Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 01.05.2020

ТҮРКІСТАН: 300 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ БАЛАЛАР ҮЙІ ЖӘНЕ ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ЖЕТКІЗІЛМЕК

Түркістан облысының әкіміӨмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша өңірде өсірілген 300 мың тоннаға жуық қырыққабат дақылын еліміздің өзге облыстарына келіссөздер жүргізу арқылы жөнелту қолға алынды. Міне бүгін осы тапсырма аясында Жетісай ауданынан 250 тоннаға жуық қырыққабат тиелген 10 жүк көлігі жолға шықты. Бұл орамжапырақтар «Дегдар» қайырымдылық қоры арқылы еліміздегі барлық балалар үйлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілмек. Бұдан бөлек, Жетісай ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты. «Әлем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды. Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтанда аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

4 МАМЫРДАН БАСТАП…

Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 5 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда. 1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ДИСТРИБЬЮТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақтаарал ауданының еңбекқор диқандары биыл 351,5 гектар жерге қырыққабат егіп, қазірдің өзінде 3584 тонна өнім алып үлгерді. Әрине, еліміздегі Төтенше жағдай мен күллі әлем халқын үйінен шығармай қойған пандемия қырыққабат өнімінің сатылуына кедергі жасап, нарықтағы бағасын күрт төмендетіп жіберді. Бұған дейін шаруалар еліміздегі барша блокбекеттерден кедергісіз өту үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан барлық облыстармен меморандум түзіліп, «Біз біргеміз!» логотипін ...

Толығырақ »

РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ОРАЛУДА

Елімізде төтенше жаңдай жарияланғаннан соң көптеген отандастарымыз түрлі жағдаймен алыс-жақын шетелде болды. Осы орайда мемлекетіміз азаматтарын елге аман –есен жекізу бойынша көптеген шаралапр қолға алып, нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінде Ресей Федерациясында білім алып жүрген Түркістан облысының студенттері елге оралуда. Тексеруден өткен жастарды азық-түлікпен және көлікпен қамтамасыз етуде Түркістан облысы әкімдігі мұрындық болуда. Осы игі бастама арқасында соңғы аптада 30-ға жуық ...

Толығырақ »

НҰРБОЛ КЕТСЕ, НҰРЛАН КЕЛДІ…

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданының әкімі болып Байғұт Нұрлан Мархабатұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін бірқатар маңызды жобаларға бағыт берді. Нұрлан Байғұт 1974 жылы 21 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН!

Құрметті қауым! Қадірлі Түркістан жұртшылығы! Сіздерді жыл сайын мамыражай мамыр айында келетін татулық пен бірліктің мерекесімен құттықтаймын. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің саяси әрі рухани мәні зор. Қазақ халқы ықылым заманнан бері мейірбандығымен, қонақжайлығымен, гуманистік көзқарасымен танылған. Ұлы дала елі тағдырдың жазуымен көшіп келген сан түрлі этностарды құшақ жая қарсы алып, қорған бола білді. Осы ізгі қасиет ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДАН ЖЕТКЕН ЖЕДЕЛХАТ

Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ – ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Ордабасы ауданы әкімінің лауазымына Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ө.Шөкеев таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Аймақ басшысы жаңа аудан əкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы ...

Толығырақ »

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді. Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

Жер-жаһанды жайлаған вирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде бірқатар құрылымдардың қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Солардың бірі әрі негізгісі індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласының мамандары. ​ Бүгінде қалалық №5 емхананың медағасы болып жұмыс істейтін Айбек Жандарбек Шымкенттегі Қызылсу блок-бекетінде кезекшілікте тұр. Карантин кезінде рұқсат қағазы бар азаматтарды жіті бақылаудан өткізіп, арнайы құрылғылар көмегімен тексеретін маман қандай да бір ауру ...

Толығырақ »

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҮН ҚАТТЫ

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматша, кәсіпкер Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы Үндеу тастаған «Ауыз ашар» челленджіне Келес аудандық маслихат депутаты, маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі жомарт азамат Нұралы Давлетияров үн қатып жалғастырды, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Халық қалаулысы «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Ауызашар» ретінде ...

Толығырақ »

ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ОРАСАН

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...

Толығырақ »

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының үйлестіруімен ​ ауданда жүріп жатқан «Ауыз ашар» челленджін Келес ауданының белгілі кәсіпкері, партия мүшесі Әбдіғаппар (Әбен) Ордабаев мырза қолдап, жалғасын тапты, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні жаны жомарт кәсіпкер Әбдіғаппар Ордабаев «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында партияның «Ауызашар» ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және ...

Толығырақ »

64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​ Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан ...

Толығырақ »

534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Толығырақ »

ГҮЛДЕР ЖАҚЫН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

«Ханжук» шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді. Жылыжайдағы әр гүлді жеке стақанда өндіріп, сәуір, мамыр айларында сатылымға шығаратын кәсіпкер шаруашылығын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап көрді. «Ханжук» шаруа қожалығы өндірген гүлдер еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласынан бастап, Өскемен ...

Толығырақ »

8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Толығырақ »