Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 11.05.2020

КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың шешімімен жарияланған төтенше жағдай режимі бүгін, яғни 11 мамырдан бастап күшін жойды. Алайда, бұл баяғы, баз қалпы өмірімізге толықтай қайта ораламыз деген сөз емес. Себебі, төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі сақталады. Яғни, барлық шектеулер бір сәтте алынады деуге ерте. ⠀ 4 мамырдан бастап біршама карантин шарттары алынып, саяжайға бару, есік алды балалар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылу күні кейінге шегерілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), ашылғаннан кейін де қызметтерді жаңа форматта көрсете бастайды. ХҚКО электрондық қызметтерді көрсетпейді, тек қана дәстүрлі қызметтер (қағаз жүзіндегі қызметтер /яғни/ жеке куәліктермен төлқұжаттарды ауыстыру, беру, жер учаскелерін рәсімдеу және жылжымайтын ...

Толығырақ »

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚ

Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр. Жергілікті халық үшін игілігі мол агрожобалар шетел технологиясымен салынған. Сондай жылыжайдың иесі Зиядолла Романов. Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Отбасылық кәсіпке айналған шаруақожалықты осыдан 5 жыл бұрын ...

Толығырақ »

8 380 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мемлекет тарапынан арнайы антикризистік шараларды қолдану арқылы, экономикамызды дамытуға тиісті қаржы бөлінген. Бұл ретте Шымкент қаласында да нақты шаралар қолға алынды. Қала бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 224 жобаны қаржыландыру мақсатында 45 млрд теңге қаржы бөлінген. Жобаны жүзеге ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң ...

Толығырақ »

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН БЕРІК

Таяуда ғана әлеуметтік желілерде танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың ит құшақтаған құтқарушыны түсірген суреті тез тарап,қызу талқыға түскен болатын. Оның аты-жөнін,қайда қызмет ететінін сұрап,қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ. Бүгін бір топ әріптестеріміз құтқарушыны топан су астында қалған Фирдауси ауылында кездейсоқ қызмет бабында кездестіріп қалыпты. Оның аты-жөні Берік Төлегенов. Ол бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет етеді. Берік ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛУДА

Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұдан бөлек, мұнда 1200 орындық мектеп, 250 орындық балабақша да салынбақ. Құрылысқа ...

Толығырақ »

ЕРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында  майдан даласында мерт  болған жауынгерлер ерлігін  есте сақтау бүгінгі ұрпақ парызы. Ордабасы ауданы Қайнар елді мекенінде «Ордабасы құс» ЖШС-нің басшысы Мұрат Тағаевтың демеушілігімен боздақтарға арналған ескерткіш тақта тұрғызылды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Ахметқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қайнар ауылынан соғысқа аттанған 141 майдангердің  есімі  енді  олардың  туған-туыстарының, ауылдастарының көз ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫНА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы мен себепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймада орнатылған 4 бейнекамера екі жүк қабылдау есігі мен ішкі шыға беріс жағына орналастырылуда. ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай тоқтатылды. Бірақ карантин кезеңі жалғасады. Себебі қауіпті вирус толығымен жойылған жоқ. 12-ші мамырдан бастап қаладағы барлық базарлар жұмыс істейді. Көптеген кәсіпкерлік нысандар іске қосылады. Осы айдың 25-не дейін жалғасатын шектеу мен жеңілдіктерді қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде баяндады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Мамыр айының 12-нен бастап қала ішіндегі ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС

«Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендіктен, карантин талаптары әлі де сақталады. Сондықтан сақтық шаралары жалғаса береді. Әсіресе құрылыс саласында. Карантин құрылысқа кедергі емес», -деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев лездемелік мәжіліс отырысында. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан қаласында бірқатар ғимараттар құрылысы аяқталуға таяды. Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласын жаңғырту ...

Толығырақ »

QNET –КОМПАНИЯСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Рамазан кешірім мен жарылқау айы. Сауаптан үмітті әрбір адам үлкен мүмкіндікті иеленуге асығады. Мұқтажға қол ұшын беруді мақсат тұтқан QNET –компаниясының қызметкерлері өткен жұмада «Біз біргеміз» акиясын ұйымдастырды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ф.Құрманбектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Төтенше жағдай кезінде  тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол ұшын беріп жатқандар жеткілікті. Қазақстанда 12 жылдан бері қызметін жалғастырып ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ТҮСУІ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісін жүзеге асыруда. Ол үшін арнайы есеп — шот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн. теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын ...

Толығырақ »

282 745 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкенттік 282 745 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. 2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ САҒЫНСАҢЫЗДАР…

Қоғамдық көлікті сағынсаңыздар, Сіздерді жақсы жаңалық күтуде. Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды. Ал, қоғамдық көліктерде азаматтардың карантин талаптарын қатаң сақтағаны дұрыс. Бұл туралы ақпараттық коммуникация — орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. — Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістанда облыс басшысы Ө.Шөкееввтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Апталықта Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы жайлы айтылды. Жаңадан іргесі қаланған ықшам ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына 600-ге жуық жұмысшы тартылған. Жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары. Ауданда су алған үйлердің, мал басы мен егістік ...

Толығырақ »

ТОҚАЕВТЫҢ ТОҚЕТЕРІ

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс режимі арқылы қатысты. Қ.-Ж.Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ...

Толығырақ »

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Көмек Байжанов майдан даласында ерлік көрсетіп, «Отан соғысы» орденінің 1 ші және 11 дәрежесімен наградталған жерлесіміз. Ерекшелеп айтып отырғанымыз, майдан өтінде жүріп «Отан соғысы» орденінің екі бірдей дәрежесін кеудесіне таққан майдангер санаулы. Жеңіспен қоса ерекше ерлігімен көзге түсіп, Отан қорғаған батырларымыз бүгінде ел есінде. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ СОҒЫС АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ

Жетісай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен көзі тірі бар-жоғы екі азамат қана қалған. Солардың бірі Нәлібай Мамадалиев пен Попков Пётр Кузмич. Мереке қарсаңында қос қарияның шаңырағына барып қайтқан аудандық ардагерлер мен әжелер алқасының төрайымы соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтап қайтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдымен құттықтаушы топ Нәлібай Мамадалиевтің  шаңырағына барды. 98 жастағы соғыс ардагері ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА ЖОҒАЛҒАН 4 ЖАСАР ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері жоғалған 4 жасар қызды тауып, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 10.05.2020 жылы таңғы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардан кішкентай қыздың көше бойында жылап тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Тез арада полицейлер айтқан мекен-жайға келіп, бір топ адамдар арасында адасып кетіп, жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Содан қыз балаға келіп, ...

Толығырақ »

АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шеккен ауылдарына келді. Атап айтқанда, министр Е.Тұрғымбаев тұрғындар қиын жағдайға тап болған Өргебас және Фердоуси ауылдарында жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының полиция және ТЖД ...

Толығырақ »

500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Састөбе кенті мен Балықты ауылдық округінде жұмыс сапармен болып, округтер аумағындағы кәсіпкерлік пен әлеуметтік нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты. Бірінші кезекте аудан басшысы ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын саналатын Састөбе кентіндегі «Састөбе ТЕХННОЛОДЖЕС» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Састөбе кентімен қатар, көрші жатқан ауылдық округтердің біршама тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында бүгінгі таңда 5 жүз адам екі кезеңмен жұмыс істейді. ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМЕКТЕСТІ

Түркістан облысы полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының полицейлері жауапкершілігі мол жұмыстарынан уақыт тауып, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Осы игі шараны жалғастырған Мақтааралдық полицейлер әдеттегідей бір кой сойып, оны үш бөлікке бөліп, жанына бірінші кезекте қажетті азық-түлік ...

Толығырақ »

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕК КӨРЕТІН ЖАСТАР КӨПТЕП ПАЙДА БОЛУДА

Әсет ӘССАНДИ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі: – Әсет Сандыбайұлы, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі болып сайландыңыз. Алдымен құрылғанына 2 жыл уақыт толған бұл топтың атқарып жүрген жұмыстарына тоқталмас бұрын, оның негізгі міндеті мен мақсаты жөнінде сөз бастасаңыз. – ...

Толығырақ »

ПІТІР-САДАҚА 370 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНІП ОТЫР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Әл-Фараби ауданы бойынша бас имам Керімбек Ахметжан Пірәліұлы онлайн сұхбат берді. Біздің дініміз-адал дін. Сонымен қоса Алла Тағала әр пендеге өмір берді. Ол өмірді дұрыс жолда, хақ жолында, тура жолда өмір кешіруіміз қажет. Алла Тағала осы қасиетті айда күнәләрімізді кешіріп, жасаған амалдарымызды, тұтқан оразаларымызды қабыл етсін.  Ораза ұстаушы жан тек уақытында жеп, ішу емес, ...

Толығырақ »