Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 06.05.2020

ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ПЕН КОМСОМОЛ КАНАЛЫН АРАЛАДЫ

Өткен жылы «Ауданды дамыту» жобасы бойынша орталық саябаққа аббаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Жүргізілген абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде орталық саябақтың келбеті өзгеріп, кіре берісіне қақпа орнатып, ісшара өтетін арнайы сахна мен алаң жасалып, түрлі балалар ойнайтын алаңшалар, субұрғақ, автотұрақ салынып, ауыл тұрғындары демалатын орындықтар қойылған болатын. Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков осы абаттандыру жұмыстары жүргізілген орталық саябақты аралады. Аралау барысында құрылыс жұмыстарын ...

Толығырақ »

ЛЕНГІРДЕГІ СЕЛ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған жедел штаб отырысы өтті. Штаб жиынында аудан басшысы «Ленгерка» өзенінің арнасынан асуынан орын алған төтенше жағдай залалдарын толықтай жоюды тапсырды, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Дәл қазіргі уақытта аталмыш жұмыстарға аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі,«Қазселденқорғау» мекемесі тарапынан 126 қызметкер, ...

Толығырақ »

5 БӨЛМЕЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны төрт баланың әкесі Бақытжан Ынтыбаевқа ауданның жомарт жандарының бірі «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-нің төрағасы Ерболат Мырзабеков өз қаржысы есебінен сатып алынған 5 бөлмелі тұрғын үйді тарту етті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, қоныстой иесі Бақытжан Ынтыбаевқа шаңырақтың шаттығын тілеп, естелік сыйлық тарту етсе, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша ...

Толығырақ »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ — БЕРЕКЕЛІ ЕЛ

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округ тұрғындары Мақтаарал ауданындағы тасқын судан жапа шеккен елді-мекен тұрғындарының жағдайын ести сала еріктілер, кәсіпкерлер мен ауыл халқы бірлесе отырып, көмек қолын созуға асықты. Ауыл халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірауыздан Мақтаарал халқына азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар, көрпе-төсек және күнделікті тұтынатын қажетті заттар алып, тарқатты. Ауыл әкімі өз атынан 500 нан жіберді. ...

Толығырақ »

ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚТАН АЯҚ-КИІМГЕ ДЕЙІН

Көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Арыс қаласы тұрғындары бұдан сырт қалмады. Қала әкімдігі мен қала тұрғындары зардап ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫ АРТУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы білім беру нысанының алғашқы кірпішін қалады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі. Шымкенттегі №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша 21195 азамат Ұлы Отан соғысына аттанып, 8115-і еліміздің бостандығы мен жеңіске жету жолында сұрапыл соғыста қаза тапты. Бүгінгі таңда ауданымызда 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-уі теңестірілген, 838- тыл еңбеккерлері және 15 ҰОС ардагерлерінің жесірлері бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, аудан басшылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтады. Құттықтау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің ...

Толығырақ »

АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Биыл ұлы жеңіске 75 жыл. Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Осы жеңіс жолында қаншама аға буын аталарымыз ерлікпен елін қорғады. Мереке қарсаңында төтенше жағдайлар басқармасы Қаратау ауданында тұратын қарт майдангерді құттықтады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қалтай ата 1943 жылы 18 жасында Шымкенттен петропавл қаласына барып алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Содан жапон соғысына аттанып байланысшы қызметін атқарады. Соғыстан оралған ...

Толығырақ »

ЛЕНГЕРКА ӨЗЕНІНІҢ ТАСУЫ БОЙЫНША ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

06.05.2020 жылы сағат 18.00 шамасында Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Ленгерка» өзенінің су деңгейі нөсер жаңбырдың салдарынан 3 есеге көтерілуіне байланысты жедел штаб құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Аталған өзен бойындағы Жамбыл көшесіндегі 2 үйге су кірген, сонымен қатар Жамбыл, Сейфуллин, Төлеби, Сәулембаев, Таскешу көшелеріндегі 6 сарай, 16 ауланы, 1 гараж, 1 монша, 1 жазғы асхананы су шайып өтті. Одан бөлек, аталған ...

Толығырақ »

«ПОМНИТ СЕРДЦЕ, НЕ ЗАБУДЕТ НИКОГДА»

АНДРЕЕВ Алексей Семенович родился 30 марта 1928 года в деревне Старо-Логиново Дзержинского района Омской области. Школу закончил 6 классов, уже 1941 году началась война. Отец ушел на фронт, мать осталась одна с шестерыми детьми. Далее учиться ему не было возможности, он стал работать в колхозе «Красная заря», помогать матери. Призвали в армию 18 декабря 1948 году, пришлось служить в войсках ...

Толығырақ »

ӘР ТҰРҒЫНҒА 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНЕДІ

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Мырзакент елдімекенінің ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі аладағы мектептер мен балабақшаларды аралады. Мұрат Әйтенов Х. Досмұхаметов атындағы №4 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алғаш білім ошағының іргетасы 1939 жылы қаланған. Кейіннен 1991 жылы жаспарлас ғимарат бой көтеріп, мектеп кеңейе түскен. 1200 орындық білім ордасында бүгінде «Югстрой сервис-Н» құрылыс компаниясы күрделі ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі жұмыс сапарымен аудандағы Мичурин ауылдық округінде болды. Елімізде орын алған төтенше жағдай барлық кәсіпкерлерге оңай тимегені белгілі. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі округ аумағындағы карантин режимінен кейін қайта жұмысын бастаған кәсіпкерлік нысандарды аралап бүгінгі жай — күйімен танысты. Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы балалар оңалту орталығын күрделi жɵндеу нысанында болды. Әлеуметтік нысан құрылысын аралау барысында аудан басшысы ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

  Шымкент қаласының аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы болғандықтан, банктерге тұрғындар зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптен жиналып жатқаны белгілі. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған. Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы «Халық Банк» бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі «Хоум банк» және «Халық Банк» бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Қиын-қыстау кезеңде ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨБЕЙЕДІ

Үшінші мегаполисте көпқабатты түрғын үйлер көбейеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. — Қала экономикасының маңызды саласының бірі – құрылыс. Биыл қалаға 250 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, оның ішінде 121 млрд теңгесі құрылысқа тиесілі. Негізгі басымдық — көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы. Қалада жалпы алаңы 1 млн шаршы метр, 13 384 ...

Толығырақ »

АЛТЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА КЕЛІСІМШАРТ ТҮЗІЛДІ

Шымкентте алты мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті,  деп жазады DIDARBEK.kz. — Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«Ордабасы» футбол клубы Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті, деп жазады «Ордабасы» футбол клубының ресми парақшасына сілетеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарттық агенттігі. «Ордабасы» футбол клубының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Клубтың қызметкерлері апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық — түлік және ең қажетті заттарды жеткізіп берді. «Ордабасы» ФК спорттық директоры Қайрат Әшірбеков: — Басшылық, бапкерлік штаб, футболшылар және клубымыздың әкімшілігі ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТІҢ ЖОЛЫ ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ

ӨТЕШОВ Асқар, ҰОС ардагері ӨТЕШОВ Асқар Даражанұлы, 1924 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айында Қызыл әскер қатарына алынып, майданға аттанады. Белоруссия және Брест-Польша шекарасында қызметте болды. Баронович қаласындағы 24-ші дивизияның 86-шы шекарашылар отрядында қалтқысыз қызмет еткен. 1945 жылғы көптен күткен Жеңіс күнін ол осы қалада қарсы алады. Көп ұзамай әскер қатарынан босатылып, туған қаласы Ташкентке қайтып оралады. ...

Толығырақ »

ИГІ ІСТЕР УАҚЫТЫ

#Игіістеруақыты. Осындай атаумен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен игі істер атқарылуда. Биылғы еріктілер жылы аясында департамент қызметкерлері ҰОС ардагері Әли Әскеровті Жеңіс күні мерекесімен құттықтап барды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ф.Құрманбектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 98 жасында  Түрік  әнін шырқап отырған  Әли ақсақал  1922 жылы Грузияда дүниеге келген. Соғысқа туған жерінен 20 жасында аттанған. Сталинград майданында 65-ші атқыштар бөлімшесінің ...

Толығырақ »

200 ТОННАҒА ЖУЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ

Мақтарал ауданына 200 тоннаға жуық азық – түлік көмегі жеткізілді, деп жазады облыс  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдауда. Қазірдің өзінде Атакенттегі арнайы дайындалған қоймаға 200 тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды. Ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫ

Ел басына күн туған қаһралы жылдарда жау бетін қайтаруға Қазақстаннан жалпы 1 млн 400 мың адам аттанып, 600 мыңы елге қайта оралған жоқ. Оның ішінде тек жүрек жұтқан ерлер ғана емес, нәзікжандылар да бар еді. Олар майданның әр тұсында, түрлі әскери құрамаларда жүрді. Солардың бірі – Рәзия Ысқақова болатын. 1939 жылы Шымкент медицина техникумын бітірген қызылордалық қыз соғысқа бастан аяқ ...

Толығырақ »

11 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981, жылы туған қала тұрғындары. Дертінен айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6 мамыр күні ауруханадан шығарылды. Айта ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР КӨП

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін бірден-бір сала кәсіпкерлік саласы. Бүгін Тастұмсық ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандармен қатар жеке кәсіппен шұғылданып жатқан шаруалардын да жұмысымен танысты. Бірінші кезекте Нұрлан Мархабатұлы Тастұмсық ауылдық округіне сапарын «Нұр бала» балабақшасының жұмысымен танысудан бастады. Карантин режиміне байланысты уақытша жұмысы тоқтап тұрған 75 орындық балабақшада 19 қызметкер жұмыс ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді. Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фердоуси, ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ТӘЖІ НҰРХОЖАЕВ

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздер мен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын ...

Толығырақ »