Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 09.08.2019

Шымкентте «Премьера» атты көпқабатты тұрғын үй кешені салынуда

Сәні мен сәулеті келіскен бұл зәулім үйлер Нұртас шағынауданында бой көтереді. Баспаналардың құрылысын нарықта өз орнын айқындаған, тәжірибелі «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің құрылысшылары жүргізіп жатыр. Заманауи талаптарға сай ыңғайлы пәтерлерді қалай алуға болады? Құрылысшылар болашақ зәулім үйлердің іргетасын қалап, нысанды уақытында тапсыру үшін барын салып жатыр. Қос кіреберісті 5 қабатты үйлер мегаполистің болашағы зор «Нұртас» шағынауданында бой көтереді. Қалалық әкімшілік ...

Толығырақ »

Шымкентте алғашқы плюсті бағдаршам іске қосылды

Шымкент қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков – Ғани Иляев және Тәуке хан – Сайрам көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында «Қызыл плюсті» қосымша реттеуші белгі-бағдаршам орнатылды, деп хабарлайды «didarbek.kz»  ақпарат агенттігі Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Егер аталған бағдаршамдарда «қызыл плюс» жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым ...

Толығырақ »

Дәрігерлер медициналық көмекті қолжетімді етуде

Шымкенттік дәрігерлер шалғайдағы елдімекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды «didarbek.kz» денсаулық сақтау басқармасының баспасөз ққызметіне сілтеме жасап. Кезекті акция № 9 Шымкент қалалық емханаға қарасты Жиделі елдімекенінде өтті. Жылжымалы медициналық кешен құрамында білікті стоматолог, кардиолог, невропатолог, терапевт, педиатр, әлеуметтік қызметкерлермен қатар дұрыс тамақтану бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары кеңес берді. Сонымен қатар, тұрғындар қанға сараптама жасатып, диагностикалық ...

Толығырақ »

Ұлы даланың –ұлы Абайы

Биыл  Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толып отыр. Осы орайда, Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Сарыағаш аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар кітапханасы қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Ұлы даланың – ұлы Абайы» атты ...

Толығырақ »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Монтаев Талғат Оралұлы – Түлкібас ауданы прокурорының орынбасары; Маткеримов Өтепбай Амалбекұлы – Аудандық мәслихаттың депутаты; Керімбеков Мырзахан – Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; Әміров ...

Толығырақ »

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚМЕНТАЙ ЕСБАЕВ ҰШҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Ұшқын ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Байдосовтың биылғы жылдың алты айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен танысу мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мәжіліс залында жиын өтіп, жиынға аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім басшылары, учаскелік полиция өкілі, ауыл ақсақалдары ...

Толығырақ »

КЕЛЕС: АЛПАМЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНАН 44 ГА ЖЕРГЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келес ауданы Алпамыс ауылдық округі аумағынан 44 га жерге тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкіміне тапсырма берді. Кездесуге Келес ауданының прокуроры Бақыт Сейфолла, дербес бөлім ...

Толығырақ »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-САУЫҚТЫРУ ІС- ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Келес ауданында «Тұрмыс» жедел-сауықтыру іс- шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Келес ауданы аумағында 2019 жылдың 7-13 тамыз аралығында аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, әйелдер кеңестерін тарта отырып «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс- ...

Толығырақ »

Ордабасы: «Жас кәсіпкер» жобасы аясында білімін арттырған жастармен кездесу өтті

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосқаны белгілі. «Жастар жылына» орай, ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылайша кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды. «Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылуда. Үздік бизнес-тренерлерден шеберлік сабақ алған ордабасылық жастар бүгін ...

Толығырақ »

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ – АҚЫН АБАЙ

Түркістан облысында Музей қызметкерлері «Адамзаттың алыбы – ақын Абай» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен «Адамзаттың алыбы — ақын Абай» атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті. Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, ...

Толығырақ »

КЕНТАУ: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА 6 ҚАБАТТЫ АГРАРЛЫ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған аграрлы несие корпорациясының ашылу салтанаты  алдағы қыркүйек айына жоспарлануда. Аграрлы несие корпорациясының ішіндегі «Яссы несие» серіктестігі ауылшаруашылығымен мысалы теплица, мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға несие беріп көмегін беріп келеді. Жұмыстары алға басып, 6 қабатты ғимарат соғылуда. Алдағы уақытта жұмыс көлемін үлкейтіп, Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың шаруашылықпен айналысамын деген азаматтарына несие береміз деп жоспарлауда. ...

Толығырақ »

Кәсібі кеңейген «Шахнұр» шаруақожалығы

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1996 жылдан бері ауылшаруашылықпен айналысып келе жатқан Уәлихан Асаев, жылыжаймен айналысқандардың ішіндегі алғашқысы. 2010 жылы 10 соттық жерден жылыжай салып, мол өнімін алған шаруа. Кәсібін ұлғайтпақ ниетте мемлекеттен жеңілдетілген несие алған. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін тіпті шетел Израйлдегі шаруалардан кеңес алған. Бүгінде шаруасы кеңге жайылып 30 соттық жерден жылына 40 тонна өнім алып отыр. Қиыр, ...

Толығырақ »

Кентаулық көпбалалы отбасы тауық өсіруді қолға алып отыр

Көпбалалы әке Әбдірахман Абденов балаларына берілген атаулы әлеуметтік көмекке 10 аналық күрке тауық, 120 шөжегімен, 15 қазы алған. Бұл туралы Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. » Екі ай болды алғанымызға. Кішкентай балам армандап жүретін, есік алдымыз тауық, қаз баққанға жайлы жер болғандықтан соларды бақсам ғой дейтін. Мемлекетіміз сол арманды естіп қойғандай, алғысымыз шексіз» -дейді ...

Толығырақ »

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ 68 ЖАС БІЛІМ АЛУДА

«ТҮРКІСТАН-ПЕТРОПАВЛ-ҚОСТАНАЙ-КӨКШЕТАУ» ақпараттық турының соңғы бекеті — Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы — Көкшетау қаласына сапар жасады. Мұнда қазіргі таңда Түркістан өңірінен 2018-19 жылдары 68 жас «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен. Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде -1356, колледждерде — 390 ...

Толығырақ »

«ӨҢІР ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР» атты тағылымды конференциясы өтті

Бүгінігі аудандық мәдениет үйінде өткен «ӨҢІР ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР» атты тағылымды конференциядан кейін, келген қонақтар Азаттық ауылындағы «Түркібасы әулиесіне» табан тіреп, кесененің тарихымен танысты. Шара барысында келген қонақтарға түскі ас беріліп, өмірден озған қазақ елінің бір туар азаматтарының әруақтарына құран бағышталды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Түркібасы әулиесінің» тарихына қарайтын болсақ шежірелі Қаратау ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ «ҚҰРБАН АЙТ» МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бүгін қасиетті Түлкібас ауданынан түлеп ұшқан біршама азаматтар туған жерлерінде бас қосты. «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жиналған қауым белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық ...

Толығырақ »

ПАНДУСТАР ОРНАТУҒА – ӘРБІР МЕКЕМЕ МІНДЕТТІ

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус орнату «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында нақты көрсетілген. Тұңғыш Президентіміз өзінің халыққа Жолдауларында да мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау мәселесін айрықша назарға алып келді. Сондықтан да осы санаттағы азаматтардың қоғамға араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау – әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті. Осы тақырып аясында кеңірек талқылау бүгін ...

Толығырақ »

УӘЛИ ҚЫДЫРОВ – ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Аймақ телевизиясының қарашаңырағы – «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыров ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. Қалам ұстаған тілшілер қауымының бірауыздан қолдауы нәтижесінде білікті маманның қызметіне сенім білдірілді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Алқалы мәжілісте бас қосқан журналистер алдымен филиалдың бұрынғы төрайымы Айгүл Қапбарованы Сенат Депутаты болуымен құттықтады. Ұсыныс-тілектерін жеткізіп, алдағы қызметіне ...

Толығырақ »

МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданында бір топ журналистер «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталды. Мемлекеттік идеологияны халыққа жеткізу бағытында аянбай тер төгіп жүрген қаламгерлерді Қазақстан мәслиxат xатшылары қауымдастығының төрағасы Баймаxан Сәдуақасов табыстады. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Марапатқа ие болғандардың арасында Републикалық және облыстық телеарна басшылары мен белгілі басылымның тілшілері бар. Атап айтқанда, республикалық 31-Арнаның осы өңірдегі тілшісі Ерлан ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТІН САТУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮЙШЕГЕН

Шымкент вокзалы маңында заңсыз әрекеттердің жолын кесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кіріскен. «Шымкент – адалдық алаңы» акциясы аясында 1 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіріліп, жолаушы тасымалдау ісі біршама ретке келтірілген. Бұл туралы бүгін сала мамандары ақпараттық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингісінде мәлімдеді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Шымкент (телмір жол)  темір жол вокзалы арқылы ...

Толығырақ »

КӨМЕГІН ДЕ АЛДЫ, КӘСІБІН ДЕ АШТЫ

Жетісай ауданында жыл басынан бері 9 мыңға тарта отбасы әлеуметтік көмек алған. Олардың ішінде 2471 жанұя сәуір айында Елбасы тапсырмасымен тағайындалған бала басына берілетін 21 мың теңгеге қол жеткізіпті. Еңбекқор аймақ халқының көбі алған қаражатты бірден басқаға жаратпай кәсіп ашуға жұмсаған көрінеді. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Баймұраттың бес бала-шағасы бар. Белгілі ...

Толығырақ »

11-ШІ ТАМЫЗ — ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ!

11 тамыз – Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамымен өткен сұхбатты облыстық «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасай отырып жариялап отырмыз. Барша мұсылмандар асыға күткен Құрбан айт мерекесі — тамыз айының 11-нен басталады. Ұлық мейрамда құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында уәжіп саналған. Себебі бұл күн — адамдарды Аллаға жақын қылып, ренішті ұмытып, ауызбіршілікке шақыратын ...

Толығырақ »

1500 ЖАС КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ АЛУДА

Биыл 2019 жыл — жастар жылы. Соған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп ашып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды. Енді 18 бен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер бизнес саласын небәрі 15 күн ішінде оқып шығады. Бұл «Бастау» жобасының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембек материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «Жас кәсіпкер» –  ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЫРЗАКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Аудан орталығы Мырзакент кентіндеабаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қазіргі таңда 39 елді мекеннің бас жоспары жасалуда. Сонымен қатар, мектептер, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттары, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеретін болады. Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 160 гектар ...

Толығырақ »

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ 68 ЖАС БІЛІМ АЛУДА

«ТҮРКІСТАН-ПЕТРОПАВЛ-ҚОСТАНАЙ-КӨКШЕТАУ» ақпараттық турының соңғы бекеті — Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы — Көкшетау қаласына сапар жасады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мұнда қазіргі таңда Түркістан өңірінен 2018-19 жылдары 68 жас «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен. Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім ...

Толығырақ »