Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 07.05.2020

ШТАБ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтарда жұмыс қызу үстінде. Бүгінде штаб мүшелері бекітілген тапсырмалар мен міндеттемелерді мұқият қарап, жұмысқа жұмыла кірісуде. Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа Келес аудан әкімі аппаратының қызметкері Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда. Жалпы Келес ауданы әкімінің аппарты, дербес бөлімдер және ауылдық округтерінің мамандарынан жасақталған топ, тасқын судан зардап шеккен Фирдауси ауылы тұрғындарының ...

Толығырақ »

ФИРДАУСИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АҒАЙЫН БОЛЫП КЕТТІК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы №42 М.Тоқжігітов мектебі эвакуациялық пункттің бірі  болып бектілген, оған жауапты Келес ауданының әкімдігі.  Жалпы аталған эвакуациялық пунктте 120 Фирдауси ауылының тұрғындары жайғасқан. Тұрғындар 3 мезгіл ыстық тамақпен, қажетті киім-кешекпен толық қамтылған. Эвакуациялық пунктте жауапты болып, Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінің бас маман іс басқарушысы Сәбит Ботбаев тағайындалған. Келестік мемлекеттік қызметкер: «Қазір Фирдаусидың тұрғындарымен ағайын, жақын болып ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШУДЕ

Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды. 112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмек беру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жол ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ЗАКИР МУСАЕВ

Кентау қаласы Ескі Иқан ауылының тумасы, соғыс ардагері Мусаев Закир » Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына» орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Мусаев Закир — 1925 жылы 1 қаңтарда Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкеcінен тоғыз жасында айырылып, 1934 жылы анасы мен қарындасына қамқор болып, колхозда істеп жүрген кезінде 1943 жылы Кеңес ...

Толығырақ »

КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тасқын судың зардабын шеккен эвакуациялық пунктердегі азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы қойма жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай тұрақталып, әкімдік қызметкерлері және ерікті жандар тынымсыз қызмет етуде. Бүгінде  “ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫНЫҢ” жұмысы қызып, еріктілеріміздің саны күннен күнге артуда. Арнайы қоймаларда азық-түліктен басқа жеке бас гигенасына арналған заттар, киім-кешектер жиналуда. Бүгінге ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ҒАНИ САРАМСАКОВ

ҒАНИ САРАМСАКОВ Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылының тумасы, соғыс ардагері Сарамсаков Ғани «Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына» орай ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Сарамсаков Ғани – 1922 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Майданға 1941 жылдың 17-ші қарашасында аттанып, ІІІ – Украина майданында 519-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. Румыня, Венгрия, Югославия елдерін азат ...

Толығырақ »

ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ӨНІМ АЛУДА

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс сапарын Келтемашат ауылдық округіндегі «Болат» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады, деп жазады Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шаруа қожалық жылына 30 соттық жылыжайға екі рет қызанақ егіп, 60 тонна өнім алуда. Шару қожалықтың төрағасымен сұқбат құрған аудан әкімі бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдауларды кеңінен түсіндіріп, кәсібін ұлғайтқысы келген ...

Толығырақ »

ТЕМІРДЕН ӨРІЛГЕН ӨРНЕК

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков іс-сапарын 50 мыңнан астам халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінен бастады. Мұнда ата кәсібін заманға сай дамытып келе жатқан Атабек Әбдіғаниевтің шеберханасына барып, кәсіпкермен сұхбаттасты, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атабек Әбдіғаниевтің шеберханасында 8 адам жұмыс істейді. Олар темірді иіп, көздің жауын алатын түрлі бұйымдар дайындайды. — Әкемнің темір сатумен айналысқанына ...

Толығырақ »

«JAS OTAN» ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті ...

Толығырақ »

ЕРЛІКТЕРІ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Қадірменді шардаралықтар! Құрметті әскери қызметкерлер! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен және Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл – аға буынның жанқияр ...

Толығырақ »

ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Құрметті түлкібастықтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Бүгінде еліміздің әскері егемендіктің тірегіне, бейбіт өміріміздің тұрақтылық пен тыныштықтың кепіліне айналды. Күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқан мемлекетіміздің әскерін еліміздің барша халқы мақтан етеді. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАРАТ МАРАПАТТАЛДЫ

Ішкі істер саласының қызметкерлері өздерінің қызметтік және азаматтық борышын орындау кезінде күнделікті өмірлеріне қауіп төнеді, адамдарды апаттан құтқарады және өмірлік қиын жағдайларда көмек көрсетеді. Бүгін осындай батыр полицейлерді ҚР ІІМ-нің өзі марапаттады. Марапатталғандардың арасында мұз астына батып бара жатқан баланы құтқарған ТО ПД-нің полицейі Марат Рахметұлы бар. Ол Жетісай АПБ-нің анықтаушысы, полиция капитаны лауазымында қызмет атқарады. Мараттың батырлығы турасында нақтырақ ...

Толығырақ »

ЖҮЗДЕН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция Департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов Полиция департаментінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада  арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлері мен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІНІ ҚУАНТАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ұлы Отан соғысына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың ...

Толығырақ »

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. Чернобыль ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЙБЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

Бақытжан Әшірбаев, Чернобыль ардагерлері Республикалық Одағы үйлестіретін кеңесінің төрағасы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының «Ардагерлер туралы» арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, ...

Толығырақ »

ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ АЙБАРЛЫ КЕЛЕДІ

Құрметті төлебиліктер! Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн. Бұл күн Отанымызға қызмет етіп, еліміздің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын, оның тарихи жеңісті дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан барша азаматтарға ерекше құрмет болып табылады. ...

Толығырақ »

340 АБОНЕНТ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ауылдық округтерінің орталық көшелерін аралап, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстарымен танысты, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Сондай-ақ, карантин режимінде жұмысын бастаған кәсіпорындардың жағдайын көріп, баға тұрақтылығын назарға алды. Қарабұлақ ауылының орталығы – Рустемов көшесінің бойында кәсіпкерлік нысандарды әрлеу құрылыс жұмыстары ауданның бас сәулетшісі ұсынған жобалар ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ БЕРІЛГЕН ӘДІЛ БАҒА

Қолданысқа енген ҚР «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлердің үмітін ақтайтынына сенімім мол. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мерейлі мереке ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық. Өйткені, мұндай заң ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Заңның қабылдануы өте құптарлық дүние болды. Өйткені осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз қандай құрметке болса да лайықты. ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН НАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Исамуддин РЫСБАЙ, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы: АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН НАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңда қазіргі заманның ағымына сай, көптеген өзгерістер енгізілген. Мәселен, қолданысқа енген заңның басты мақсаты — қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалған. Ұлы ...

Толығырақ »

ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Сарыағаш ауданының әкімдігіне бекітілген Игілік ауылындағы орта мектептегі эвакуациялық ошақта Жаңатұрмыс ауылының 200-ден астам тұрғыны орналасқан. Барлық эвакуациялық орталықтар азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі ...

Толығырақ »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тұрғындарға бірінші кезектегі қажет заттар мен азық-түлік Мақтаарал ауданындағы апатқа байланысты құрылған штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Партия ұсынған ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ӨЗГЕШЕ

Ардагерлердің мәртебесі мен оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тетіктерін жақсарту көп жылдардан бері айтылып та, жазылып та жүрген жағдай екені аян. Расында, осы заңның үміт күткен ардагерлер көп еді. Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының, басқа да соғыстардың құрбандарына және елге аман-есен оралып, еңбекте де ерлік көрсеткен ата-апаларымызға арналған «Ерлік» музейі жұмыс істейді. Осы мекемеде еңбек ететіндіктен барша ардагерлердің, олардың ішінде еңбек ...

Толығырақ »