Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 3)

Годовые архивы: 2020

АЛТЫ ҚАСҚЫРДЫ СОҒЫП АЛҒАН БАЛУАН

Сәбит Мұқановтың: «Қажымұқан «мынау пәлен жерде, мынау түген жерде түскенім еді деп қалтасына пәшкелеп салып алған фотокарточкалар көрсетеді», – деп басталатын ғажап естелігі бар. Сол естелік: «Қалың елдің ішінде Қажымұқан үш қасқырды оң қолымен, үш қасқырды сол қолымен желкелерінен қапсыра ұстап, басынан асыра жоғары көтеріп тұр. Сібірдің үлкендігі тайдай қасқырлары», – деген сөздермен әрі қарай өрбиді. Қысқасы, Қажымұқан Кеңес үкіметінің ...

Толығырақ »

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды

Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды, — деп хабарлайды  Абай-ақпаратқа сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жекпе-жектің 1905 жылы болғаны айтылады. Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС ЖЕТІ ЖАСЫНДА ДА ӘКЕ БОЛҒАН ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙДА ЖҮР?

Қажымұқанның әйелдері мен ұрпағы жөнінде де түрлі деректер айтылады. Немересінен естіген дерегіміз мынадай: «Қажымұқан атамыздың төрт әйелі болған. Олардан үш ұл, бір қыз өсіп-жетілген. Атамыздан туылған балалардың ешқайсысы қазір дүниеде жоқ. Бірақ, немере-шөберелері көп. Атамыздың бірінші әйелі поляк қызы. 1909 жылы Рига қаласында цирк труппасында жұмыс істеп жүрген кезінде танысқан. Надежда Николаевна Чепковковская деген анамыз циркте акробат болыпты. Екеуі мұсылман ...

Толығырақ »

«Түсімде табаным тоғыз жерден тілініпті…»

Атақты  Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Палуан кесенесіне зиярат етушілер Мінәй әжеме көп сұрақ қояды екен. Кейде сұрақтарынан мезі болғанда «не айтам, бәрін жазып жүр ғой…» деп жалғыз ауыз сөзбен құтылатын көрінеді. Ал, бір ақтарыла қалса, сарқыла сөйлейтін. Келушілердің «Қажекең бос кезінде немен айналысушы еді және жұртқа беймәлім қандай өнері бар еді?» деген сауалына «мінезі кішкене бала сияқты ...

Толығырақ »

АГЕНТТІК ӨКІЛІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Ғ.Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Ы.Тұрсынзада қаладағы мектеп, колледж директорлары мен балабақша меңгерушілерімен кездесті. Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобаларына тоқталып, осындай маңызды салада жемқорлыққа жол жоқ екендігін хабарлады. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

«Адалдық алаңы» алаңында Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Shymkent ӘКК» акционерлік қоғамының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қаралды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Бүрлібаев, партиялық бақылау, Арнайы мониторингтік топ, Жобалық кеңсе мүшелері, қоғам ...

Толығырақ »

КОРРУПЦИОННЫЕ РИСКИ В СФЕРАХ КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА И СПК «SHYMKENT»

На площадке «Адалдық алаңы» рассмотрены результаты внешних анализов коррупционных рисков в деятельности Управления энергетики и коммунального хозяйства и Акционерного общества «СПК «Shymkent». Рабочее совещание проведено в прямом эфире «ANTIKOR.LIVE» с участием первого заместителя руководителя Департамента Агентства по противодействию коррупции по городу Шымкент Т.Серикбаева, председателя Общественного Совета по противодействию коррупции при «Nur Otan» Т.Бурлибаева, членов партийного контроля, общественности, СМГ, Проектного офиса ...

Толығырақ »

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ЖЕТКІЗІЛУІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында отандық медицинаны дамытуға және осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берген болатын. Осы ретте, арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы қаладағы «СК-Фармация» қоймасына барып, сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. «СК-Фармация» қызметкерлерінің айтуынша қалада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және шетелдерден ...

Толығырақ »

Қажымұқан мұражайы

Қажымұқан — қазақ даласының батыры, патриоты, қазақ халқының ұлы перзенті және нағыз мақтанышы. Осыған арнап 2001 жылғы 26 маусымда Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында құрылды. Мұражайда ол туралы көп деректер берілген. Мысалға ол 75 жаста болғанда оның бойы 195 см, салмағы 154 кг ал аяғының өлшемі 54 болған. Ол өзінің 77 жылдық өмірінде ...

Толығырақ »

Мұражай құндылықтары (ФОТО)

Қажымұқан Мұңайтпасұлының әлемдік жарыстарда жеңіп алған 48 алтын, күміс, қола орден медальдары болған. Өкінішке орай олардың көбі осы уақытқа дейін сақталмаған. Біздің мұражайымыздың қорында Қажымұқанның 2 ордені, 2 медалі бар, міне солар көрерменнің көзайымы ретінде мұражай экспозициясына қойылған. 1914 жылдары Георг Лурих бастаған бір топ палуандар олардың арасында Қажымұқан да болған. Прибалтика елдерінде жарыстарда жүрген кезінде Қажымұқан әкесі дүниеден өткені ...

Толығырақ »

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыздың медальдары (ФОТО)

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыз Ресей, Франция, Германия, Швецария, Америка, Финлияндия, т.б. сынды 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц секілді палуандарды боз кілемдегі айқастарда шетінен жыққан. «Алтын күн мен арыстан» атты парсы ордені. Қажымұқан Парсы елінде өткен француз күресінен ...

Толығырақ »

Алаштың алыбы — Қажымұқан

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС БЕСІНДЕ ДЕ ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ЕДІ

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын. 1946 жылдың күзінде Қажымұқан атамыз Түлкібас ауданының Үрбұлақ ауылына қонаққа барып, өнер көрсетеді. Сонда палуан бірнеше адам әрең көтеретін нән тасты кеудесіне қойдыртып, дәу балғамен ұрғызып, қиратқанда да ...

Толығырақ »

ОЛ ӨЗ АЛДЫНА ҰЗАҚ СҮРЛЕУ …

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Жазушы Қалмақан Әбдіқадыров иісі қазаққа белгілі «Қажымұқан» хиқаятында Қажекеңнің Айдарханнан кейінгі ұлы – кенжесі Жәнәбілді Мінәйімнен туылды деп жаза басып, шалағайлық шегінен шыға алмаған келімге келіп, қиғаштық танытыпты. Қиянның қиынындағы нәрсе емес, Жәнәбілдің анасы Сіргелі тайпасындағы Қарабатыр руынан шыққан Бибіжан Бүркітқызы. Мұны білетін көзкөргендер арамызда жүр. Композитор Қалдыбек Құрманәлінің жөн сілтеуімен Бибіжанның 1936 жылы дүние есігін ...

Толығырақ »

ЗЕРДЕЛІЛІК ҚАЖЕТ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Ұлылардың өмірдеректерін анықтауда мұқияттылық, зерделілік қажет. «Қазақ совет энциклопедиясы» атақты қазақ композиторы, ақын Біржан Қожағұлұлын 1834 жылы туылып, 1897 жылы қайтыс болғаны туралы мәлімет ұсынып, оқырманды шатастырды. Дұрысы қандай? Ән әлеміміздің сергек жанашыры Есім Байболов пен Біржан салдың үлкен ұлы Теміртастың 1923 жылғы ауызба-ауыз сұхбаты бізді басқаша тұжырымға жетелейді. Осы сұхбатты негізге алған халқымыздың біртуар ұлы ...

Толығырақ »

Қасиет қонған жан болыпты

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Ескіден жеткен есті сөз бізге палуанның сал-серілігі, әншілігі, сондай-ақ көріпкелдік қасиеті де болған деседі. Ауыл адамдары балалары мазасызданса, палуанға түкіртіп, алақанына аунатып алады екен. Қолына алып, білегіне жатқызып, етегіне аунатып бергендерінің көбісі құлан-таза сауығып кетеді екен. Бірде атам әжеме «Мінәй, бесіндіге дейін ауру баланы алып келеді, мені үйде жоқ ...

Толығырақ »

ӘМІРЕ, ИСА ҮШЕУІ ЖАН АЯМАС ДОС БОЛЫПТЫ…

Қазіргі балуандардардың көбі қара күштің ғана иесі. Робот сияқты күреседі, Аруақ ұғымынан ада. Өнерден мақұрым. Ал Қажымұқан өнерді өте жақсы көрген, асыл мен жасықты айырған, жақсының парқын білген. Әміре, Иса үшеуі жан аямас дос болған. Исаның тілінің ащылығы, жұдырығының «жылдамдығы» палуанға «пәле» болыпты. Әсіресе, ішіңкіреп алғанда палуанға «күн көрсетпейді» екен. Бұл жөнінде Сәбит ағамыз бүй дейді: «Күш жағынан Иса Қажымұқанның ...

Толығырақ »

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабы өкілдерінің мегаполиске сапары барысында қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Аталған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ы.Тұрсынзада, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Қаржы министрілігіне қарасты қаладағы  департамент басшылығы мен қызметкерлері, жалпы ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды. Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада мегаполиске арнайы сапармен келіп, бірқатар ұжымдармен және тұрғындармен кездесу өткізді. Кезекті кездесу қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен ұйымдастырылды. Шараға Агенттіктің өкілі Ғ.Асанұлы, Штаб басшысы Ы.Тұрсынзада,Агенттіктің Шымкент ...

Толығырақ »

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы және  республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Агенттік өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық және транпоренттілік қағидаттарын енгізу мақсатында қала активімен кездесу өткізді. Қала әкімі М.Әйтенов төрағалық еткен жиынға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, қоғам ...

Толығырақ »

Қажекең 1883 жылы туылған деген дерек шындыққа жақын

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Шыбығы шырпылмай, қылауына қыл түспей тұрған аруақты атамыз 1913 жылы Троицк қаласында «Айқап» жұрналының хатшысы Жаһанша Сейдалинмен әңгімелесіп, жасының отызда екенін мәлімдепті. Мәлімет тасқа басылып, жұрналдың сол жылғы 21-нөмірінде жарияланған. Соған сенсек, алыбымыз 1883 жылы туылған. Қазақ даласы батырының «Поддубныйдан бір мүшел кішімін» дегеніне дөп келеді. Бұл жарияланымды «Айқаптан» оқып, мазмұнын өлеңге түсірген Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы: «Ұрғыны – ...

Толығырақ »

Қасқырдың етіне жерік болған Кабира ана

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын. Қажымұқанның анасы Кабира әжесі Айсары секілді палуан болмағанмен, атақты батыр-палуанның ұрпағы, ірі денелі, бойшаң және етжеңді әйел болған. Қажымұқаннан бұрын егіз ұл тапқанмен, олар ертеректе жаман аурудан шетінепті. ...

Толығырақ »

«Елiмде болса – менiкi, менде болса – елiмдiкi!»

Шежіре бойынша Қобыланды батырдың он бірінші ұрпағы саналатын Қажымұқан атамыз кілең батырлар туған текті әулеттен шыққан. Төртінші атасы Сәді батыр – Абылай ханның үзеңгілесі. Сол Сәді батырдан Ернақы, Ернақыдан Таңатар, Тәшім, Мұңайтпас, Марқа батырлар тараған. Өз заманында атағы алты Алашқа мәшһүр болған Ернақы батыр Қараөткелге барғанда Айсарыдай аруды ұшырастырып, шаңырақ көтереді. Ернақы батыр ел жұтай бастаған кезде 52 жасында дүние ...

Толығырақ »

БАЛУАННЫҢ ҚАСИЕТТІЛІГІ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Көріпкелдік ұлтымыздың ұрқында (генінде) бар, арғы тарихымызға түкпірлесек, алты жүз қырық алтыншы жылы туылып, жеті жүз қырық бірінші жылы қайтыс болған Тоныкөк Білгенің құлпытасындағы «Мен Тоныкөк Білгемін, Алдын ала білгенмін» дейтін қасиеті кейінгі ұрпаққа да жұғысқан. 1675 жылы жарық дүниеге көзін ашқан Мөңке бидің: «Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді. Ащыны ащы демейді, Сағынып тамақ ...

Толығырақ »

Қажымұқан ауылы

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Ońtústik Qazaqstan». Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылғандай, мына сайын сахара әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен хан Абылай, Кенесары мен Абай бастаған ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Бүгінгі ұрпақ осынау тұлғаларды мақтан тұтуы тиіс. Міне, ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларының есімімен аталатын ауылдардың бірі – Ордабасы ауданындағы тоқсан жылдық тарихы бар Қажымұқан ...

Толығырақ »