Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 03.05.2020

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды DIDARBEK.kz облыс әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. Жексенбі, 3 мамыр күні азық — түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері Түркістан облысына аттанды. «Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық — түлік өнімдері жиналды. ...

Толығырақ »

ШӨКЕЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА АТТАНДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен «Қазсушар» мекемесінің жауапты мамандары Мақтаарал ауданындағы су тасқыны мәселесін реттеу бойынша Өзбекстан Республикасының Сырдария облысына аттанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кезекті брифингте мәлімдеді,  деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, тасқын суды тоқтату бойынша Қазақстаннан барған топ тиісті министрлік өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Суды жіберу жұмыстарын ...

Толығырақ »

Б.ТӘЖІБАЕВ: ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРУГЕ ЕМЕС, БІРІКТІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕЙІК!

Қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» деген мақал бар. Мән беріп қарасаңыз, мағынасы өте терең. Биыл 1 мамырда Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының іргесі сөгіліп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жақсы білесіздер. Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы топ Өзбекстанға аттанды. Ол жақта Су шаруашылығы министрлігімен ашық келісссөздер жүргізуде. Сонымен бірге барлық құрылымдар күндіз-түні тынымсыз жұмыстар жүргізуде. Дәл қазіргі ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған — туыстарының үйлеріне орналасқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ: ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ ЖАППАЙ САТЫП АЛУ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті. Өңірлердің әкімдіктеріне Түркістан облысындағы қырыққабатты жаппай сатып алу туралы тапсырма берілді, деп жазады primeminister.kz -ке сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге екінші көктемгі егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан және ...

Толығырақ »

ТАҒЫ 3 АУЫЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Бүгін Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 «Ташкент-Термез» трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда. Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын ...

Толығырақ »

Ө. ШӨКЕЕВ: ХАЛЫҚҚА ЖАН-ЖАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ

Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ол халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ең алдымен эвакуациялық пункттерге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛҒА БАРЛЫҚ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

«Су – тілсіз жау» демекші, қазір барлық күш Мақтаарал өңіріндегі тасқын сумен күресуге жұмылдырылған. Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Қазірдің өзінде 3600 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарының су астында қалып, зардап шеккені анықталған», деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...

Толығырақ »

3 ЖАСАР ҚЫЗ АНАСЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері 3 жасар қызды үйіне, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 30.04.2020 жылы күндізгі уақытта Арыс ауданы Монтайтас бекетінде төтенше жағдай режимін сақтау бойынша қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерлері жолда жылап жүрген кішкентай қызды байқайды. Учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Батыржан Салыбаев балаға келіп, ата-анасының қайда екенін сұрайды. Нақты жауап ала алмаған соң, ...

Толығырақ »

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Келес ауданы əкімдігінің қызметкерлері мен Келес аудандық полиция бөлімінің полицейлері Мақтаарал ауданының Фирдоуси елді — мекенінде құтқару жұмыстарын жүргізуде. Көмек қолдарын созып, қалып кеткен тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз аумаққа шығаруда. Осындай кезекті көмекті полицейлер жасады. Төтенше жағдай жарияланған кезде, үйінде қалып қойған егде жастағы азаматты тауып, қайықпен қауіпсіз аймаққа алып шықты. Осылайша қиын сәтте жәрдемші болған барлық қызметкерлерге ауылдың ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1942 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматша үй жағдайында өз бетінше емделіп, медициналық көмекке жүгінбеген. Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқас коронавирус ошағынан анықталды. ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯДА ПАТРИОТТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Мақтаарал ауданы, Фирдоуси ауылындағы мектеп ғимаратының ауласын су басқан тұста Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Есімжан Надиров мемлекеттік тудың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп жазады Түркістан облыстық Полиция Департаментіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Биік тұғырда ілініп тұрған туды шешіп алып, құрметпен орап, қауіпсіз жерге алып шықты. Тәртіп сақшысының бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті тәнті етті. ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: ТАСҚЫН СУДЫҢ ШЫҒЫНЫ ЕСЕПТЕЛУДЕ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстармен Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр. Бүгін бұл туралы Мырзакент кентіндегі штабтың баспасөз орталығында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Басқарма орынбасарының айтуынша, ...

Толығырақ »

ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

2020 жылғы 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасы «Сардоба» су қоймасында орын алған апатты жағдайға байланысты Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекендері судың астында қалды. Орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мақтааралмен іргелес жатқан Жетісай ауданында да бірқатар эвакуациялық орындар дайындалған болатын. Бүгін Мақтаарал ауданына қарасты «Өргебас» ауылынан эвакуацияланған адамдардың ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. Зарыға күткен бейбіт күндерде ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданы Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекеніне жауапты болып бекітілді. Ауданға бекітілген аумақтағы жағдайды толық бақылауда ұстау мақсатында Сарыағаш ауданының штабы құрылып, елді мекеннің кіріс – шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылды. Сарыағаш ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің 100 қызметкері жұмылдырылып, көшелерде патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМЫ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Халықаралық Ислам қайырымдылық ұйымы 120 отбасыға көмек көрсетті, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы. Бүгінгі таңда Төлеби ауданында Республикалық «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясындағы қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Осы орайда аудан аумағындағы көп балалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, әлеуметтік аз қамтылған 120 отбасыға азық-түлік түрінде көмек үлестірілді. Әр қорапта 20 мың теңге ...

Толығырақ »

СЕЛДЕН 620 ҮЙ ЖАПА ШЕККЕН

Түркістан облысында селден 620 үй жапа шеккен, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл ...

Толығырақ »

АҚ КІЛЕМНІҢ ТАЛҒАТ ДЕГЕН АТАСЫ

Талғат Ысқақов бауырымыз талай биіктерді бағындырып келе жатқан, әрдайым үздіктердің қатарында көрініп жүрген абзал азаматтарымыздың бірі. Қазақ кілемдерін қайта жаңғыртып, әлемге таныта білген бүгінгі күннің кәсіпкері. Абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп жүрген – өзінің ерен еңбегі. Өте елгезек, бауырмал жан. Айтпақшы, Талғат-бауырымызды демалыс күндеріне сәйкес келген туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла ісіңізге абырой беріп, мәртебеңізді биіктете берсін! Әр қадамыңыз берекелі ...

Толығырақ »

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...

Толығырақ »

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...

Толығырақ »