Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 18.10.2019

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін, 2019 жылғы 18 қазан күні таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 861 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Еске сала кетейік, Шымкент ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАСПАСӨЗ-ТУРЫ

Төтенше жағдайлар кезінде ерекше қауіпке балалар ұшырайды, бұл олардың аз өмірлік тәжірибесі мен мұндай жағдайлар кезінде дұрыс әрекет жасай білу бойынша білімдерінің аздығына байланысты болады. Құтқарушылар күніне орай, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен танысу үшін «Отырар» телеарнасының «Ата-анасыз бір сағат» атты бағдарламасының жас журналисі Бекасыл Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақта қонақта болды. Танымдық экскурсияны мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі азаматтық ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ СҰХБАТ

Өрт- әркез кенеттен болады және қауіпті. Көптеген адамдар бұндай жағдайда абдырап қалады: қажет емес іс-әрекеттер жасайды, өртке оранған үйден шығу жолдарын табалмайды. Көп жағдайда адамдарға тірі қалуға мүмкіндік болмас еді егер ол жер көмекке өрт сөндірушілер келмесе. Ал, өрт сөндірушілер әрдайым көмекке келеді. Бұл жұмыста ұсық-түйек деген жоқ. Өртке шығу жұмысы бір минутта зая кетпестей етіп ұйымдастырылған. Өрт сөндіру бөліміне ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі діни конфессиялардың басшыларын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев 18 қазан — Рухани келісім күні деп атаудың өзі дін өкілдеріне деген үлкен құрмет екенін айтып, мемлекетіміздің салиқалы саясатын жүргізуге, тұрақты діни ахуал, ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ: «БІЗДІ ШЕТЕЛДЕ ТАТУЛЫҚТЫҢ ЭТАЛОНЫ РЕТІНДЕ ТАНИДЫ»

18 қазан — Рухани келісім күні мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Кездесуде қала әкімі діни конфессия басшыларымен дін жұмыстары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар дінаралық қарым-қатынас мәселелерін де талқылады. «Бүгін өздеріңізді «Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүрегіммен құттықтағым келеді. Біз — көпконфессиялы ...

Толығырақ »

Шымкентте аллергияны қайда емдейді?

Шымкентте аллергияны тек Шымкент қалалық №2 ауруханасында ғана емдеуге болады, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі №2 ауруханасында жұмыс істейді

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна. Бұл аталған 4 дәрігерде №2 аурухана дәрігерлері. Олардың міндеттеріне науқастарды жүргізу тактикасын әзірлеу бойынша жүгінген кезде ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Көші-қон саласындағы құжаттарды үйде отырып алуға болады

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына! Азаматтарға арналған үкіметтің www.egov.kz, www.con.gov.kz, www.mvd.gov.kz сайттарында үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтсақ, www.egov.kz порталында көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалануға болады. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру; Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру; Қазақстан Республикасының халқын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «МИЗАМ» ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Шымкенттік этно-мәдени бірлестік мүшелері ұмыт қалған «Мизам» ұлттық мерекесін тойлады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Атадан балаға мирас болған салт-дәстүрді дәріптеп, ен даланың рухани байлығын қайта жаңғыртты. Бұл күні «Этностар күні мен мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қазақ елін мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ

Әкім уәдесінде тұрды! Шымкенттегі Тұран мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан екен. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тұран мөлтекауданындағы «Әдия» тұрғынүй кешеніне жұрт өткен жылдың ...

Толығырақ »

Шымкент – Қайырымды қала!

Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер, ғасырлар бойы тіршілігі үзілмеген, заңғары биік, аңғары көркем ғажайып асқар Алатау сілемдерінің күнгейіндегі Шымкент қаласының тарихын танытып, өзіндік бет-бейнесі мен болмысын байқататын уақыт жетті ғой деп ойлаймын. Өздеріңіз тарихтан білесіздер, қазақтың мәуелі, сауда-саттығы дамыған көне қалалары шоғырланған оңтүстік өңір үшін қаншама кескілескен шайқастар өтті. Бұл өңірлерге табан тіреп қалу үшін біздің елден өзге де жұрттар да ...

Толығырақ »

Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді

18 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында «Көрме» орталығында салтанатты іс-шара өтті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Г.Құрманбекова, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысып, төтеншеліктерді төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қажырлы еңбегін, батылдығын және батырлығын ...

Толығырақ »

ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ 6285 НАУҚАС ҚАЖЕТТІ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық онкопрепараттармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған didarbek.kz. Брифингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, «СК-Фармация» ЖШС ...

Толығырақ »

Шымкенттік өнерпаздар Ресейде өнер көрсетті

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы «Самғау» дуэтін қабылдады. Көз жанарлары жақсы көрмейтін «Үміт» мектеп интернатының 12 «А» сынып оқушысы Орынбек Рысдаулет пен 11 «Б» оқушысы Исаханова Назима сынды жас өнерпаздарымыз Ресей әншісі Диана Гурцкаяның шақыртуымен «Белая трость» Халықаралық фестивалінің Х жылдық атаулы мерейтойына шақырту алған болатын. Аталған фестиваль Ресей федерациясының Мәскеу қаласында болып өтті. Фестивальде әншілеріміз «МузТВ» ...

Толығырақ »

«Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді

Development Day аясында ағымдағы жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі және Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлеріне «Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тренинг полиция қызметкерлерінің қоғаммен өзара іс-қимыл кезіндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру ...

Толығырақ »

Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 296 автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды

Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 296 автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның 8 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1438 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар: • ҚР ...

Толығырақ »