Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 2)

Годовые архивы: 2020

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ҚҰРЫЛҒАН 

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев тікелей эфирге шығып, «Адал жол» жобасы аясында мегаполисте атқарылған жұмыстармен таныстырды. «2018 жылы Агенттік пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім аясында «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды» – деді Талғар Серікбаев. ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЗЫҒЫ

Әділдік. Адалдық. Мейірімділік. Мен неге әділдіктен бастадым. Себебі, дана халқымыз айтқандай, «Әділ істің арты – игі». Адам баласы ар, ұят, әділдікке берік болса, сонда ғана көрген күніміз бен көрер күніміздің жарқын болары сөзсіз. Ұлы даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсарин «Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма» деп өсиет қалдырған. Ал, адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет екенін білеміз. Сондықтан да әділдік ...

Толығырақ »

МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН ҚАШАН САЛЫНАДЫ?

Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлының мемориалдық кешені құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ. «Қажымұқан Мұңайт пасұлы біздің атақты жерлесіміз. Келер жылы мерейтойы өтеді. Соған байланысты жұртшылықтың ұсынысымен Ордабасы ауданында Қажымұқан атамыздың үлкен мемориалды кешенін салу қажет деген бастама көтерілді. Оған арнайы қаржы бөліп, тиісті құжаттарын дайындадық. Қазір сметалық-жобалау құжаты дайын. ...

Толығырақ »

ЖОБА НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Шымкентте кәсіпкерлікті жан-жақты қорғауды қамтамасыз етіп, аталған салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған “Protecting Business and Investments”, яғни «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы бірқатар заңсыздықтың алдын алуға ықпал еткен. Бұл туралы ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында хабарланды. Онлайн шарада Департамент басшысының бірінші ...

Толығырақ »

iKOMEK 109 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың тікелей қолдауымен құрылған «iKomek» орталығына 12 қараша күні Қаратау ауданының тұрғындарынан У.Мухаммад көшесінің бойын жауған жауын-шашын салдарынан үйдің аулаларына жаңбыр суы жиналып жатыр деген хабар түскен. Ситуация орталығының қызметкерлері мән-жайды бірден Қаратау Ауданы әкімдігіне хабарлаған. Нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов бастамасымен оқиға орнына 6 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 мп жіберілді. Мәселе түбегейлі ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2020 жылғы 12-13 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және Фридрих Эберт атындағы қоры бірлесе «Шымкент қаласында Жұмыс беруші және жұмысшылар үшін диалогтық тұғырнама: еңбек дауларын шешудегі келістіру процедуралары» атты халықаралық вебинар өткізді. Вебинарға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов, салалық кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласы «Кәсіпкерлер палатасының» қызметкерлері, Шымкент қалалық ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КАРАНТИН ТАЛАБЫН ЕЛЕМЕГЕН МЕКЕМЕЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасынының қызметкерлері аудандық әкімдік өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімімен бірлесіп сауда орталықтары, дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындарға мониторинг жұмысын жүргізді. Нәтижесінде К.Тленшин көшесінде орналасқан «Olja», Елшібек батыр көшесіндегі «Garden Challet» және Қапал батыр көшесінде орналасқан «Dunyo» мейрамханасында үлкен іс-шара өтіп жатқанын анықтап, иелеріне айыппұл салынды. Карантин талабын елемей жұмысын жалғастырған тек мейрамханалар ...

Толығырақ »

АКЦИЯ ӨТУДЕ

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында адам өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарының графикалық үлгідегі жарнамаларын өшіру бойынша «STOP: Есірткіге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру. Акция аясында аптасына бір рет графикалық үлгідегі есірткі жарнамаларын ...

Толығырақ »

АНТҚА АДАЛ БОЛУДЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП КЕТТІ

2020 жылы 12 қараша күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қызметтік бабында жүріп, өз жолынан таймай, тура келген ажалды қаймықпай қарсы алған Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Осыдан тура 9 жыл бұрын Жамбыл облысында орын алған оқиға елдің есінде қалды. 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қылмыскерді ұстау кезінде 7 адам, оның ішінде құқық қорғау ...

Толығырақ »

ЖАС СУРЕТШІЛЕР КӨЗҚАРАСЫМЕН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» ҚҚ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдаумен Шымкент қаласы бойынша «Адал еңбектің жарқын бейнесі» жас суретшілер байқауын өткізуде. Байқауға Шымкент қаласының әрбір 7-9 сынып оқушылары қатыса алады. Өтінімдер 2020 жылдың 6-26 қараша аралығында қабылданады. Байқауға қағаз (картон) бетінде ...

Толығырақ »

АНТИКОРРУПЦИОННАЯ ПОЛИТИКА ГЛАЗАМИ ЮНЫХ ХУДОЖНИКОВ КАЗАХСТАНА

В целях формирования и укрепления антикоррупционной культуры, развития добропорядочной личности в современных условиях ОФ “Фонд социального и устойчивого развития молодежи” при поддержке Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции проводит конкурс юных художников «Образ честного и неподкупного труда» среди школьников общеобразовательных школ (7-9 классов). Участником может стать каждый желающий из города Шымкент. Заявки принимаются с 6 ноября по 26 ноября 2020 ...

Толығырақ »

ANTIKOR.NEWS: ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жодауында сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алғандығын хабарлап, жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру бойынша тапсырған болатын. Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда. Соның бірі, әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ШАҢЫРАҒЫ ШАҒЫН МУЗЕЙГЕ АЙНАЛДЫ 

Түркістан облысында күш атасы Қажымұқанды пір тұтатын жерлестері Отырар ауданындағы тұрған шаңырағы бүгінде шағын музейге айналған. Бұл шара Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 146 жыл толуына орай ұйымдастырылған екен.  Талайды тамсандырған алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасов Отырар жеріндегі Ақтөбе ауылындағы осы шаңырақта өмірге келген. Кейіннен отбасы мүшелері Ақмола облысына көшіп кеткен. Онда біраз жыл тұрып, оңтүстікке оралған. Осы үйді паналапты. Қайтыс болар ...

Толығырақ »

ЕШКІМ ЖЕҢЕ АЛМАҒАН ЖАПОН БАЛУАНЫН ҚАЛАЙ ЖЕҢДІ?

Жапон балуаны Сарекехимен болған белдесуі тарихи аңыз десек те болады. Жапонияның Хармен қаласында 1912 жылы екеуара ережесіз күрес болады. «Жиу-жутсу» күресін қазақшалағанда «өмір мен өлім» деген мағына береді. Күрестің аты айтып тұрғандай, кілем үстінен өлуге шақ қалып шығасың, не жеңіске жетіп, мерейің тасиды. Қажымұқанға дейін Сарекехиді дүниежүзінде ешкім жеңе алмаған екен. Осы жекпе-жекте атамыздың бір құлағы мыжылып, ерні жыртылып, ауыр ...

Толығырақ »

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі

Мұражай жалпы Қажымұқанның мемориалдық музей-үйі болып Түркістан облысы (бұрынғы — ОҚО), Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді-мекенінде 1976 жылы негізі қаланып, 1981жылдан бастап аудандық мәдениет бөліміне қарап, 1985жылдан 2001жылға дейін облыстық тарихи өлкетану мұражайының бөлімі болып жұмыс жасады. 2001 жылы халық демеушілігінің және күш атасына лайықты құрмет деп біліп жекеше демеушілік еткен ел азаматтарының арқасында ұлттық нақышта бір қабатты, төрт бөлмелі ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАНДА ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҰШАҚ ЖАСАТҚАН

Қажымұқан атындағы мұражайдың қызметкері, балуанның немересі Перизат Қажымұқанова былай дейді: «Атамыздың өмірінің соңғы жылдары Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Егде тартқан жасына қарамастан, ауыл-ауылды аралап өнер көрсетіпті. Сөйтіп 100 мың сом жеке қаражат жинаған. Ол ақшаны еліміздің қорғаныс қорына ұшақ жасату үшін жіберген. Сталиннің атына арнайы хат жазады. Сөйтіп, өз өтініші бойынша ол ақшаға әскери ұшақ жасалады. Сталин де балуанға ...

Толығырақ »

ҚАРА ҚЫПШАҚ ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

Қажымұқаннан: «Дүниежүзінің балуандарымен күрестіңіз ғой. Қай елдің балуандары мықты екен?» деп сұраса: «Күрестік қой талайымен, көбі өзім шамалас. Бірақ мынау зәңгілерде (қара нәсілділерде) қара күш көп болады», – депті. «Канадалық бір қызбен кездестім» деп басталатын әңгімесі бар. Ол әңгімесінің аяғы: «Жігіттік дер шағым еді, «әуелі ауырлық көтерісіп сынасайық» деп әрқайсысы он пұттық кірдің тасын аспанға кезек-кезек лақтырып қақпақылдап тұрдым. Ол ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ПОДДУБНЫЙМЕН ДОСТЫҒЫ

Поддубный мен Қажымұқан тізе қосқанда жеңбеген балуаны қалмаған. Қажымұқан досын ылғи «Ваня» деп сыйлап өткен. Поддубный соғыс біткен жылдары аштан, таршылықтан өліпті. Украинаны жау басып алғанда, көшеде балпаңдап жүрген Поддубныйға немістер тиіспейді екен. Дүниежүзіне аты мәшһүр болған балуан өмірінің соңында ішер асқа, киер киімге жарымаған. Өмірден өтер шағында: «Қазақстанда Қажымұқан деген досым бар еді, соған апарыңдаршы», – деп жалынумен болыпты ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЕРЛІГІ

Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Рес­публикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берілді. Патриот ағамыз ел басына ауыр күн туған Отан соғысының отты жылдарында жасының егде тартып қалғаны­на қарамастан, тағы бір ерлік іс жаса­ды. Ол белін бекем байлап, ел аралап, өнер көрсетіп, одан жинаған қаржыға ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДЕН ҮЗІНДІ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Әр нәрсеге ақыл көзімен қараған, жұртқа жаға жырттырмаған намысқой қазақтың билік басындағыларға жолдаған хатының жүз пайыз шындық екеніне күдік-күмәніміз бар. Неге десеңіз, Қажекеңнің сауаты хат жазатын деңгейде емес-тін. Бұған ешкім таласпауы тиіс. Кезінде атақты балуанның абырой-беделін алға тарта сол кісінің атынан билік басындағыларға хат жазу үрдісі орын алған. Әуелбек Қоңыратбаевтың естелігінен бір үзінді келтірсек, дәлелге жарайды. ...

Толығырақ »

ИМАНЖҮСІПТІҢ ҚАЖЫМҰҚАНДЫ ҚАМШЫМЕН ҰРУЫ…

Қажымұқан қылшылдап тұрған жас кезінде шетелдік сапарларының бірінен елге оралады. Дүниежүзінде қарсы келер палуан табылмай, атағы дүркіреп тұрған шағы. Халық: «Қажымұқан келді» деп, бір көріп қалуды ойлап, қаумалап маңайынан шықпайтын көрінеді. Қоянды жәрмеңкесінде жүрген сондай қызық күндердің бірінде бір қиқар шал Қажымұқанның алдын кес-кестеп, тілімен шағып алыпты. Қымызға қызып лепіріп келе жатқан балуан жастықтың буымен әлгі шалды өңірінен қаусырып ұстап: ...

Толығырақ »

Ұлылардың кездесуі. Балуан Шолақ пен Қажымұқан белдескен бе?

Қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы — Авт.) пен қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқанның кездесуіне қатысты талай зерттеу мен мақала жазылды. Бізге белгісі қайсы, аңызы мен ақиқаты қайсы? Осы орайда, назарларыңызға «Ұлылардың кездесуі» мақалалар циклын ұсынылып отыр. *** 1864 жылы дүниеге келген Балуан Шолақ пен ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСТАРЫ» ЖАБЫЛЫП КӨТЕРЕ АЛАР МА ЕКЕН?

Біз балуанның шаршы алаңдағы жекпе-жектеріне емес, былайғы өмірдегі ерліктеріне, азаматтық болмысына, өнерге деген көзқарасына үңілуге талпындық. Әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай Қажымұқанның ізінен ерген аңыздар жайында бірнеше қызықты деректі алға тартады. Мысалы, ол аңыз әңгімелер бүй дейді: «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСТАРЫ» ҚАЖЫМҰҚАН КӨТЕРГЕН ТАСТЫ ҮШ-ТӨРТЕУІ ЖАБЫЛЫП КӨТЕРЕ АЛАР МА ЕКЕН? 1923 жылы маусым айында (кей деректерде 1921 жылы) Қажымұқан Баянауылға келіп өнер көрсетеді. ...

Толығырақ »

БАЛУАН СЫЙЛАҒАН ҰШАҚПЕН ЖАУҒА ҚАРСЫ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

75 жыл бұрынғы Жеңіс күнін жақындатуға қазақ даласының даңқты ұлы, әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының ұшағы да зор септігін тигізгені белгілі. Маңдай терімен тапқан 100 мың сомға ұрыс техникасын жасатқан балуанның өз өтініші бойынша тізгін қазақ ұшқышына берілді. Семейлік сайыпқыран Қажытай Шалабаев бұл сенімді ақтай білді. Жауға қарсы 120 рет шабуыл жасап, күйрете соққы берді. Өкініштісі сол, батырдың есімі ескерусіз қалды. ...

Толығырақ »

Балуан көтерген тас Баянауылдағы саябаққа орнатылды

Баянауылда әйгілі Қажымұқан қайратының куәсі болған тас бар. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасына сілетеме жасаған DIDARBEK.KZ хабарлайды. 100 жылдан бері сақталып келе жатқан ерекше жәдігер аудан орталығындағы саябаққа орнатылды. Табиғаты тұмса Баянауылды тамашалауға қысы-жазы ағылатын жұрт апайтөс балуан көтерген алып тасты көрмей кетпейді. Тастың да тарихы бар. Баянауылдықтар «балуан көтерген тас» деп ерекше әспеттейтін мұрағат осы. Төрт қырлы, таудың кәдімгі ...

Толығырақ »