Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Февраль

Месячные архивы: Февраль 2020

«Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға қала әкімі Рашид Аюпов та арнайы қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда екендігін айтты. ...

Толығырақ »

Келестік еріктілер көне жерлерге саяхат жасады

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және аудандық «Jas-Keles Eriktileri» ұйымының волонтерларымен біргелікте ұйымдастыруымен еріктілікті дамытудың 7 бағыты аясында 5 «Асыл мұра» бағытын жандандыру мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көне жерлерге саяхат ұйымдастырылды. Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты «Мыңтөбе, Ақтөбе, Күлтөбе, Қаратөбе, Жуантөбе» деп аталатын үлкен ауылдар бар. Бұлар Төбе деп аталуының себебі-ауылдың дәл ...

Толығырақ »

ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШАРДАРАЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақпан айының 20 – 23 күндері аралығында, Түркістан қаласында Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай волейболдан 2003 – 2004 және 2007 – 2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы 2020 жылғы Түркістан облысы чемпионаты өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан сайыста барлық спортшылар өз деңгейінде өнер көрсетіп, бақтарын  сынады. Аталған сайысқа шардаралық воллейболшыларды жаттықтырушылары Айдаров Абжаппар және Мырзабеков Олжас бастап барған болатын. ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі қаланы аралады

Түркістан қаласы басшылығының бүгінгі қаланы аралау жұмыстары орталық «Азиз» базарымен аяқталды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді. Осы мәселені назарына алған Р. Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті. ⠀ «Тазалық жинаған жерде емес, ...

Толығырақ »

БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып,ел игілігіне беріледі. Олардың 8-і жаңа әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан болса, қалғаны рухани-мәдени аймақта бой тіктейді. Нысандар ішінде басқармалар үйі, Конгресс холл, драмма театр, 8 мың орындық стадион мен Атракционды саябақ бар. Бүгінде барлық ғимаратта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында облысымыздың сәулетшілері мәлімдеді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына ...

Толығырақ »

Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қошқарата ауылдық округі Мәдениет үйінде 2020 жыл «Волонтер жылы» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті. Аталмыш сайыста 14 өзге ұлт өкілдері қатысып 5 кезең бойынша бақ сынасты.Нәтижесінде №43 Болашақ жапы орта мектебінің оқушысы Тұрғанбекова Сапаркүл ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы ...

Толығырақ »

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН КҮРЕС

Өртті алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған немесе газдан уланған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас. Міне, сондықтан өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын — алу мақсатында аудан көлемінде «Сенбілік» іс-шарасы өтті. Оған департаменттің эілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Досанұлы, ерікті студенттер, «ҚазТрансГазАймақ», жергілікті полиция ...

Толығырақ »

Бас ақын өлеңдері насихатталды

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеште алдымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған бұрыш ашылып, Абай мен әжесі Зеренің арасындағы диалогтан көрініс қойылды. Буккроссинг бұрышы таныстырылды. Әдеби-сазды кеш шымылдығын тіл маманы Майра Жақыпова Абайдың «Татьянаның Онегинге хаты» ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Көкмардан Қалажұрты

Көкмардан Қалажұрты, Б.З. I — Vii Ғғ. Көкмардан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т444709 UTM 4732986. Отырар қалажұртына дейінгі текелей қашықтығы – 20 км, Арыстың қазіргі арнасы мен Шәуілдір ауылынан 7 км. Төбедегі қазба жұмысын 1977, 1978-83 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) жүргізді. Көк-Марданның қирандылары екі бөліктен, яғни негізгі ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Жалпақтөбе қалажұрты

Жалпақтөбе қалажұрты Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы. Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз. I-XIII ғғ. (археол.). Қоғам ауылынан солтүстік — батысқа қарай 17 км жерде, Отырар төбеден батысқа қарай ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Алтын төбе қалажұрты

Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы. Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бірінші ғасырлары — 11 ғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 5,5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 437102 UTM ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАСЫ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан–ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жобасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен тарих перзенттерінің бірі – Әбу Насыр Әл – Фараби. Ол Отырар ...

Толығырақ »

АБАЙ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Биыл Бас ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орй, еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар өткізіліп, ақын мұралары кеінен насихатталуда. Жамбыл атындағы жалпы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу қарсаңына «Абайды білмек керек, ойлы жасқа » тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің аралығында онкүндік іс-шара өткізілді. Онкүндік барысында «Асыл ...

Толығырақ »

СОFЫСТЫҢ ОТ-ЖАЛЫНЫ ШАРПЫFАН

«Темірлан» орта мектебінде Кеңес әскер­лерінің Ауғанстаннан шығары­луының 31 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ауған соғысы жәйлі кеңінен мәлімет беру, патриоттық рухы жоғары жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, сол қырғында опат болғандардың рухына тағзым ету. Ауған соғысы ардагерлері аудандық ұйымының төрағасы Е.Бектаев сол бір қасіретті күндер жөніндегі естеліктерімен бөлісті. Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл ...

Толығырақ »

ҚАҒАЗСЫЗ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНА ӨТУ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағұловтың бастамасымен 2017 жылдың 7 қыркүйегіндегі өткен үкіметтік ақпараттандыру бойынша №01-8/05-1757 хаттамасының 3 тармағына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз құжат айналымына өту үшін ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау тапсырылған. Түркістан облыстық Әділет департаменті барлық қала, ауыл округтері, кент әкімдері аппаратының нормативтік-құқықтық актілерін электронды құжат айналымы арқылы әділет органдарында ...

Толығырақ »

ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР КАРАТЭ СПОРТЫНАН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жуырда ғана Шымкент қаласында Каратэ спорт түрінен “Спорттық жекпе-жек орталығы” жеке мекемесінің ашық біріншілігі өтті. Аталған дүбірлі додада жерлестеріміз 2 алтын , 2 күміс, 3 қола алқаға қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ 8-9 жас аралығында 30 келі салмақта сынға түскен Сапарбек Ғазиз және 10-11 жас аралығында 30 келіде Темірханова Ақниет алтыннан алқа тақса, 8-9 жас аралығында ұлдар ...

Толығырақ »

“ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ!” ҰРАНЫМЕН СПОРТТЫҢ 9 ТҮРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫСТАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жуырда Шардара қаласында, Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым!» атты ұранымен Шардара аудандық жекпе-жек және күш спорт түрлері спорт клубының жасөспірімдер арасында армрестлинг, гір көтеру спорты және дзю до, ауыр атлетика, грэпплинг, самбо, бокс, таэквон до ITF және каратэ спорт түрлерінен ашық біріншілігі өтті. Жарыстың ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз кезегін алған Шардара аудандық жекпе-жек және күш ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС: «Қамқорлық» жобасына қатысып жатқан 93 отбасыға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде

«Көш жүре түзеледі»- деген дана халқымыз, қандай да мәселені шешу үшін уақыт қажет екендігін меңзеген. Бүгінде өңірімізде халық игілігі үшін көптеген жобалар іске асуда. Соның бірі, «Қамқорлық» жобасы. Жоба аясында, Түркістан облысының басқа аудандарымен қатар, Түлкібас ауданында да белгілі бір себептермен қиын сәттерді басынан өткеріп жүрген отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейшілік шегінен шығару шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА «АЛ,ҚАНЕКИ ЖАСТАР!» ӘСКЕРИ — СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«АЛ,ҚАНЕКИ ЖАСТАР!» АТТЫ ӘСКЕРИ — СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ. Түлкібас ауданы «Ломоносов» МГ. ұйымдастыруымен «Ал, қанекей жастар!» атты әскери – спорттық байқауы өткізілді. Іс-шара барысында: Ауған соғысының ардагерлері В.Коробейников және Архабаев Қуанғали ағаларымыз жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, алдағы байқауға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушы командалар келесі турлар бойынша сайысқа түсті: 1.Саптық жүріс; 2.Әскери ән орындау; 3.Газтұмылдырғын кию; 4.Білтемірге тартылу; 5.Оқжатарды оқтау; 6.АК ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ЖАЙДАРМАНДА ЖҮЗДЕСТІ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «2020 жыл – Еріктілер жылы» аясында арнаулы орта оқу орындары мен мектеп оқушылар арасында Жетісай қаласы мен қала маңындағы ауылдық округтердің жайдарманшыларының 1/2 ойындары өтті. Жастардың бойындағы мәдениеттілік пен рухани адамгершілікті дамыта отырып өнер-білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысты. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлының қолдауымен өткен жылдың қазан айында бастау ...

Толығырақ »

ӨМІРІМ СЕНІ СҮЙЕМІН, БАСЫМДЫ САҒАН ИЕМІН

Жетісай қаласы №9 Д.Қонаев атындағы ІТ лицейінде Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен оқушылардың бір-біріне сыйластығын, сенімін арттыру мақсатында «Өмірім сені сүйемін, басымды саған иемін» атты семинар  -тренинг өтті. Іс-шараны психологтар Г.Султанова, А.Ерубай жүргізіп, оқушыларға топтық жұмыстар және түрлі психологиялық жаттығулар жасатты. Оқушыларға жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ КІШІ ФУТБОЛ ТҮРІНЕН «СТУДЕНТТІК ЛИГА» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУІ ӨТТІ

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Хамза» футбол алаңында спорттың кіші футбол түрінен аудандағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік лига» ойындарының екінші айналымы өтті. ⠀ Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік фактілерін болдырмау, олардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге дағдыландыру, спортпен тұрақты түрде шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау ...

Толығырақ »

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫМЕН ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясының «Қамқорлық» акциясына отырарлықтар белсенді түрде атсалысып, үн қосуда. Бұған дейін бірнеше қамқорлық шараларын ұйымдастырып, аз қамтылған, көмекке мұқтаж екі отбасыға тұрғын үй алып берген ауыл азаматтары қамқорлық жасауды өзара жарысқа айналдырған секілді. Бүгін осы игі шара аясында ауданымыздағы тағы да бір отбасы баспаналы болды. Шәуілдір ауылында 18 жылдан астам уақыт бойы пәтер жалдап келген Бейсенбиев Пернебайдың ...

Толығырақ »