Толығырақ »